» » Ақпаратты кодтау


Ақпаратты кодтау

Сабақ тақырыбы: Ақпаратты кодтау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кодтау ұғымымен таныстыру.
Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтау туралы түсіні қалыптастыру.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасай білуге, бірін –бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық :оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: интерактивті тақта арқылы демонстрациялау, түсіндіру, баяндау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд.
Сабақ барысы:
І) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын тексеру.

ІІ) Өткен сабақты қайталау. Сұраққа жауап бер.
1. Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат –бізді қоршаған орта туралы мәлімет.
2.Адамдарға ақпарат не үшін қажет?
Адамдар ақпартатты алады, береді және сақтайды, өңдейді.
3. Адам ақпаратты қалай сақтайды? Компьютер ше?
Ақпаратты ойына сақтайды.Ішкі және сырқы жадтарға
4.Ақпарат тасымалдаушыларды еске түсіріңіз?
Магниттік және лазерлік дискілер,флэш-жады,винчестер (қатқыл диск)
5.Ақпараттың өлшем бірлігін атаңыз.
Байт,бит,Кбайт,Мбайт,Гбайт
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Код – ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.
Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу.
Кері кодтау/ декодтау / – кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару
545 - елдің коды
7106 - өндіруші коды
07628 - бақылау коды
Ақпаратты кодтау 1 - тауар коды
Ақпаратты кодтаудың үш негізгі тәсілі бар.
1.Графикалық - суреттер ,белгілер көмегімен,яғни
2.Сандық - сандар көмегімен
3.Таңбалық - әліппедегі таңбалар көмегімен

Зағип жандар мен саңырау, сақау жандардын да өз әліппесі болады .
Мысалы: Брайль әліппесі көзі көрмейтіндер қолданады онда әр таңба инемен тесіліп жазылған тәрізді болады,оны қол саусағымен оқиды.
Саңырау,сақаулар тілі – тіл таңбалары белгілердің көмегімен ұсынылады.
Алғашқы телеграфка қолданылған Морзе әліппесі, бұл нүкте және сызықша арқылы оқылады.Ал кемеде жалауша әліппесі қолданылады.
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау

Компьютер миында екілік кодтау арқылы таңбаларды, суреттерді оқиды ол ноль мен бір сандарынан тұрады.
IY)Дайындық кезеңі
.
Оқушыларды топқа бөлу:
1-топ аты: Морзе
2-топ аты: Цезарь (Топтарды бағалау топтардың тапсырманы орындауына байланысты жүргізіледі.)
Тапсырма № 1
Морзе әліппесін қолданып мына белгілерді шифрлау керек.

1 топ монитор, цифра,
2 топ принтер,текст сөздерін табады.
Тапсырма № 2
Әріптердің номері бойынша кодталған сөздерді кері кодтау.
1 топ 2 топ
17 18 10 15 20 6 18 принтер 19 12 1 15 6 18 сканер

5 29 2 29 19 дыбыс 14 1 21 19 маус

2 21 12 3 1 буква 25 10 19 13 16 число
Тапсырма №3
Әріптерді санмен алмастырып кодта:А ® 1, Б ® 2, В ® 3, …, Я ® 33
1 топ 2 топ
Алфавит Тетрадь

Циркуль Блокнот

Тапсырма №4 Рим императоры Гай Юлий Цезарь.
Мәтінді Цезарь кодын қолданып мәтінді кодтау керек.
1 топ 2 топ
Компьютер Клавиатура
кесте файл
Тапсырма №5
1.Блокнот қолданбалы бағдарламасын іске қосыңыз.
2.ALT пернесін басып отырып мына сандарды енгізіңізде қандай кодталған таңбаны табыңыз.
1топ 2 топ
485- х 453- +
589- м 786- ↨
3698- r 1259- ы
«Демалыс сәті» сазды әуенмен жаттығулар жасау

Y) Сабақты қорытындылау бағалау. Сонымен код дегеніміз не? Кодтау дегеніміз не?Мына суреттерден кодтау тәсілдерін бөліп бер.

YI)Бағалау парағына баға қою.Топтардың қайсысында «5» бағасы көп сол топ женімпаз атанады.

YII)Үйге тапсырма.
Өз ойымыздан кодтар кестесін ойлап, сөздерді кодтап келу
Мысалы:
А - Ә -

Қосымша. 7 сыныпта есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты кодын өткен болатынбыз қайталап оқып келу және «МЕКТЕП» сөзін кодтап келу.
Сау болыңыздар.

Батыс Қ азақстан облысы.
Теректі ауданы.
Подстепный қазақ ЖОББМ.
Информатика мұғалімі Айткалиева Баян Сабарғалиқызы.
Ілмек сөздер: Ақпарат, кодтау
Автор: dauke | 6-04-2015, 23:28
Қарау саны: 4456
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :