» » ТАПҚЫР БАЛАҒА ТАПСЫРМА


ТАПҚЫР БАЛАҒА ТАПСЫРМА

Тапқыр балаға тапсырма

Жинақтаған: Темирова Айнұр Сенбекқызы

Қай сөз артық?

Ойынның мақсаты: Сөздер тобы қандай сұраққа жауап беретінін анықтау.

Ойын шарты: Әр топтағы артық сөзді табу

 

Тәтті, кетті, батты, бітті, сатты.

Арық, тентек, жеңіл, күшті, ашу.

Тар, бақытты, гүл, өнерлі, ұзын, ақылды.

Сөйлем құрастыр

Ойынның мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау.

Ойын шарты: Сөйлемдегі сөздерді орнына қойып , сөйлем құрастыру.

Биік , балалар , тауларды , тамашалады .

Тұр, қызыл, бақта, алмалар, өсіп.

Берді, Әли, өлеңін, жазған, оқып.

 

Жалғасын тап

Ойынның мақсаты:Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

Отан оттан да қазынаң

Ана тілің нан

Қарты бардың ыстық

Өнерлі бала сөнген көмір

Ас атасы сүйкімді

Еңбексіз өмір қазынасы бар

Түсіп қалған әріпті тап

Ойынның мақсаты: Я,ю әріптерінің жазылуын қайталау.

Ойын шарты: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жазу.

 

Зи...н, қи...р, а..., ұ..., о..., тақи..., си..., секци..., Әли..., ми..а, хай...ан.

Сын есімдер ұясы

Ойынның мақсаты: Сын есімдерді мағынасына қарай топтап жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тізбектегі сөздерді кестеге сәйкес жазу.

Заттын түсін білдіретін сын есімдер

Заттың көлемін сын есімдер

Заттың сапасын білдіретін сын есімдер

Заттың дәмін білдіретін сын есімдер

Заттың пішінін білдіретін сын есімдер

 

 

 

 

 

 

Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ , қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т.б.

Кім көп біледі?

Ойынның мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.

Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату.

Мысалы:

Сайман

Ара Сабақ

Жәндік..............

.............. ..............

Алма Қал

.............. ..............

 

.............. ..............

Қыс Жаз

.............. ..............

Бәйге

Ойынның мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды қояды, шабандозшылар тез, әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

5. Жұрнақ дегеніміз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбірлес сөз дегеніміз не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғауларын тап?

Тапқыш

Ойынның мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Кестеден әр сөз табына сәйкес сөздерді тауып жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім : қонақ, ...

Етістік: оқыды, ...

Сан есім: он,...

Сын есім: көк,....

«Қ» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау.

Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.

Қ

а

з

а

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Қ

 

 

 

Қ

Күрделі сөздер

Ойынның мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.

Қырық құла

Саңырау аяқ

Кемпір қазық

Темір қосақ

Тас бақа

Қызық сөздер

Ойынның мақсаты:логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.

Ішік

Есек

Қыран

Қысым

мысалы: Ішік – кіші

Бақытты сәт

Ойынның мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады.

Сөйлеудің түрлерін ата?

Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата?

Дастарханның сәні не?

Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?

Пілдің баласы неге ұқсас?

16 желтоқсан қандай мереке?

Тұрлаулы мүшелерді ата?

Анамның анасы кім болады маған?

Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата?

Абай Құнанбаевтің туған жерін ата?

Ұшпайтын құстарды ата?

 

Сандар әлемі

Ойынның мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.

Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, 3+төбе, 7+су, т.б.

Сөзден сөз

Ойынның мақсаты: Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Ойын шарты: Берілген сөзден басқа сөз құрастыру.Ол сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сүт – түс

Қына - анық

Лас – сал

Азат - таза

Көш – шөк

Қас – сақ

Қыран - нарық

 

Сөзжұмбақты шешейік.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Берілген сөздерге мәндес сөздерді тауып жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жалау.

2.Көздеу.

3.Күш.

4.Сұлу.

5.Әйгілі.

 

 

Қалалар

Ойынның мақсаты:Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, қала атауларын тапқызу.

П

А

О

Д

А

Е

У

А

Т

Қ

В

Л

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

Р

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

Н

Д

Ы

А

Р

З

 

 

Адасқан әріптер

Ойынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Р, О, Б - … (бор)

П, А, Т, І, К - … (кітап)

М, А, Л, А, Қ - … (қалам)

Р, Е, Т, П, Ә, Д - …(дәптер)

Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С - …(сызғыш)

Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө - … (өшіргіш)

Қай буынды жоғалттым?

Ойынның мақсаты: Сөздерді буынға дұрыс бөлуге жаттықтыру.

Ойын шарты: Жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң табу.

Мысалы: Қа...(лам), мек... (теп), дос... (ым) т.б.

Буынды тап

Ойынның мақсаты: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Көп нүктелердің орнына керекті буынды қою.

1. жұм…ша (бақ) жұмбақша

2. тыр…ша (нақ) тырнақша

3. дом…ра (бы) домбыра

4. қар…ғаш (лы) қарлығаш

5. жел…сан (тоқ) желтоқсан

 

Шашылған дыбыстар

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Шашылған дыбыстардан бірнеше сөз құрастыру. А,л,к,л,й,ү,н -ай,күн,үй,т.б.

Баспалдақ

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру, молайту.

Ойын шарты:Бір сөзден түбірін өзгертпей басқа сөздер жасау.

Мысалы:

Ат

атақ

атақты

атақтылар

 

Сөз тізбектерін жазу

 

Ойынның мақсаты: Сөздік қорды молайту.

Ойын шарты: Бір тақырыпта сөздерді айту.

Мысалы:

1. мектеп… парта, орындық, мұғалім...

2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап...

3. Қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі...

4. Әке… , әже, ана, ата-ана...

Домино

 

Ойынның мақсаты:Мақал-мәтелдер туралы білімдерін тексеру, пысықтау.

Ойын шарты: Мақал-мәтел құрастыру. Қағазға жазылған мақал-мәтелдер бірнеше бөліктерге бөлініп беріледі, сол бөліктерден мақал-мәтел құрастыру керек.

Мысалы:

Ас

нан

атасы

 

 

 

 

Автор: dauke | 24-04-2015, 00:12
Қарау саны: 2931
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :