Сөйлем түрлері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдердің ара-жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру. Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету. Сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отаншылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, ойын.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, саяхат картасы, карташалар, суреттер, ойындар.

Күтілетін нәтиже: сөйлем түрлерін ажыратады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Өткенді қайталау.

Қызығушылықты ояту. «Қалалар» ойыны.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, қала атауларын тапқызу.

П

А

О

Д

А

Е

У

А

Т

Қ

В

Л

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

Р

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

Н

Д

Ы

А

Р

З

 

- Қандай қала аттарын таптыңдар?

- Тараз, Павлодар, Астана, Ақтау, Қарағанды.

- Осы қалалардың ішінде ең басты қала қандай?

-Астана.

- Ендеше, бүгін біз сабағымызда Астанаға саяхатқа барамыз.

-Астанада біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, әсем ғимараттарымен танысамыз, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол қалаға немен баруға болады?

( автобус, пойыз)

-Пойызбен бару үшін бізге не керек? (билет)

-Билет алу үшін сөйлем жазудың қандай ережелерін білетіндеріңді айтып шығыңдар.

- Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

- Сөйлем сөзден құралады.

- Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

- Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

- Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

- Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін (куану, ренжу, өкіну, ұран, т.б.) білдіреді.

- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

- Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады.

- Билеттеріңді алып вагондарыңа барып жайғаса беріңдер. (Оқушылар топпен отырады )

-Жолаушы азаматтар! Сіздерге сәт сапар тілеймін! (пойыздың видеосы қойылады)

-Сонымен, біз Астанаға да жетіп қалдық.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-аялдама «Бәйтерек».

- Балалар, Бәйтерек туралы не білесіңдер?

- Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан.

Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана символы.

(«Бәйтерек» туралы видео қойылады)

- Бәйтерек монументінің идеясының авторы Нұрсұлтан Назарбаев. Ол аңыз туралы білгілерің келсе, мына тапсырманы орындаңдар. Берілген сөздерден сөйлем құрастыру. (Интербелсенді тақтамен жұмыс)

1.Ағаш, ертеде, бір, болыпты.

2.Жұмыртқа, ағаштың, Самұрық, басына, құсы, салады.

3.Балапан, шығады, жұмыртқадан, жарылып.

4.Бірақ ,жұтып ,балапанды, қояды ,айдаһар .

5.Жер, батыр, асты, қалған, патшалығына, түсіп, болыпты.

6.Ол, атып ,садақпен,айдаһарды ,өлтіреді.

7.Солай, аман ,балапан ,қалады.

8.Самұрық, батырға, құсы, риза, болыпты.

9.Ол ,алып ,батырды, астынан ,жер ,шығады.

Ертеде бір ағаш болыпты. Ағаштың басына Самұрық құсы жұмыртқа салады.

Жұмыртқадан балапан жарылып шығады. Бірақ айдаһар балапанды жұтып қояды. Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Ол айдаһарды садақпен атып өлтіреді. Солай балапан аман қалады. Самұрық құсы батырға риза болыпты. Осылай өмір ағашы пайда болады.

Тапсырма соңында текше арқылы бағалау. (Жасыл, сары, қызыл)

2 - аялдама «Думан»

-Думан деген не?

-Оның ішінде не бар?

-«Думан» ойын - сауық орталағы. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.Онда океанариум, кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, қонақ үйі, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.

Топпен жұмыс: Сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру.

.

!

?

 

3-аялдама «Хан шатыр»

-Хан шатыр несімен атақты?

-Ойын-сауық орталығы, онда балалардың көңіл-күйін көтеруге барлық жағдай жасалған. Олай болса біз де «Хан шатырда» би билеп, бір серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Топпен жұмыс: Қиылған сөздерден сөйлем құрастыру.

Хан Шатырды салған сәулетші Норман Фостер. Аквапарктің бассейіні керемет! Кинозалда жаңа фильмдерді көруге болады. Балаларға арналған аттракционның 100 түрі бар. Мейрамханаларда әлемдік тағамдар әзірлейді. Сауда орындарында балалар және ересектер киімі сатылады. Үш қабатта спорт клубы орналасқан. Хан Шатыр алты қабаттан тұрады.

4-аялдама «Пирамида»

Мәтінді сөйлемдерге бөлу, қажет жеріне нүкте қою.

Пирамида - бейбітшілік пен келісім сарайы оны салған британдық сәулетші Норман Фостер пирамиданың табанында опера залы бар жоғары бөлігінде кеңселер орналасқан онда елбасының қатысуымен жиындар өтеді қонақтар мұражайлар мен көрме залдарын тамашалайды

- Осымен біздің саяхатымыз да аяқталды.

Кәне бірге бәріміз,

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен,

Сыныпқа кеп қонамыз.

Шығармашылық тапсырма:

І топ: Астана туралы өлең жазады.

ІІ топ: Астана туралы шағын эссе жазады.

ІІІ топ: Астананың суретін салады.

ІҮ. Қорытынды.

Ұпайлары саналады.

 

 

 

Ілмек сөздер: сөйлем, сөйлем түрлері
Автор: dauke | 24-04-2015, 00:09
Қарау саны: 2970
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :