Сексеуілдің күлінен алынатын-қара сабынның қасиеті. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Сексеуілдің күлінен алынатын-қара сабынның қасиеті.


Сексеуілдің күлінен алынатын-қара сабынның қасиеті.

Тақырыбы: Сексеуілдің күлінен алынатын-қара сабынның қасиеті.

 

Зерттеу мақсаты:Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .

Міндеттері:

1.Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.

2.Сабын алудағы химиялық реакцияларды зерттеу.

3.Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.

Зерттеу нысаны:сабын жасау үрдісі (шикізат, шикізат сапасы, өнім, өнім сапасы)

Ғылыми болжамы: Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырады.

Өзектілігі:

Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді пайдалану.

Зерттеу кезеңдері:

І.Ізденіс. Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.

ІІ.Мәлімет жинау.Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.

ІІІ.Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.

ІV.Талдау жасау.Сабынның пайдасын зерттеу.

Зерттеу тәсілдері:ақпарат жинап, танысу,жоспарлау,талдау, салыстыру,іздену, зерттеу.

Зерттеу жаңашылдығы:Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

 

 

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

2.1. Сабынның шығу тарихы
2.2 Қара сабынның жасау технологиясы және химиялық реакциялар
2.3Қара сабынның керемет қасиеті
ІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

№41 М,Шоқай атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Ерболатұлы Исламның "Таза табиғи орта Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың кезеңі” бағыты бойынша "Сексеуілдің күлінен алынатын қара сабынның қасиеті” деген тақырыпта жазылған ғылыми жобасына

 

 

Пікір

 


Бағзы халқымыздың көшіп - қонып, жаз - жайлау
, қыс - қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір - қоңын киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Ислам ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Ол ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Исламның ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін.

 

 

Жетекші:

№ 41 М. Шоқай атындағы орта мектептің
биология-химия пәнінің
мұғалімі: Байдраманова Ж.

 

 

 

 

I. Кіріспе

Мен Ерболатұлы Ислам қазіргі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе аулында 2002 жылы дүниеге келдім. Бұл жылдары еліміздің түпкір-түпкіріндегі ауылдар көптеген өзгірістерге тап болды: совхоздар жекеменшік иелеріне өтіп, мал саны азайып, жұмыссыздық белең алды. Бұл жағдай менің туған ауылыма да соқпай кетпеді. Еңбекақы берілмей, орнына тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Біздің ауылда тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек заттар ауыл дүкендерінен табылмайтын. Сондықтан ол заттарды қолдан жасауға тура келетін. Әлі есімде бір күні әжем қойдың майының шыжығын пайдаланып қара сабын жасап жатқанын көрдім, және ол процесс мені қатты қызықтырды. Қосымша биология сабағында пән мұғалімі Байдраманова Жанна Бегділдақызы сабын қайнату және сабын қайнату технологиялық әдістері туралы түсінік беріп, осы тақырыпқа «Кім ғылыми жұмыс жазады?» деп ұсыныс айтқан кезде мен бірден келісе кеттім. 2012-2013 оқу жылының сәуір айынан бастап мұғалімнің көмегімен күнделікті тұрмыста сабын жасау әдісін зерттей бастадым./1/

Ең басты керекті әдебиеттерді оқып, материалдар жинай бастадық. Сабын жасап көрген әжелермен сұхбаттасып, материалдарымызды толықтырдық. Сабын жасайтын керекті заттарды: май түрлерін, өсімдіктерді танып-білуге арналған материалдарды оқып, өсімдіктерді жинап, кеппе шөп жасадық. Күзде сексеуіл ағашын жинап, кептіріп, өртеп, күлін жинап алдық. Күл неден тұрады, сақар дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап іздеп, біраз химиялық тәжірибелер жасадық. Қыс бойы соғым етінің сүйектерін жинадық. Сөйтіп теория жағынан түгелдей дайын болып, тәжірибелік жағын жасау қалды. Жоспар бойынша тамыз айында сабын қайнатып, дайын өнім жасай аламыз деген үміттеміз.

Адамзаттың даму жолында әр түрлі қажеттіліктерге байланысты көптеген заттарды өздері табиғатты пайдалану арқылы жасап шығаруға тура келді. Қазіргі кездерде ғылыми жобаларға, өзге мемлекеттердің соңғы жаңалықтарына қарап қызығушылық білдіретініміз хақ. Бірақ, тарихқа үңілсек, барлық адамзат секілді қазақ ұлты да өз өмірлерінде табиғатты дұрыс пайдаланудың арқасында мақтанышпен айтуға лайық заттар жеткілікті жасаған. Ең бастысы бүгінгі заманда да маңызды және сұранысқа ие боларлықтай дүниелер баршылық. Ұлтымыз табиғатты, табиғи заттарды өте ұқыпты пайдалануға ерекше назар аударған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын жетік меңгерген. Өнімдерді қалдықсыз, үнемі пайдаланған. Біздің ата-бабаларымыз ерте кездің өзінде-ақ жаратылыстану ғылымдарының бірі химияның негізгі күрделі ұғымдарын үй тұрмысында кең түрде қолдана білумен қатар ұрпақтан-ұрпаққа үйрету арқылы келешекке жеткізіп отырған. Бүгінгі күнде олардың тұқымдарын тиімді пайдалана білу, үйрену, қажетіне қарай қолдана білу әрбір жас ұрпақтың өз халқына деген мақтаныш сезімін арттырады және бұл ғылымды оқып білуге деген құштарлығын оятары хақ./2/

Солардың кейбірі бүгінгі тұрмысымызда сабын жасау ісі ұмыт болып бара жатыр, сол себепті халқымыздың бұл өнерін қайта жаңарту үшін пайдалы жақтарын және өнімнің табиғи таза екенін жарнамалау арқылы күнделікті тұрмысқа еңгізсек деген оймен осы жұмысты жасауға бел будық.

 

 

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!
Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.

Сексеуіл- түрік сөзі , қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді. Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Олар әбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Жеті қат жер астынан кен іздеушілер еліміздің заңдары бойынша орман қорының меншігіндегі аумақта бұрғылау ісін орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға ішінара белгіленген алқапта,сынған бақтақтарын, қурағандарының санитарлық мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердің ауласында тау-тауболып үйілген сексеуіл дөңкелері оған місе тұтушылықтың, қанағатшылдықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр.

Сексеуіл егістік қорғау қормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Сексеуіл ормандарын мемлекет өз қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде самолетпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сөз бар емес пе? Бүгін де кең-байтақ қазақ жерінің 60 пайызы шөлді аймаққа айналып, топырақтың құнарлылығы төмендеп, тұзданып барады. Сәйкесінше,мал және өсімдік шаруашылығындағы өнімділік азайды. Қоршаған ортаға орасан зор залал келіп, халықтың денсаулығынашарлап кетті.

. Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Жапырақтары өте кішкене. Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт.

Органикалық заттар өркендерде ғана бар. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ – ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпілдектері болады, сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде және қыста жейді. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар.

Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 10-12 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір шырынды жас бұталары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы ажырайды. Бұларшоғырланы пөседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Біздің елімізден басқа Орта Азияның шөлді, құмды, сортаң жерлерінде көп кездеседі. Сондай-ақ, тақыржерлерде де өсуге бейім. Қарасексеуілдің де жас әріжұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді.

Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жазжайлау, қысқыстауда күнелтіп жүріп, өзініңкір - қоңын, киім - кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлысырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халы өз іқолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.

ІI Негізгі зерттеу бөлімі

2.1 Сабынның шығу тарихы.

Сабын— жоғары майқышқылдарыныңтұздары.Тарихтасабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы,римдіктердіңсабын қайнатқаны туралы дәрігерГаленніңшығармаларында жазылған;Әбу Әли ибн Синаөз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны жәнеВизантиядасабын жасалғандығы туралы мәліметтер бергені белгілі. Алскифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралыГеродотжазған. 9 — 10 ғасырлардаОрта АзияныңАсбара(Исфара),Бахи,Термезқалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған.

Сабын – тілімізгеарабтың«сабун» [2.2] деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөніненМарсельпортты қаласының аты әлемге әйгілі болды.Ресейдесабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды.

Ал біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтардың малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған алабота шөбін өртеп,оның күлін жинап, қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін салып әбден қоюланғанша оқтаумен бұлғапотырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан алып, салқындатып, сабынның пішініне келтіріпжасаған. Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп атаған. Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бүзаубас"сабын деп атаған. Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған.

2.2 Сабын жасау технологиясы және химиялық реакциялар.

Сабын —кристаллқатты заттар, 220 — 270°С-та балқиды; ыстық суда,органикалықеріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтангидролизгеұшырайды. Мысалы, RСООNа+HОH®R—СООH+ +NаОH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, СH3, С2H5, С3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары [3]. Олардыглицеринмен әр түрлі майқышқылдарыныңэфирлеріболып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады .Өнеркәсіптікжолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, КОН, сода, NаОН,сақар,конифоль,нафтен, т.б.) қолданылады [4.]. Майдыңгидролизіненалынған ерітінді қатайғанда,глицеринібар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май

 

 

қышқылдарыныңтұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын,медицинадақолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары,металлургияөнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады

Сақар – сексеуілдің күлінен дайындалады..Сақар— калий карбонаты,поташ.Химиялықформуласы: K2CO3. Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат,ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі.Суда жақсы ериді. Сақарды KOH ерітіндісіне CO2 -мен әсер ету арқылы жәнеглиноземөндірісінде қосымша өнім ретінде алады. Сұйықсабын, арнайы шыны алуда және тоқыма өнеркәсібінде,фотографияда, т.б. қолданылады.Сабындану рекциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүреді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы түзіледі (сабын) [5]:

май + NaOH > глицерин + сабын

CH2-O-OC-C17H 35 CH2-OH

CH-O-OC-C17H 35 + NaOH > CH-OH + 3 C17H35COONa

CH2-O-OC-C17H 35 CH2-OHнатрий стеараты

май натрий глицерин (қатты сабын)

гидроксиді

түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады.Сабынды жинап алып,пішін береді.Хош иісті заттар, бояулар және тағы басқа қалауы бойынша заттар қосуға болады.

Қазіргі кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алып [6]

2 С36Н74 + 5О2 > 4 С 17 Н35 СООН + 2 H2O

түзілген қышқылды бейтараптау арқылы сабын алады :

С 17 Н35 СООН + NaOH > C17H35COONa + H2O

натрий стеараты

Әжелеріміз майға сақар қосып «қара сабын» жасаған. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша сексеуілді жинап алып, өртедік.

Жанып болған сексеуіл, күлін суығаннан кейін кендір қалтаға салып, жинадық. Егер күлдің қорытындысы кесек-кесек болса , ондай қорытпадан мол сақар алуға болады. Көп сақар алу үшін де күл көп болуы керек. Жиналған күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына тегене қойып, сосын күлдің үстіне қайнап тұрған суды құйдық.Төмендегі аққан сумен бірге күлдің сөлі, нәрі сумен бірге аға береді. Тегенеге аққан суды тұндырып алып, тұнған суды тұнбасынан айырып , майланған қазанға құйып қайнаттық.

Сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салып, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қостық. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құямыз да, еппен қайната бастаймыз. Қазанымыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырдық. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырдық. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаның болды деуге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар ғажайып - табиғи қара сабын./7/

Осыларды ескерсек ата бабаларымыздың тұрмыстағы химиялық үрдістердібілгендігінің айғағы. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналыды.

Сабын жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сабын жасауына қарай да адамдарға баға беріп отырған. Сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп қалса, дұрыс жасалынбаса, ол адамның жолы ауырға санаған. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сияқты. Ауыл адамдары кім сабын жасған үйге сәлем айта келеді, сабын қалап сұрайды. Осы дәстүрді білетін жұртшылық, сабынды шүберекке ораған кезде қазанның түбінде азырақ бөлігін бөлек алып қалып, бала­ларға сақтайды, көршілерге , сұрап келген ауыл-аймаққа береді. Сабыннан берекет, үйден құт кетпесін деп ырымдап береді.

Қара сабынды жасардағы ырымдар:
1. Үйдің айналасы оңаша тыныш болған
2. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген
3. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген
4. "Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген
5. "Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.


2.3 Қара сабынның керемет қасиеттері


Қара сабынның керемет қасиеті:
1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.
2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)
3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.
5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)./8/


ІІІ. Қорытынды

Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Үй ішін де, түскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан.Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Еліміздің әр өңірінде халық тұрмысына ыңғайлап өздеріндік атаумен яғни диалектілермен атау да кездеседі.Қазіргі күннің өзінде халық арасында жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде бет - әлпеттеріне шығатын түрлі жағымсыз бөртпелерге және әр түрлі қышымаларға (қазіргі кезде аллергия деп аталады) да емдік дәрі ретінде пайдалану кең етек жайған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жұмыстың маңызы ерекше. Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.


Қолдан жасалған сабын несімен тартады?
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұлдүкендегіұсқынсыз, химиялықхошиістісабынкесегіемес, оныңәршығарылымыөздігіненқызықтыәріерекше.
• Сабындықолданжасаубарысындаклиенттіңқалауы мен қажеттіліктеріескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайытапсырысбойыншажасалынаалады.
• Қолданжасалғансабынжасбалаларға да, жасыүлкендерге де ерекшесыйлық бола алады..
Ұсыныс:

1. Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал ауруы аусылды қара сабынның сақарымен емдесе.

2.Сабынды ауылдық жерде дайындалу іске асырылса.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. 456 бет.
  2. К.Кайым, Р.Сатимбеков, А.Аметов, Ж.Кожантаева . Биология жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: « Атамұра», 2007.
  3. Әдістемелік хабаршысы.Білім жүйесіндегі кадрларды қайта даярлау қалалық орталығының ай сайын шығатын әдістемелік жинағы. 2000,3
  4. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет .
  5. Н.Нұрахметов, Р.Жұмадилова, Ә.Темірболатова, С. Әлімжанов . Химия Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 11-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2011, 217-223 бет.
  6. Н.Н. Нұрахметов, К.Б.Бекишев,Н.А.Заграничная . Химия Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 10-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2010. 212 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 25-04-2015, 22:32
Қарау саны: 2844
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :