» » Ашық сабақ "Мәтін"


Ашық сабақ "Мәтін"

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту: Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру. Мәтін түрлерін бір бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.
дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану)
Принциптері: Біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық.
Көрнекілігі: слайдтар,сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
I — Бағдарлау — мотивациялық кезең
а) сәлемдесу
ә) оқушы қызығушылығын ояту
Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің? Балалар(хормен)
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.
— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
II — Өткен сабақ бойынша істелетін жұмыс
Сұрақ — жауап
— Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
— Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
— Орыс тілінен енген сөздерде қандай әріптер болады? (ф, в, ч, щ, э, я, ю)
Ой қозғау (3 топқа парақша тарату)
5 слайд 3 тапсырма
І топ
Дыбыс түрлері
ІІ топ
Дауысты дыбыстар
ІІІ топ
Дауыссыз дыбыстар
4. тапсырма 6 слайд
Дыбыстық талдау (3 топқа)
І топ ІІ топ ІІІ топ

Фонтан Вокзал Футбол
Әр сөзге ауызша сөйлем құр
5. Қорытынды (Мұғалімнің сөзі)
— Сөз неден құралады? (әріптерден)
— Сөйлем неден құралады? (бірнеше сөзден)
ІІІ Операциялық — орындаушылық кезең
7 слайд. 6 тапсырма.
— Мен сіздерге бос қол келгенім жоқ. Өзіммен бірге Әлиханның хатын ала келдім. Енді соны тыңдайық.
Үнтаспа (Әлиханның дауысы)
Әлиханның анасы — мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.
Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.
«Тү-у, демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді», — деп ойлады Әлихан.
— Балалар хат та мәтінге жатады.
8 слайд. 7 тапсырма.
• Не оқыдық? (мәтін)
• Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (Сөйлемдер бір-бірімен өзара мағына жағынан байланысып тұр)
• Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланысты айтылатын екі не одан көп сөйлем құралып, автордың ой-пікірі)
• Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма? (Жоқ.)
• Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады
• Мәтіннің қандай түрлері бар? (Әңгімелеу мәтіні (не істеді?), сипаттау мәтіні (қандай?), пайымдау мәтіні (неліктен?))
• Мәтін бөліктері қалай жазылады? (Бөлек)
• Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен).
• Әр бөлік қандай әріптен бастап жазылған? (Бас әріптен бастаймыз)
• Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? (Анасының еңбегі)
• Бұл мәтіндегі автордың айтатын дегені не? (Автор: Анаға деген аянышты сезім туады)
9 слайд. 8 тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Л л (Қандай дыбыс?)
Лашын — жыртқыш құс.
10 слайд. 9 тапсырма

— Мәтінің қай түріне жатады?
— Бұл сипаттау мәтіні. Ол қандай? — деген сұраққа жауап береді.
— Дұрыс, балалар, мәтінде лашынның түр-түсі, денесінің көлемі сипатталған. Сонымен бұл шығарма — мәтін деген қорытындыға келдік.
11 Слайд. 10 Тапсырма
Естеріңде болсын!
— Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады.
— Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.
12 Слайд. 11 Тапсырма.
Суреттерге қара

Ердос Алмалар

Орындық Компьютер
Суреттегі заттарды ауызша сипаттап бер де, сөйлем құр
12 тапсырма. Сергіту сәті.
Гүл өсірсең терлеп (қимылмен көрсету)
Мұның аты (еңбек)
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты (еңбек)
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
— Сонымен суреттегі Ердос қандай бала деп ойлайсыңдар? (еңбекқор...)
13 слайд. 13 тапсырма
Мәтінді оқы.

— Бұл мәтінді өз ойыңмен жалғастыр.
(Атасы Ердостың ісіне риза болды.)
14 тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беру.
1. Ердостың атасы кім?
2. Қойлар неге маңырайды?
3. Ердос атасына қалай көмектесті?
— Адамдар ғана еңбекқор емес, жәндіктер де еңбекқор болады. Қай жәндік Ердос сияқты еңбекқор еді? (Құмырсқа)°
14 слайд. 15 тапсырма.
Жұмбақты шеш.
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.
Бұл не?
Оқушылар құмырсқа деген сөзге ассоциация құрады.
15 слайд. 16 тапсырма.
Ассоциацияны толықтыру
Құмырсқа туралы шағын түсінік.
— Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа — еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі.
ІҮ Рефлексиялық — бағалау кезеңі
1. Бес жолды өлең. (мәтін)
2. Біз бүгінгі қазақ тілі сабағында екінші сыныпта мәтін жайлы алған мағлұматтарға сүйене отырып, ұғымдарымызды кеңейте түстік. Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақта жалғастырамыз. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!
Ү Бағалау
ҮІ Үй жұмысы
Автор: Жұмабай Гүлмира | 22-04-2015, 11:02
Қарау саны: 8888
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :