Кел, балалар, оқылық! » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Кел, балалар, оқылық!


Кел, балалар, оқылық!

Ана тілі 2 сынып Култабарова Айгул Омиргаликызы

1. Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық!
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың даласына алғаш мектеп салып, білімнің жарық нұрын шашқан Ы.Алтынсаринның еңбектерімен таныстыра отырып, балаларды оқуға шақырған өлеңімен таныстыру;
2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін дамыту;
3. Білімнің адам өміріне пайдасы туралы түсінік бере отырып, оқуға деген құштарлықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер
Қосымша материалдар: мақал-мәтелдер жинағы, «Айгөлек» журналы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды 2-сыныптың «Ана тілі» оқулығы пәнімен таныстыру, оқулық авторларымен таныстыра отырып, оқулықтың бірінші бетіндегі шартты белгілерді есте сақтау керектігін түсіндіру.
- Бұл оқулықты неге ана тілі деп атаған? Біздің ана тіліміз қай тіл?
- Бүгін біз ана тілі оқулығының алғашқы тарауы – «Білім керек бәріне» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Осы тараудың атауы неліктен барлық адамға білім керек дейді. Білім бізге не үшін керек?
2. Жаңа сабақ:
- Балалар, біз 1-сыныпта өткен тақырыптарымызды еске түсірейік. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз кім еді? (Ы.Алтынсарин). Ол кісі туралы не білеміз? (өз білгендерін ортаға салады)
3. Суретпен жұмыс: Ыбырай Алтынсариннің суретін ілу, тірек сызба бойынша әңгімелету.
- Ұстаз атаның білімнің пайдасы туралы айтылған, балаларды оқуға шақырған қандай өлеңі бар еді?
- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі бізге бұрыннан таныс. Бүгін біз бұл өлеңді еске түсіре отырып, өзіміз талдауға үйренеміз, яғни өлеңнің әр шумағын талдай отырып, тәрбиелік мәнін ашамыз.
4. Оқулықпен жұмыс:
а) Өлеңді оқушыларға шумақтап оқыту;
ә) Бөлімдерге бөліп оқыту;
б) Тауып оқыту; қайталанып тұрған өлең жолдарын тауып оқы; Құсты мысалға келтірген жерін тауып оқы; Балаларды оқуға шақырған жерін тауып оқы;
Әр шумақты оқыта отырып, талдау жұмыстарын жүргізу;
5. Сергіту сәті: Достығы жарасқан, Сыйлы біз баламыз. Білімді болсақ біз, Бәрін де жеңеміз
Келісіп бәрімен, Татулық табамыз. Күндей боп күлімдеп, Таудай боп өсеміз.
Оқулықта берілген мақалды оқытып, талдау жүргізу:
«Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» Осы мақалдағы ойды және сөздерді пайдалана отырып, төмендегі сөйлемдерді толықтыру;
- Адам не үшін оқиды? (өйткені адамның білімсіз күні жоқ)
Тақырып соңындағы сұрақтар және тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
6. Дәптермен жұмыс: Өлеңнің әр шумағына ат қойып, жоспар құру:
а) Оқуға шақыру
ә) Оқу да еңбек
б) Оқудың пайдасы
Жоспар бойынша өлең шумақтары туралы оқушылардан өз пікірлерін сұрау, дәлелдету.
7. Бекіту:
1. «Жалғасын тап» ойыны: мақалды жалғастыру
1. Оқу инемен ... ... . 2. Білімдінің сөзі ...
3. Білекті мыңды жығады, 4. Оқусыз білім жоқ,
Білімді ... ... . Білімсіз ... ... .
2. Поэзия минуты: «Айгөлек» журналынан «Жақсы оқушы боламын» өлеңін оқып беру, талдау
8. Қорытынды:
- Сонымен бүгін қандай маңызды өлеңмен таныстық? Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ол кісі қазақ балаларын не деп оқуға шақырды? Тоқумен табылатын не дейді?
- Оқудың адам өміріндегі маңызы- оқу. Оқу да біздің еңбегіміз. Болашақта жақсы азамат болып өсуіміз үшін қазірден бастап ерінбей еңбек етуіміз керек, яғни жалықпай білім алуымыз қажет.
9. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу; 10. Бағалау.
Автор: dauke | 16-02-2015, 21:17
Қарау саны: 839
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :