Тынық мұхиты

Бекітемін:_____________________
«____» _______________ 2013жыл

Сыныбы:7
Пәні: география
Сабақтың тақырыбы: §57 Тынық мұхиты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тынық мұхитының географиялық орынын, табиғатын, климатын, жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: табиғат ерекшеліктерін саралай білуге, әртүрлі ақпарат көздерімен тиімді жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік:зейінділікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасай алуға баулу
Күтілетін нәтиже:
1. Оқулықпен танысады, жаратылыстанушылар туралы білім алады.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Оқытудың әдіс- тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау стратеиялары
Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас 7 сынып, презентация, видеорлик, интерактивті карта, жетондар, бағалау тақтасы
Сабақ кезеңдері уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Диффе-ренциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру 2 мин Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу 1.Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
2.Топқа бөлінеді Топқа бөліну


Үй тапсырмасын сұрау
5 мин Үй тапсырмасын «Аустралия Одағы» тақырыбын тест арқылы тексеру Тест жауаптарын дәптерлеріне белгілеп, бір-бірінің жауаптарын тексереді Тестпен жұмыс 9-10 жауап «5»
7-8 жауап «4»
5-6 жауап «3» Презентациядағы тест сұрақ
тары
Жаңа сабақ:
Блум таксономиясы
«Білу» 2 мин Мұхит дегеніміз не?
Дүние жүзінде неше мұхит бар?
Тынық мұхитын алғаш жүзіп өткен саяхатшы кім?
Тынық мұхиты қандай материк жағалауларына ұласқан? Оқушылар сұрақтарға жауап береді Сыни ойлау Дұрыс жауап берген оқушыға «Сары» балық
Мағынаны тану
8 мин «Кең ауқымды лекция» стратегиясы
Жоспар:
1.Тынық мұхитының ерекшелігі
2.Географиялық орыны
3.Зерттелуі
4.Табиғаты
5.Өсімдіктері мен жануарлары
6.Адамдардың пайдалануы Мұғалім түсіндіргенін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады
Оқулықпен жұмыс, диалогтық әдіс Оқулық
Ой-толғаныс
«Түсіну»
3 мин «Орамал тастау» ойыны
Орамал тасталған оқушы сұраққа жауап береді Дұрыс жауап берген оқушыға «Сары» балық
«Талдау» 10 мин «Графикалық органайзер» стратегиясы, семаникалық карта

Әр топқа тақырып бөлімдеріне сай графикалық органайзер беріледі, оқушылар толтырып түсіндіреді Дұрыс жауап берген оқушыға «Көк кит»
Сергіту сәті 1 мин Теңіз шуымен теңіз жануарларының қимылдарын жасау Балық, сегізаяқ, кит, итбалық
«Қолдану» 3 мин Кескін картамен жұмыс Әр оқушыға кескін карта беріледі топтар өздеріне берілген обьектлерді картаға түсіреді Топтық жұмыс Дұрыс жауап берген оқушыға «Көк кит»
«Жинақтау» 6 минут 1.«Ақылдың алты қалпағы» 1.«Алты қалпақ стратегиясымен» видеороликті талдау Видео «Мұхитта ғы тіршілік»
Дұрыс жауап берген оқушыға «Қызыл теңіз жұлдызы»
Кері байланыс «Бағалау» 4 мин Рефлексия «Интервью»
Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беріп, сабақ туралы пікірін білдіру
Өзінің сабаққа жауап беру деңгейіне қарай тақтадағы «бағалау тақтасына» өз атын стикерге жазып жапсыру «теңіз жұлдызын алған оқушылар «5»
«Көк кит» алған оқушылар «4»
«Сары балық» алған оқушылар «3» ке бағаланады.
Үйге тапсырма: 1 мин §57 Тынық мұхиты, оқу, «Мұхиттағы тіршілік» тақырыбына эссе жазып келу
Мұғалімнің жазбалары:
1.Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест
1.Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша нешінші орында?
А. 5 Б.6 В. 3 Г. 7
2. Аустралия Одағының халқының саны
А. 22 млн Б. 16 млн В. 8 млн Г. 3,4 млн
3. Аустралияның байырғы халқы
А. Негрлер Б. Тутсилер В. Пигмейлер Г. Аборигендер
4. Материктің келімсек халқы
А. Португалар Б. Испандар
В. Ағылшындар Г. Франсуздар
5.Аустралия Одағында дамыған шаруашылық
А. Машина жасау Б. Тау- кен өнеркәсібі
В. Химия өнеркәсібі Г. Тамақ өнеркәсібі
6. Аустралиядағы бидай өсірілетін аймақ
А. Оңтүстік- шығыс және оңтүстік батыс Б. Солтүстік – батыс
В. Солтүстік және солтүстік - батыс Г. Шығыс
7. Бумеранг деегеніміз не?
А. Аустралиядағы көлік түрі Б. Аборигендердің қару түрі
В.Бидай сорты г. Жердің атауы
8.Елдегі қала халқының үлесі
А. 88 пайыз Б. 56 пайыз В. 86 пайыз Г. 91 пайыз
9. Аустралияда жақсы дамыған мал шаруашылығы
А. Қой Б. Ірі қара В. Шошқа Г. Жылқы
10. Аустралияның жағалық жазықтарында өсіріледі
А. Бидай, арпа Б. Банан, ананас
В. Қауын, қарбыз Д. Бамбук
Жаңа сабақ: Блум таксономиясы
Білу Мұхит дегеніміз не?
Дүние жүзінде неше мұхит бар?
Тынық мұхитын алғаш жүзіп өткен саяхатшы кім?
Тынық мұхиты қандай материк жағалауларына ұласқан?

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Тынық мұхиты дүнте жүзіндегі ең үлкен және ежелгі мұхит.
Ауданы-178,6 млн км2, оның айдынына Жер шарындағы барлық материктерді сыйғызуға болады.
Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүсткке қарай 16 мың км.
Судың көлемі – 710 млн км3, бұл Дүние жүзірік мұхит суының 53 пайызы
Тынық мұхитта Дүние жүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариана шұңғымасы (11022м)
Ең жылы мұхит орташа температурасы +19,40С;
Аралдар өте көп, олардың саны 10 мыңнан асады.

Географиялық орыны: Негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан басқа материктердің барлығының жағасын шайып жатыр. Еуразия материгінің жағалауы күшті тілімденген онда бұғаздар мен теңіздер өте көп.

Зерттелуі: Тынық мұхиттың ашылуы мен зерттелуіне ХІХ ғасырда Ресейдің «Витязь», ағылшынның «Челленджер» кемелері зерттеді.
Тур Хейердал 1947 жылдан бастап Перуана жағалауынан саяхатын бастады. 1943 жылы франсуз әскери теңізшісі Жак ив Кусто басшылығымен алғашқы акваланг жасалып, су астында ұзақ жүріп зерттеді. 1957 жылы «Витязь» ғылыми зерттеу кемесі Мариана шұңғымасын ашты.

Түсіну «Орамал тастау» ойыны
1.Тынық мұхитының ауданы қанша?
2. Мұхиттағы теңіздерді ата
3.Мұхитты зерттеуге қандай елдер қатысты?
4.Мариана шұңғымасын қай жылы, кімдер ашты?
5.Тынық мұхиты қандай литосфералық плитада орналасқан?
6.Тынық мұхитындағы тұрақты желдерді ата
7. Тынық мұхитының Оңтүстік Америка жағалауындағы балықтары
8.

Талдау «Графикалық органайзер» стратегиясы
1-топқа Зерттелуі

«Витязь» «Челленджер» Жак Ив Кусто




2-топқа
«Мұхиттарды қорғайық» тақырыбында үндеу жазу

3-топқа Семантикалық карта
Еуразия жағалауында Маржан
рифтерінде Оңтүстік Америка жағалауы Антарктида жағалауы Экватор блдеуіндегі ашық маңда
Тікентерілілер
Акула
Кашалот
Анчоус
Кальмар
Итбалық
Көк кит
Скумбрия
Шаянтәрізділер
Камбала
Минтай
Ставрида
Сегізаяқтар
Тридакна
Теңіз қабыланы

4 – топқа
«5 жолды өлең»
Зат есім-__________________
Сын есім_______________, _______________
Етістік_________________,______________,__________________
Синоним_______________________
Сөз тіркесі___________ _______________.

Қолдану
Кескін картамен жұмыс, кестені толтыру


теңіздері Бұғаздары Шектесетін материктері аралдары



І-топ теңіздерін
ІІ топ бұғаздарын
ІІІ топ материк жағалауларын
ІҮ топ аралдарын картаға түсіру

Жинақтау Видеоролик «Теңіз түбіндегі тіршілік»
«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы
Бағалау Рефлексия "ИНТЕРВЬЮ»
Мақсаты : сабақты қорытындылау, сабақта қалай жұмыс жасағанын, не үйренгені туралы айту
Мазмұны: Оқушылар тақтада жазылған сұрақтарға жауап береді
Бүгін сен нені үйрендің?
Бүгін саған қызық болғаны?
Бүгін саған қиын болғаны?
Сен қандай тапсырма орындадың?
Сенің түсінгенің не?
Сенің осы сабақта түйгенің?
Сабақта сенің қолыңнан келгні не?
Сабақта мен жасай алдым…
Сені таңқалдырған не нәрсе?
Сабақ саған өмірде не үйретті?


Автор: Айгуль Балгалиева | 22-04-2015, 23:31
Қарау саны: 3749
    
Жарнама

Пікірлер -
1


DmitrTow - 8 ақпан 2019 03:09
Что у нас тут? http://www.kanevskaya.ru/forum/index.php?PAGE_NAME=profile_view&UID=70347

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :