» » Шет тілдерді игерудің инновациялық тәсілдері


Шет тілдерді игерудің инновациялық тәсілдері

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу”-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны "өзгеріс" деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар "инновация” сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.






Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.

Шет тілін оқытуда білім беру стандарты бойынша бізге қойылатын талаптарды ескере отырып, ағылшын тілін оқытудың негізгі 3 аспектісіне көңіл бөлеміз.
Болашақ шетел тілі, оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі пәнді мектепте оқытуда төмендегідей: аспектті (тіл үш аспектіге бөлінеді: лексика, грамматика, фонетика, олар жеке жеке зерделенуі тиіс); құрылымдық (машықтану жаттығуларын көптеп орындау); трансформациялық; аспектті-құрылымдық; құрылымдық-функционалдылық; тақырыптық-ситуациялық (лексикалық); сюжетті-ситуацялық; сюжеттік; тәсілдерді игеруі тиіс.
Бұл тәсілдерді жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімі пәнді оқу барысында толық меңгеруі тиіс.

Инновациялық әдіс-тәсілдердің жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
• алдын-ала сенімділік туғызу;
• білімдерін бір-біріне жеткізу;
• бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
• Мен не білемін?
• Мен жаңаша нені білдім?
• Менің білімім қалай өзгерді?
• Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.





Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
Ескілер Жаңалар
Оқушы • Білім мен дағдыны игереді;
• Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
• Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
• Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
• Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау;
• Бақылаудан құтылуға ұмтылу. • өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
• білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
• бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;
• өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
• дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.
Оқу үрдісі • тәжірибе мен білімді беру;
• тұрақты білім негізінде оқыту;
• еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;
• білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы. • оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;
• сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;
• өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;
• оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.
Нәтиже • оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау; жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер. • Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
• өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
• білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

Практикалық бөлімде қолданылатын әдіс - тәсілдер
1. «Есте сақтау» диктанты
2. Шығармашылық диктант Мұғалім ннемесе оқушы жеке сөздерді фразаларды немесе сөйлем не әңгіме оқиды. Оқушылар не түсінді соның суретін салады. Салған суреттің астына атын немесе сол суретке сәйкес сөздерді, фразаларды не сөйлемдерді жазады.
Инновациялық әдіс – тәсілдер бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің мәліметтер кестесі
Кезеңдері Шақыру Іске асыру Рефлексия
Мақсаты • Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
• Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
• Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
• Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою. • Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
• Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.
• Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.
• Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау. • Жаңа білімді беру.
• Пән туралы бүтіндей көрініс жасау. Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.
• Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.
Тәсілдері • «Миға шабуыл»
• Болжам (сурет, портреті бойынша)
• Қажетті сөздер бойынша болжам
• Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер)
• Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы

• Кесте «Б–Б–Б» (домино) • insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
• Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету • insert таңбалау кестесі
• Шығармашылық жұмыс – синквейн
• қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу.
• Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
• Қажетті сөздерден кластерді бітіру. Шатысқан қисынды тізбектер
Нәтижелер • Маңызды тәжірибе
• Белсендірілген білім
• Қалыптасқан уәж (негіздеме) • Жүйелі білім
• Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту. • Берілген білім
• Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс
• Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

ХХ ғасырда педагогика саласында көптеген инновациялық педагогикалық технологиялар ашылғанымен, қазіргі уақытта оларды жалпы білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндерді оқыту барысында қолданудың жолдары сараланып көрсетілмеген. Сондықтан көптеген мектептер гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгергенімен оны тәжірибеде қолдануда қиындықтарға тап болады. Себебі, оқу-тәрбие үрдісінде гуманитарлық пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда қойылатын талаптар мен шарттар әлі күнге дейін зерттелінбеген.
Сол себептен, жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалануды теориялық жағынан негіздеу және оның педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін зерттеу арқылы әдістемесін жасау, мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларын қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру, әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асыру, әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқытуды жүзеге асырса мектепте оқыту тиімді болады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан–2030” Қазақстан халқына арналған жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық Экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Ілмек сөздер: технология. шет тілі
Автор: Зухра | 25-04-2015, 14:36
Қарау саны: 2193
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :