» » Кәусар бұлақ тұнығынан


Кәусар бұлақ тұнығынан

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кенті №15 ЖББОМ
Пән мұғалімі –тарих және география пәні мұғалімі Саней Алмагуль
Мерзімі -12.02.2015
Өткізілетін сынып -7 "А"
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Кәусар бұлақ тұнығынан"
Сабақтың мақсаты: Кәусар бұлақ -тұнығына нені теңеуге болатынын, сонымен қатар оқушыларды адалдыққа, тазалыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видео роликтер "Білім -ғылым" , "Сабыр" , " Ата –анаға қамқорлық" көк түсті мата, гүлдер, ұлағатты сөздер.
Тәрбие сабақ барысы:
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ "Жүректен жүрекке"
Қағазда жазылған сөздерді оқушылар тартады.
Ой жүйрік, тіл –шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
-Жақсы сөз жарым ырыс.
-Жақсы сөзге жан семірер.
-Жақсы сөз жанға қуат. Олай болса балалар қағазда жазылған жақсы сөздерді сахналап беріңдер. Айналайын, кешіріңіз, бақытты бол!,Өркенің өссін, көп жаса, рахмет, сау болыңыз, жарайсың, талабыңа нұр жаусын!, құлыным, сәлеметсізбе?, ақылдым менің, сау бол.
Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Адамдардың қарым –қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір –бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді.
ЖЫЛЫ ЖҮРЕК
ҒЫЛЫМ БІЛІМ
КӘУСАР БҰЛАҚ САБЫР
ТАЗА БҰЛАҚ
АДАМДЫҚ
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл –деп Ш.Құдайбердіұлы атамыз айтқандай Кәусар бұлақты білімге теңеп көрейік.
Видео ролик "БІЛІМ -ҒЫЛЫМ" (48 секунд) тамашалап тапсырма:
Төмендегі мақал –мәтелдердің жоғалған бөлігін іздеп табайық!

"Кітап –білім бұлағы, ..... –өмір шырағы" (білім)
Ақыл азбайды, ..... тозбайды. (білім)
Оқу –білім ......, Білім –өмір ....... (бұлағы, шырағы)
Білекті ..... жығар, Білімді ..... жығар. (бірді, мыңды)
Қына тасқа бітеді, Білім ..... бітеді. (басқа)
..... –тозбайтын тон, ..... –таусылмайтын кен.(ақыл, білім)
Оқу инемен құдық .......... (қазғандай)
Білегіңе сенбе, ....... сен. (біліміңе)
Білімдіге ..... жарық, Білімсіздің күні ...... (дүние, кәріп)
Олай болса балалар, сендерге бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты үй тапсырмасы берілген еді. Ы.Алтынсарин "Таза бұлақ" әңгімесін сахналап беру.
Автор Санияш: Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
"Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!"- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
Саудагер Шахризада: Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін,-деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
Молда Ислам: Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің
ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды
салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.
Жігіт айтты:
Жігіт Дәулеткелді: Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.
Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.
Қортынды: Су –адамға ең қажет тағамның бірі, су –тазалық көзі, су –жан сұлулығының нәрі, су –шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те болмайды. Өйткені адам, өсімдіктер, жан –жануарлар, аң, құстар сусыз өмір сүруі мүмкін емес.

ОЙ ШАҚЫРУ. Видео ролик "САБЫР" (2 минут 54 секунд) көріп ой пікірлерін ортаға салады.
Қорытынды:
 Ата –анаға қамқор болып жәрдемдесу;
 Бала –шағаң, туыс –туғаныңа қарайласу;
 Кедей кепшік, қамқорға мұқтаж жандарға жәрдем беру;
 Шөлдеген адамның шөлін қандыру;

-Жарайсыңдар, балалар! Олай болса бүгінгі тақырыбымыздың бұлақ сөзін қатыстырып, байланыстырып қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?

Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
-Бұлақ көрсең көзін аш.
-Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
-Ілім бұлақ, білім шырақ.
-Тіл асыл ойдың бұлағы.
-Әке асқар тау,
Ана қайнар бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
-Су анасы –бұлақ, Сөз анасы құрақ.
-Сулы жер –нулы жер.
-Бұлақты жер –тұрақты жер.
-Су сағасы -бұлақ,
Сөз сағасы –құлақ.
-Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құлақсыз болмас.
-Өзен ұзақ ағады, бұлағы болса қасында,
Іздеген бақыт табады, жалықпаса жасында.
-Тау бұлағымен сәнді,
Көл құрағымен сәнді.
-Көлдің көркі –құлақ,
Таудың көркі –бұлақ.
-Бұлағы болмаса өзенде сарқылар.
-Бұлаққа бұлақ қосылса "егізбіз" дейді,
Көлге көл қосылса "теңізбіз" дейді.
-Дария басы бұлақ.
-Қыдырдың басы болғанша,
Бұлақтың қасында бол.


Сендер Кәусар бұлақты неге теңер едіңдер?
Ш. Құдайбердіұлы "Адамдық борышың"
А.Шаяхметов "Әдемі"
Т.Молдағалиев "Адам"
М.Шаханұлы "Төрт ана"

ӘН "Туған жер" Дана орындайды.

ОЙ ТАСТАУ. Видео ролик "Ата –анаға қамқорлық"
Балалар видеоны көрген соң өз ойларын ортаға салады.
Қорытынды:
• Ата –ананы сыйлау;
• Ата –ананың қадірін білу;
• Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету;
• Ата –анаңа не істесең алдыңа сол келеді;
• Біреуге жақсылық жасасаң ол алдыңнан шығады;
Сонымен балалар сендер бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе "Кәусар бұлақтың –тұнығына" нені теңер едіңдер?

 Білімге
 Адамдыққа
 Имандылыққа
 Әдемілікке
 Дұрыс тәрбиеге
 Таза бұлаққа
 Сабырлылыққа
 Туған жерге
 Туған тарихқа
 Туған салт –дәстүр
 Туған тілге
 Сусынмен шөл қандыру
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: Қытайлық данагөйлерден қалған бір өсиет сөз бар екен. «Бір жылдық ғұмырың қалса, дәнді дақыл себіңіз, он жылдық ғұмырың қалса, жеміс ағаштарын отырғыз, ал егерде бір ғасырлық өмірің болса, онда оны бала мен жастарды тәрбиелеуге арна деген екен"
Автор: Алмагуль | 16-02-2015, 21:01
Қарау саны: 5801
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :