Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан


Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан

Абай қаласы №1 ЖББОМ







«Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан!»
Сынып сағаты





Орындаған: Малдыбаева А.К.






2014-2015 оқу жылы
Сынып сағатының тақырыбы: 15.12.14 ж.
«Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: Туған елі, Отаны-Қазақстан Тәуелсіздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, мемлекеттік тілді, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекіліктер: Буклеттер, қанатты сөздер, үлттық заттар.
Жылулық шеңбері: Оқушылар бір-біріне қарап жылы күлкілерін сыйлайды.
Мұғалім:Оқушылар бүгінгі сабағымыз тәуелсіздік күніне арналады. Сабағымыздың тақырыбы:
«Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан»
Мұғалім: Қазақстан егеменді ел тәуелсіз мемлекет.1991-жылы 16 желт оқсан күні тәуелсіздік күні болып жарияланды.Қазақстанның жері кең, табиғаты алуан түрлі.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Мұғалім: Сонымен балалар бүгінгі сабақты сайыс түрінде өткіземіз. Біз қазір үш топқа бөлінеміз.
1. Бәйтерек тобы
2. Ханшатыры
3. Пирамида
Мұғалім: Сайыстың бірінші кезеңі «бәйге». Бұл сайыста қай топ тез әрі түсінікті жауап берсе, сол топ көп ұпайға ие болады.
Мұғалім: - Қазақстанның жері қандай?
- Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
- Біздің Қазақстан егеменді ел тәуелсіз мемлекет.
-Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Сендер тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақ білесіңдер ме?
- Елбасымыз кім?
- Еліміздің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласында қандай көрікті жерлерді білесіңдер?
- Әр мемлекеттің өзінің рәміздері бар, сол сияқты біздің елдің де рәміздері бар
-Рәміздеріміз қандай?
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
суретші Шәкен Ниязбеков
- Кім ту туралы тақпақ біледі?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қандай балалар?
- Тақпақтар
- Қаз. Респ. Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
- Елтаңба туралы тақпақтар
- Гимніміздің сөзін жазғандар ?
- Әнін жазғандар?
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Тіл туралы тақпақ білесіңдер ме?

Сергіті сәті: Көк жалау желбіре
Асқақтап аспанға
Жас ұлан ел бірге
Сап түзе жасқанба
Кім жылдам ойыны: - Тұңғыш президентіміз кім?
-Қазақстан туының түсі қандай?
-Тәуелсіздік күні қай күн?
-Қазақтың ұлттық валютасы?
-Қазақтың ұлттық сусыны?
-Қазақ халқының тұрмыс үйі?
-Ақындар сайысы?
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
1.Отанды сүю- ........ басталады.
2. Ер қанаты-...........
3. Халық күші- ...күші
4. Отан оттан да-.....
5. Ел құлағы-......
6. Тіл қылыштан да- .......
7. Жері байдың- ....... бай

Мұғалім: Қаз. Респ. Қазіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын біз де бақыттымыз.
Ән: «Атамекен»
Бағалау: Топтарды бағалау
Қорытындылау: Біз не білдік?
Не үйрендік?
Қоштасу шеңбері: «Біз балдырған баламыз»






Абай қаласы №1 ЖББОМ
1 «А» сынып жетекшісі Малдыбаева Акылгул Курманиязовна
(Сынып сағаты)
Автор: dauke | 16-02-2015, 00:09
Қарау саны: 1461
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Жанбай Өзденбаев - 15 желтоқсан 2016 13:18
Тәуелсіздік қарты

Зер сал өмір парқына,
Бір кездегі нартұлға
Шөгіп қапты, апыр-ай,
Бөз жейделі қартың да.

Заманның жоқ тұрағы,
Жалаң уағда ұраны;
Қарттың еңкіш кеудесі -
Жазмыштың сұрағы.

Аштық деген мыстанға,
Ақыреттік қыстарға
Атқылаудан сарбазда
Ақырғы бір тіс қалған.

Сөзбен айтса сенгісіз,
Көпке сыры белгісіз
Бұл жампоздың көргені
Кей көсемге бергісіз.

Сыншыл зейін бейнесі,
Таңба толы зердесі-
Хатталмаған шындық пен
Жалғандықтың пердесі.

Қарайды қарт айнала,
Тағы ұран қайда да;
«Алға» деген бағдарлар
Боп жүрмесін айдала?

Даңғаза топ кісілер,
Дақпыртын кім түсінер;
Дана ойлы жауабын -
«Бір алланың» ісі дер.

Шапан қылған шинелін,
Шалды оңай демегін -
Талай басқан атамыз
Бодандықтың кемерін.

Жеткен рухтың маңызы,
Ақиқаты, аңызы,
Тани білсең сол қартты -
Тәуелсіздік рәмізі.

Өзденбаев Жанбай, 2016

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :