Ешкім де ешқашан ұмтылмайды » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ешкім де ешқашан ұмтылмайды


Ешкім де ешқашан ұмтылмайды

Өткенді ұмыту өшкендіктің, ал оны еске түсіру - өскендіктің белгісі.Әр қоғамның өзіне тән құбылысы мен оқиғалары болады десек, өткен ғасырдың сонау отты жылдары талайлардың жүрегіне жазылмас дерт, өшпес қайғы-қасірет алып келгені белгілі.
Сұрапыл соғыс 1941 жылы, 22 маусымда тұтқиылдан басталды.Неміс басқыншылары бастаған бұл соғысқа көптеген мемлекеттер қатысып, жасы да, кәрісі де қолдарына қару ұстап қарсы тұрды. Алғашқы кезде жау әскерлері мен қарулары басым болғандықтан, Кеңес үкіметінің әскерлері жеңіліп, кейін шегінумен болды.
Сол бір сұрапыл соғыс жылдары өрімдей жас қыздар мен жігіттер соғыс даласында от кешіп, қан жұтты.Бір үйден бес адамға дейін соғысқа аттанған жанұялар да болатын.Соғыста өлгендердің бәрі шейіт болғанымен, артында қалған анасы, қарындасы, баласы, жарлары сағат санап, күн санап олардың жолын тосып жүрді.Осы соғыста өзге ұлттармен бірге ерлік көрсеткен қаһарман қыздарымыз Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерліктері талайларды тамсандырып, аңызға айналды. Қазақтың батыр қыздары туған жер мен ел болашағы үшін өз өмірлерін құрбан етті.
Қазақ ұлтымыз - қашанда ерлік пен жігерлікті желбіретіп ту еткен, намысшыл халық.Өз жерін қай ғасырда болмасын дұшпандарға бастырмай, білектің күшімен найзаның ұшымен қорғаған болатын. Сол батыр бабаларымыздың қайсар ерлігін жаңғыртып, ел мерейін асқақтатқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегилдинов, Қасым Қайсенов, Жаппасбай Нұрсейітов сынды батырлар болатын.Заман өзгерсе де, елім деп еңіреген ерлердің еңбегі халқымыздың жадынан өшер емес.
Соғыс жылдары миллиондаған адамдар қаза тауып, қаншама адамдар белгісіз, хабарсыз кетті.Сол хабарсыз кеткен солдаттардың ішінде менің әжемнің әкесі де болатын. Ол кісінің есімі - Қопабаев Зікрия.Атамыз Жалағаш ауданында дүниеге келген. Әжемнің екі жасында, сонау 1942 жылдары Қызылорда жерінен соғысға аттанып, елге оралмаған. Тіпті, қай жерде қаза тапқаны да белгісіз.
Соғыс тағдыры – қатыгез тағдыр.Ол жасқа да, ұлтқа да қарамайды.Кеңес үкіметі кезінде, отты жылдары еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін зардап шекті.Сол бір аты өшкір соғыс қайта айналып келмесе екен.Егеменді еліміз 70 жылдығын ғана тойламай, жүз жылдығын, тіпті мың жылдығын тойлап бейбіт өмір сүрсе екен. Өйткені осы соғыстың зардабы ғасырларға татиды.Ұлы жеңістің 70 жылдығы жасасын, елімізге мәңгі бейбіт күн орнасын!
Автор: Mейиркуль | 25-04-2015, 21:26
Қарау саны: 1292
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Мейиркуль - 26 сәуір 2015 20:48
Сіздердің сайдқа кіру қалай проблема болып кеткен пароль логин жазсақ, аша алмай әлекке қалып жатырмыз?

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :