. Франция

№207 мектеп Қызылорда облысы, шиелі ауданы,Байсын ауылы Көпешбай Мұрат

9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Франция
Сабақтың мақсаты:
 Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
 Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
 Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
 Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
 Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
 Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
 Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Соғыстан кейінгі Франция
2. Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
3. Француз фашизмінің ерекшеліктері
4. Халық майданының қалыптасуы
Негізгі оқиғалар:
 1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
 1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
 1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
 1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
 1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
 1934 жылы Халықтық майдан құрылды
 1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
№ Лигалардың аты Лигалардың талаптары
1 «Француз әскери лигасы» Фашистік диктатура орнату
2 «патриоттық жастар» лигасы «Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.
3 «Әскери крест» «Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны»

Сабақты бекіту:
 Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
 Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
 Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
 Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді







Қорытындылау, бағалау:
Үйге тапсырма: §4
Ілмек сөздер: франция, франция тарих
Автор: Бодықова Гүлшат | 25-04-2015, 16:24
Қарау саны: 2984
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :