Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!


Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кенті №15 ЖББОМ
Пән мұғалімі - Тарих және география пәні мұғалімі Саней Алмагуль
Сынып -7"А"
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»
Мақсаты:
-Оқушылардың өз Отаны Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихында болып жатқан маңызды оқиғаларға тоқталу. 23жыл ішіндегі жеткен табыстарымен таныстыру.
-Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұлттық мінез ұлттық намыс қалыптастыру.
-Оқушылардың елге, жерге деген деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілік: Ұлағатты сөздер, суреттер, еліміздің рәміздері.
Сабақ барысы:
І. Бұл күндері Қазақстан өзінің басты мейрамы –Тәуелсіздіктің 23-жылдығын атап өтуде. Бұл мереке –ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас,етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтағанның өзінде , тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны –осының дәлелі. Мұнан 23 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы –Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жүрек түкпірінде сақтап келген, тәуелсіздікті аңсаған арманы 1991 жылы 16 желтоқсан күні жүзеге асты. Осыдан 23 жыл бұрын Тәуелсіздігін жариялаған арманы мен аңсары аласармаған жас Қазақстанды бүгінгі таңда төрткүл дүние түгел танып, өркениетті елдермен иықтасып, іргелі мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр. Бұл бір мемлекет үшін өте қысқа уақыт. Соған қарамастан, Қазақстан саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, еркін нарықтық экономиканы орнықтыру, демократияға және дүниежүзілік қауымдастықпен интеграциялануға бет бұрыс мәселесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінен зор жетістікке жеткен мемлекет болды.Қарқынды даму Қазақстанның өңірдегі ең маңызды мемлекеттің біріне айналуына мүмкіндік тудырды.
Ырыс бақ жан-жағымда гүл боп жайнап, Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ. Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп, Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап. Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Атыңнан айналайын, Егемен ел, Жиырма жылдай Қазақстан халқының,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер. Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.
ІІ.Ой толғау.
-Сендер Тәуелсіздікті қалай түсінесіңдер?
-Тәуелсіздік –Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн.
- Тәуелсіздік –қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалған күн.
- Тәуелсіздік –еліміздің тыныштығы.
- Тәуелсіздік –Қазақстанды әлемге танытты.
- Тәуелсіздік –халқымыздың басына қонған бақ.
- Тәуелсіздік –бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген,тағдырдың қазаққа берген, басты бақыты,баға жетпес дәулеті.
ІІІ. Жылдар сөйлейді... «Тәуелсіздік шежіресі»
Қандай оқиғалар болды?
1991 ж 16 желтоқсан - Қазақстан өз Тәуелсіздігіне қол жеткізген күн.
1992 жылы 4маусым-жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
1993 жылы 15-қараша –Ұлттық валютамыз –Теңге айналымға енді.
1995 ж. 30 тамыз- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды.
1997 жыл – «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»
1998 жыл 10-маусымда-жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
1998 жыл- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»
1999 жыл- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»
2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»
2001 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы»
2003-2005 жж.- «Ауыл жылы»
2004 жыл –«Денсаулық жылы»
2010 жылы 1-2 желтоқсан- Астанада Саммит болды
2010 жыл- Қазақстан ЕҚЫҰ басшы
2011 ақпан – ҮІІ қысқы Азияда ойындары Астана,Алматыда өтті.
ІҮ.Сұрақтарға жауап берейік!
1. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада)
2. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?
( «Жаңа тарих- жарқын тұлға»
3. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды?
( 2006 жылы 7-қаңтар)
4. Астана туралы қандай фильм түсірілді?
( «Астана –Отанымыздың жүрегі»)
5. «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна)
6. Қазіргі астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы)
7. Биыл қандай ақынның 100-жылдық мерейтойы атап өтілуде? (Қасым Аманжолов)
Қорытынды: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Келешек ұрпақ сендер ел сенімін ақтайтын мықты, білімді азамат болыңдар.
Автор: Алмагуль | 16-02-2015, 21:16
Қарау саны: 2636
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :