«Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлекцияның ықпалы» » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » «Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлекцияның ықпалы»


«Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлекцияның ықпалы»

«Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма
рефлекцияның ықпалы»
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі әлемдегі өзгерістер - қоғамның дамуына ықпалын тигізетін оңтайлы өзгерістердің бірі .Өзге елдермен терезесі тең болуды ойлаған егеменді мемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі - жаңа форматтағы мұғалімдерді оқытып даярлау.
Білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі ол өзгермелі өмір жағдайына бейімделген, өз жолын дұрыс таңдай білетін, жаңа тұлға дайындау болып отыр.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында:«Ұлттық бәсекелестіктің қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады,» - деп айтылған.Осыған байланысты мектепте, жалпы оқу орнында болып жатқан жаңа реформалар мен өзгерістер - қазіргі таңда болып жатқан заңды, заман ағымына сай құбылыстардың бірі.
Жаңа заман ағымына сай мұғалім болу, жас ұрпақты әлемдік әдістермен тәрбиелеу- әрбір шығармашыл ұстаздардың басты алға қойған міндеттерінің бірі.Осы бағытта деңгейлік оқу оқыған мұғалімдердің жасап жатырған еңбегіне болашақта оңтайлы нәтиже беретініне егеменді мемлекет үлкен үміт артуда.
Рефлекция - бұл іс-әрекетті зерттеу тәсілінің бір бөлігі. Жалпы іс-әрекетті зерттеу - бұл мектеп үшін жүргізілетін шара.Ал іс-әрекетті зерттеу болған жағдайда, оның нәтижесі мен алға қойған мақсаты болатыны белгілі.
Кеммис пен Мак Таггарттың спираль бойынша зерттеу айналымында ең алдымен: жоспар, іс-әрекет, қадағалау, содан кейін рефлекция екенін жасап көрсеткен болатын.Кәсіби оқыту негізінен мұғалім бақылауындағы зерттеу айналымында қалыптасып, сыныптағы жағдайды бақылау, сонымен бірге мектептегі білім тәжірибесі мен мәдениетін бақылау арқылы оқу үдерісінің жетілуіне жағдай жасап, мұғалімнің кәсіби дамуын арттырып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады.
Бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі – іс-әрекетті зерттеу болып табылады.Осы зерттеуді кең көлемде талдап көрсетететін болсақ, ол ең алдымен, мектеп мұғалімдерінен, ата-аналардан, оқушылардан сауалнама алу арқылы, мектеп басымдықтарын анықтап, нәтижесінде мектептің дамыту жоспарын дайындап шығару болып табылады.
Рефлексия - оқушылардың білімін дамыту үшін қолайлы тәсілдерді табудың жолы.Ол қазіргі таңда білім саласындағы басты мәселелердің қатарына жатады. Рефлексияның мақсаты – білімінің тимді тәсілімен меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлекция - сонымен бірге оқушылардың білім,білік, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту жолындағы басты қадам. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерін меңгертуді талап етеді. Ол бірінші кезекте оқу әрекетін қалыптастырудың негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатына жеткізуді көздейді.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс болғандықтан, ол тек білім алудың белгілі сатысымен шектелмейді. Болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан оқушыларының оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ.
Оқу әрекетін дұрыс таңдап, оқушылардың білімді өз қажеттілігімен меңгеруін қамтамасыз ету, алған білімдерін мектептен тыс жерде өмірмен байланыстыру- жаңашыл бағыттағы мұғалімнің алға қойған басты міндеті.Осындай күрделі де ауқымды мәселелерді шешу барысында рефлексивтік іс-әрекет, оқушыға өзіндік талдау кезінде байқалатын, өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты
Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп, білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негін саралай отырып, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Қорыта келгенде, рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Рефлексияның басты мақсаты алдағы жұмыстарда кемшілікті жібермей, өз ісіне сыни қарап, жүргізілген жұмыс нәтижесін дұрыс талдап, баға беру арқылы оқушыларға оңтайлы оқу әдісін қолдана білу.Білім мен білік дағдысын дұрыс таңдау жасап қалыптастыру арқылы оқу үшін де, оқытушы үшін де зерттеудің оңтайлы тәсілі болып табылады.
Ілмек сөздер: педагог, жаңа педагог
Автор: Mейиркуль | 25-04-2015, 21:43
Қарау саны: 2797
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :