Өзен шаяны » Қазақша білім сайты
Жарнама



Өзен шаяны

Бекітемін:_____________________ 
«____» _______________ 2013жыл

Сыныбы:7
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны
Сабақтың мақсаты: 
- Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысын анықтау
- Гидраның қозғалуы, қоректенуі және асқорытуы, көбеюі т.б. құбылыстары туралы үйрету
Күтілетін нәтиже:
1. Өзен шаяны туралы білім алады.
2. Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысын біліп, постер жасайды
3. Бірлескен оқу арқылы ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
4. Қызығушылықтары артады.
Негізгі идеялар Джигсо әдісімен бірлесе оқу арқылы тақырыпты меңгеру, топтық, жұптық диалогқа түсу арқылы оқу
Бағалау Бағалау, кері байланыс
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Оқытудың әдіс- тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау, «Екі жұлдыз бір тілек»,
Сабақтың көрнекіліктері: Презентация , табыс критерилері, видео «Ұжымдық жұмыс», Кері байланыс парағы
Сабақ кезеңдері уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Әдіс- тәсілдер Ресурстар
Ұйымдастыру 2 мин Амандасу тренингі
Топқа бөліну Суреттер арқылы шаян, өрмекші, көбелек, қоңыз топтарына бөлінеді 1.Амандасады. 
Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөліну

Үй тапсырмасын сұрау 5 мин «Ыстық орындық» әдіісімен үй тапсырмасын орындау Сұрақтарға жауап беріп, бір бірімен диалогқа түсу Диалогты оқыту


Жаңа сабаққа кіріспе 1 мин Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан hәм шаян» арқылы тақырыптың өзен шаяны екендігін белгілеу Өлеңді мәнерлеп оқу

2 мин Сабақ мақсаты хабарланғаннан кейін оқушылар бірігіп табыс критерилерін құрады Әр топ табыс критерилерін белгілеп, ұсынады Табыс критерилерін анықтау
Жаңа сабақ
20 мин Топтарға «джигсо» әдісімен үлестірме мәтіндер беріледі. 
Жоспар:
1.Өзен шаянының тіршілігі және сыртқы құрылысы
2.Өзен шаянының ішкі құрылысы қоректенуі, тыныс алуы
3. Өзен шаянының зәршығаруы, жүйке жүйесі
4. Өзен шаянының көбеюі Мұғалім оқушылардың түсіндіргенін тыңдап, бақылап отырады
Ресурстық мәтінмен жұмыс, диалогтық әдіс Үлестірме мәтіндер мен суреттер
Сергіту сәті 2 мин Топтық жұмысқа бағыттаған бейнеролик көрсету Оқушылар өз пікірлерін айтады Бейнеролик
Жаңа сабақты бекіту 10 минут Топтық жұмыс
1 топ - Өзен шаянының макетін жасау
2 топ - Ішкі құрылысының суретін салу
3 топ - Өзен шаянының паспортын жасау
4 топ - Өзен шаяны тақырыбы бойына терминдер тізбегін құру Оқушылар өз жұмыстарын , қоргайды. Бірін бірі бағалайды Макет жасау Түрлі түсті қағаздар

Кері байланыс «Бағалау» 2 мин Рефлексия «Менің түйгенім» 
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойымен бөліседі «Кері байланыс қағаздары»
Үйге тапсырма: 1 мин «Өзен шаяны»

«Аққу, шортан һәм шаян» 
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, 
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. 
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, 
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. 
Бұлардың машақаты аз болмады, 
Жұмысы орнына кеп мәз болмады. 
Тартса да бар күштерін аямай-ақ, 
Аслан жүк орнынан қозғалмады. 
Оншама ол жүк артық ауыр емес, 
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. 
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, 
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. 
* * * 
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, 
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас
Ілмек сөздер: биология, өзен шаяны
Автор: Айгуль Балгалиева | 22-04-2015, 23:34
Қарау саны: 3547
    
Жарнама

Пікірлер -
1


alinma - 12 қаңтар 2016 20:41
мне лично не понравился!!!!!

---

Объявления Волгограда здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :