» » "Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді"


"Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді"

ОҚО, Мақтарал ауданы, "Тоқтар Аубакиров атындағы жом" кмм тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановна

"Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді"

Назарбаев Зияткерлік мектебінің Дербес Білім Беру Ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университеті білім беру факультеті және Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе отырып әзірлеген бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарының бір топ мұғалімдері білікітілігімізді арттыру және мектебіміздің педагогикалық құрамының сапасын көтеру мақсатында наурыз айының 3-ші жұлдызы күні НЗМ ДББҰ-ы Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалына оқуға келген едік. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы аясында білім жетілдіруге аудандардан және Шымкент қаласынан оқуға келген №1 топтағы 28 мұғалім бір-бірімізбен тез тіл табысып,достасып кеттік.Алыс ауылдардан әрқайсысымыз бір мектептің үкілеген үмітін алып келген жаңалыққа жаны құмар ұлағатты ұстаздар тобымызды бір ауыздан "Сәттілік" - деп атадық.Біздің №1 топқа тренерлікке білімі мен тәжірибесі мол Роза Гайдаровна Сыздықбаева бекітілген екен.Роза Гайдаровнаның бойынан адамгершілік, кішіпейілділік,талапшаңдық,білімге деген құштарлық,өзінің білгенінің барлығын тәлім алушыларға қалайда жеткіземін деген көзқарасы бізді үлкен сенім мен ұстанымға жетеледі.Тренеріміздің әрбір сабағынан алған біліміміз бен тағылымыз мол болды.Әр күніміз білім шыңының жаңа баспалдағына көтерілумен тең болды деп айтсақ қателеспейміз. Облысымыздың әрбір ауданынан келген 28 білікті ұстаз жаңа әдіс-тәсілдер негізінде білім ала отырып әрқайсымыз білгенімізді ортаға салдық,бір-бірімізге үйреттік,тәжірибе алмастық.

Бірінші "Бетпе-бет" кезеңінде Шымкент қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде таныстырылым және семинарда қатысып,ол жердегі шетелдік мұғалімдер тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болдық.Бұл үшін әрине НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курстары Шымкент филиалының директоры Қалғынбаева Жанар ханымға №1 "Сәттілік" тобының атынан алғыс білдіреміз.Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курстарының Шымкент филиалы өткен 2013 жылдың шілде айынан жұмыс істеп келе жатқан аз ғана уақыт аралығында облысымыз мұғалімдері үшін алысты жақын етіп қана қоймай,білімді тренерлері дайындаған жаңа форматтағы мұғалімдерімен таныла бастады.Осы орайда біршама ыстық лебізімізді филиал директоры Қалғынбаева Жанар ханым туралы білдірсек деп отырмыз.Себебі біз біліктілікті арттыру үшін оқуды бастаған бірінші күннен-ақ,әр топқа жеке келіп,хал-жағдай сұрап,бағдарлама мақсаты мен міндеті , бізден мемлекет не күтетіні туралы кең түсінік беру мен бірге әрбір тәлім алушы мұғалімге ата-анасы сияқты қамқорлық көрсете білді.Біз тыңдаушыларға:"Бұрынғы тар мағынадағы "біліктілік" термині енді "құзырлылық" ұғымымен алмасқаны туралы әрі "өмір бойы азық боларлықтай білім беру" идеясынан енді "өмір бойы өздігінен үйрену" ұстанымына өзгеруіміз қажет екенін атап өткен болатын.

Міне қазір біз мектептегі тәжірибе кезеңінде жүрміз.Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында 6 апталық мектебіміздің даму бағдарламасын әзірлеп,әріптестерімізге тәлімгерлік етудеміз.Біздің тәлім алушыларымыз коучинг әдісін қолдана отырып,мектептегі басқа мұғалімдерді дамытуға ықпал етуде.Педагогикалық шеберлік орталығынан алған білімізді мектепте тәлім алушыларымызбен өткен коучинг сабақтарымызбен дәлелдеудеміз.Күнделікті өткізген іс-шараларымыз туралы тобымыз желілік байланыста бола отырып,бір-бірімізге өз жетістіктеріміз туралы қуана хабарласып отырамыз.Мектептегі тәжірибе кезеңінің сәтті басталуы әрине тренеріміз Роза Гайдаровна үйреткен теориялық білімнің нәтижесі деп білудеміз.Мұны портал бетіне жазған тобымыздың ой-бөлісулерінен мысалдар келтіре отырып дәлелдейік:"... Блоктан соңғы жаңалықтарды оқып шықтым.Тобымыздың жұмысы сәтті жүріп жатқанына қуаныштымын.Тәлімгерлік сұхбатқа сүйене отырып,келесі сессиямызды жоспарлап отырамыз.Коучингке қатысқан мұғалімдердің тілектері бізді шабыттандыра түсуде."

Мектептегі тәжірибе кезеңінде 7 модульге негізделген жаңа әдіс-тәсілдерді 5 коучинг сабағына тәлім алушы мұғалім Ембергенова Светлана апаймен бірге өз сабағымызға қолданысқа енгізіп,оның тиімді жақтарын кері байланыс арқылы мұғалімдердің пікірлерінен байқадық.Жалпы курстан алған теориялық білімді тәжірибеде сабақтарға қолдана отырып,мектеп мұғалімдерінің ХХІ ғасыр талабына сай жаңа форматтағы ұстаз бола алатындарына көзім жетті.

Бүгінгі таңда жоғары технологиялық қоғамға кіру сұранысына орай жалпы білім беру маңызды салаға айналуда. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны: "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және екіншісі - ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?".Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты - мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті дағдыларды беру болып табылады.Міне осы білім мен дағдыларды терең меңгере отырып,біз мектебімізге жаңашылдық алып бардық.Бағдарлама аясында жаңа идеямен қаруланып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп,мектеп мұғалімдерінің көшбасшысы болуға,мектептің дамыту жоспарына өзгеріс енгізе отырып,мұғалімдердің оқу жоспарын жаңаша жасауға көмектесеміз.Бірінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге сенімдіміз.Мұғалімдерді оқушыларды қалай оқу керектігін үйретіп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыруға даярлауға көмектесеміз.

"Маған айтсаң,мен ұмытамын.

Маған көрсет,мен жадымда сақтаймын.

Маған өзіме істеуге мүмкіндік бер,үйренемін",-деп ұлы данышпан Конфуций айтқан даналық сөздер деңгейлік курс бағдарламасының кілтіне айналғаны сөзсіз.Үйренудің ең тиімді әрекеті - басқаларды үйрету!Көргеніміздің есте сақталу мөлшері -пікірталастырғанда 50 пайыз,белсенді әрекеттер арқылы өзіміз өз қолымызбен жасағанда75 пайыз,үйренген білімді дереу қолданып,басқаларға үйреткенде 90 пайыз орындалады екен.Басқаларды үйрету деген нені білдіреді?Ол дегеніміз нағыз белсенді іс- әрекет;"жұптасып немесе шағын топ ішінде қоян - қолтық араласып жұмыс істеу" деген сөз.Оқушылар шағын топ құрамында сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға сала отырып,бірін- бірі үйретіп отырады.Оқушылар шағын топта бірін- бірі тыңдап қана отырған жоқ - олар бір - бірінен үйреніп отыр!Бүгінгі күні білім жүйесі үйренушіцентристік қағидаларды ұстанғандықтан,оқу/оқытуда басты тұлға шәкірт болып саналады."Шәкірт ұстаздың көмегінсіз - ақ үйренеді" деп кесіп айтудың қажеті жоқ.Ұстаз рөлін жоққа шығармай,оны тек басқа мазмұнмен түсіну керек.Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері мынадай:ұйымдастырушы,менеджер,бағыт-бағдар беруші, қолпаштаушы.Бүгінгі күнгі білімге негізделген қоғам әрбір тұлғадан өмір бойы оқып үйренуді талап етеді.Біз ұстаздар өмір бойы оқуды үйрене отырып,басқаларды да үйретеміз!Оқушыларды бірін-бірі оқытуға,түсіндіруге,үйретуге тиіспіз!Демек,оқушылар бір-біріне түсіндірген сайын өздерінің түсінігі де кеңейе береді.

№1 "Сәттілік" тобының І деңгей тыңдаушысы жоғары санатты тарих пәні мұғалімі

Алибекова Тарбия Кантургановна

Автор: dauke | 14-04-2015, 22:39
Қарау саны: 2355
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :