«Мен және табиғат» » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » «Мен және табиғат»


«Мен және табиғат»

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Құттықожа аулы №164 орта мектебінің
3- сынып оқушысы
Қалдар Арайлым
Тақырыбы: «Мен және табиғат»
Жетекшісі: Адилова Гулназ


Қазіргі кезде жер бетіндегі күллі адам баласын толғандырып отырған, толғағы жеткен өзекті мәселелердің негізгісі табиғат тағдыры болып отыр. Табиғат миллион жылдар дамып өркендегендіктен ондағы өзара байланыстылық өте тығыз болып келеді. «Адам табиғатпен өмір сүреді» деп жазған К.Маркс. Адам табиғаттан бөлініп кете алмайтын болғандықтан қазіргі кездегі барлық мемлекеттердің негізгі міндеттерінің бірі табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны таза ұстау болып отыр.
Қазақстан Республикасы жер шарындағы экологиялық мәселесі бар елдер қатарына жатады. Жақында ғана тоқтатылған Семей полигонының зардаптары әлі қанша уақытқа созылары белгісіз. Халқымыздың дарынды ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қасиетті жер ядролық сынақтардың орталығына айналып, қазақ халқы үшін қайғы бұлтын әкелген.
Ақын Кәкімбек Салықов «Дала» поэмасында жазғандай:
Сұлу Көкше, өр Алатау арасы,
Бәрі тұтас қазағымның даласы.
Сонша жерді сойылменен қорғаған,
Бабаларым осал емес шамасы-
Дегендей, сол бабаларымыздың ізбасары ақын О.Сүлейменов «Невада – Семей» халықаралық қоғамдық ұйымының президенті болса, Аралды құтқару қозғалысы туралы оның президенті М.Шаханов ағаларымыз жұмыстар жүргізді.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерді қозғай келе мен ғылыми жобаның тақырыбын : «Адам мен табиғаттың біртұтастығы» деп алып, жұмысты бірнеше бөлімге бөліп адам мен табиғат арасындағы байланыстардан туындайтын экологиялық мәселелер туралы зерттеп білгім келді.

Ғылыми жоба үш бөлімнен тұрады:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

Негізгі бөлімде: Адам мен табиғаттың біртұтастығы, табиғатты қорғау шаралары, табиғаттағы антропогендік өзгерістер, елді мекендерді көркейтудегі жасыл желектердің маңызы, жаңа қорықтар мен саябақтар, табиғи ортаның қазіргі кездегі ластануы туралы деректер қарастырылады.
Табиғаттағы барлық тірі және өлі ағзалар бір – бірімен тығыз байланысты. Жайшылықта жете көңіл бөлмегенімізбен, ара –тұра тереңірек үңілуге мәжбүр ететін, өскелең өміріміздің шын нәрі ауамыз бен суымызды, жерімізді аялай алудамыз ба? Міне, осы сауалдарға қалай жауап беруге болар еді.
Ата –бабамызды көздің қаашығындай қорғап, мұраға қалдырған қазақ жерінің асты –үсті тұнған байлық...
Осы байлықты дұрыс пайдалана білу және қорғап, сақтап қалу бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Адам ақыл –ойының нәтижесі алып тік ұшақтар, атом стансалары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар қауіп –қатер туғызуда.
Табиғат тозып бара жатыр, одан қоршаған орта мен адам денсаулығына келер залал ұшан теңіз. Әлемнің төрт бұрышына босып кеткеніміз қаншама. Сол тоз-тозы шыққан бауырларымыздың ұрпақтары Жер Ананың түпкір –түпкірінен «Елім, Отаным, Қазақстаным» деп есін жиып, енді –енді ғана елге қайтып келе бастағанда еліміз экологиялық апатқа ұшырап жатса, біздің елдігіміз қайда?
Туған жерсіз адам өмірінің еш мәні жоқ, онсыз тіршілік қызықтырмайды. Әрдайым көңіл алабұртып, аңсары туған жерге тартып тұрады. Мысалы, аса көрнекті жазушы Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Қытай жеріне бір кезде тағдыр тағдыр тауқыметімен өтіп кеткен аңшы шалдың туған жерінің бір шөкім топырағын 40 жыл бойы сақтап, бойына тұмар қылып тағып жүруі, өлер шағында қалай туған елге өтуге әрекет жасауы туып өскен жерге деген шексіз махаббатын көрсетеді емес пе?
Туған жер алдында кез-келген адам әлсіз. Өйткені ол туган жер перзенті. Туған жердің ауасы дертке шипа, әрбір жусаны мен бетегесі көкірегіңді ашып, көңіліңе қуаныш әкеледі. Ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені онда өніп-өсетін тіршілік бар. Табиғат мейірімді ана, өзінде барын шын көңілімен алдыңа тосады. Тек оған зияныңды тигізбей мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл. Жер ананы қастерлеп, сұлулығын аялап күте білейік.
Табиғаттың асқар тауын да, шалқар көлін де, аққу құсын да, қыран бүркітін де, өрттей қызарып толқындаған алқап толы қызғалдағын да қорғауымыгер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылым мен білім дами бастады.
Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Елді мекендер өркендеп қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогресс қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушілігі, жер үшін күрес, т.б. әлеуметтік-экономикалық проблемалар туды. Осының бәрі 200 жылдың ішінде «бет- бейнесін» - табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді. Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зерттейтін ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.
Қазіргі кездегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда.Оған топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуы, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.
Соңғы жылдары жер шарында экологиялық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жан Кусто айтқандай «Бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады».

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 3- бабында экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи жүйелерді қалпына келтіру туралы айтылған.
Осыған орай Қазақста азаматтарының алдында тұрған үлкен міндет – табиғатты қорғау жұмысына белсене, сауаттылықпен араласу керек. Ондай мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды өз өлкемізден танып білген жөн.
Автор: dauke | 5-04-2015, 17:55
Қарау саны: 3000
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :