«Сындарлы оқыту : бүгіні мен келешегі» » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » «Сындарлы оқыту : бүгіні мен келешегі»


«Сындарлы оқыту : бүгіні мен келешегі»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы
№226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі , I деңгейді игерген Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы


эссе
«Сындарлы оқыту : бүгіні мен келешегі»
Cындарлы оқытуда мұғалім нені және қалай жүзеге асырулары қажет?
Бұл сұраққа жауапты әрбір ұйымдастырылған іс тәжирибелерге жазған өз рефлексияларымды парақтай отырып ,зерттеу жүргізу арқылы көз жеткіздім.
Оқыту бағдарламасының жеті модулі туралы бүгінгі сабақты талдау,өз тәжірибелерін интерплатациялау түрінде ұйымдастырылды.
Интерплатациялау- латын тілінен аударғанда мағынаны жеткізу,түсіндіру деген ұғымды білдіреді.Қандай да бір құбылыс,оқиға,үдеріс немесе мәтіннің мәнін ашып ,мағынасын ажырату, түсіндіру және мағынасын жеткізу дегенді білдіреді.
Топ мүшелері жеті модульдің де сабақтың өн бойында бір-бірімен байланыста болатынын айты. Менің ,тек дайын нәрсені меңгеріп,қабылдауға дағдыланғаным бүгінгі сабақтарда да байқалды.
Өзіміз оқып,талдап,өзара оқып,ұғындыру мақсатындағы іс-әрекеттеріміз кей жағдайда сәтсіз шығып жатқаны бізді,әрине,қынжылтты. Тек бағыттаушы тренерді күтіп, ұғынып алу дағдымыз тез жұмыс жасап ал өздігімізден оқып,өзара бағалау және өзіндік реттелуіміз әлі де төмен екені байқалады. Бұл іс-әрекеттердің барлығы тәжірибе барысында жүзеге асатыны белгілі.Біз,бірінші деңгейді оқып жатырған мұғалімдер, осындай іс-әрекеттер жасағандықтан яғни дайын нәрсені алуға дағдылану ,сол секілді біздің алдымыздағы оқушыларымыз да өздігінен оқу ,зерттеу жұмыстарын жасау қырларынан әлсіз екені қалыпты.Біздіңм осындай қалыпта отырғанымыз коучқа қатты әсер беріп оның аффектік факторды яғни қызметіне әсер ететін эмоциональдық факторды бойынан байқадым.
Міне, сондықтан да мектеп мұғалімдері жаһандану өзгерісіне сай өзгеруі қажет деп ой түйдім. Негізі мен деңгейлік оқудың ең алғашқы сессияда қозғалған «Мұғалімдер неге өзгеруі керек ?»деген сауалга сыңаржақты қарағанмын. Ал кешегі сабақтан соң мектеп мұғалімдерінің өзгеруі туралы пікірім өзгерді.Оған не әсер етті?
Себебі: мұғалім өзгерсе, оқушыға қалай оқу керектігі анықталып,сол арқылы оқушылардың білімді меңгеру дағдылары яғни өзін реттеуі,метатаным дағдылары қалыптасатыны анық.
Метатаным дегеніміз не ?
Метатаным –оқушылардың өздігінен оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі, ашып айтар болсам алдына мақсат қойып оны оқып ,біліп,талдап,ұғынудың жолдарын қарастырып,тиімді әрі қолжетімділігін пайдалану.
Біз Орта мерзімді жоспарлау барысында ең алдымен жеке мәтінді оқып,жұпта талдап,топ болып мәнін ашуға тырыстық. Оқу мақсаттары мен оның нәтижелері туралы Л.Выготский енгізген ЖАДА көмегімен мәліметтерді ғаламтордан іздеп,анықтаманы түйіндеу қажет деп шештік.
Мен үшін Орта мерзімді жоспарлауды талқылау барысында қиын соққан ұғым не болы?
Орта мерзімді жоспарлаудың дәстүрлі оқытуда қолданып жүрген күнтізбелік жоспардан қандай айырмашылығы және ұқсастығы бар?
Ең әуелі қолымда бар Мұғалімге арналған нұсқаулық пен үлестірме материалдар бойынша конспект жасадым,бұл менің жасаған алғашқы қадамым, екінші қадамым үшінші деңгейді оқыған әріптесіме хабарласып өз тәжірибесімен бөлісуді өтіндім.Әріптесімнен ОМЖ мен дәстүрлі оқуда қолданып жүрген» Күнтізбелік жоспардың қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?» екенін және өзінің пікірін білдім.Менің түсінгенім ең алдымен айырмашылығын сараптап алғым келді . Айырмашылығы : мақсат пен күтілетін нәтиже ,кедергілерді жою мақсатында қолданылатын ресурстар,оқушының қаншалықты меңгергенін білу үшін оқыту үшін бағалауды қолдану,тарауға,тоқсанға,жылға жасалатыны және жылға араналғаны ұзақ мерзімді жоспар екенін түсіндім. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді мен қысқа мерзімді жоспарлау арасында өзара байланыс болады және бұл жоспарлаулар біртіндеп толықтырылып отыратынын білдім.Ұқсастығы: стандартқа сай білім беру,оқулықтардың бірдей болуы және дерек көздер бұрын пайдаланылған әдебиеттер деп жазып жүрдік ,екеуінің де атқаратын қызметтері бірдей.
Менің түйген ойым; Орта мерзімді жоспарлау барысында мұғалім оқу мақсаттары мен оның нәтижелеріне,сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма ,жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді деп шештім. Келешекте мен жіберген кемшіліктер жетістікке айналуы қажет деп ой түйдім.
Сараптаушының немесе топ жұмысының талапқа сай болмауы мектеп тәжірибесінде орын алатын шынайы құбылыстар. Мен сараптаушының осылай төменгі деңгей қойып бағалағанына бір жағынан қуандым. Себебі: кез келген адамның қателігі болуы шынайы дүние .Біз де дәл осындай шынайы дүниені өз бойымыздан топ болып сезіндік . бірақ біз бір нәрседен ұттық деп ойлаймын . Бұлай ойлауыма не себеп?
Оқушы бойларынан өтетін сезімдерді біз нақты түсініп оны түсінуге сенімін арттыруға қалай жұмыс жасау керектігін ,қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын пайым жасадық .Дәл осылай жағдай сыныптағы топтарда болса біз бұл кедергілерді жою амалдарын қолдану дағдыларын меңгердік деп айта аламын. Яғни, сыни ойлау,өз-өзін реттеу,мұғалім тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету,қателермен жұмыс жасау үшін уақыт бөлу қажет екенін үйрендік.
Циммерман өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.
Не түйдім ,нені меңгеріп қалай өзгердім?
Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз.Қателіктен сабақ алып ,сындарлы ойлап,өз-өзімізді рететсек өз-өзімізге деген сеніміміз нығая түседі,ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу дағдысы бойымызда қалыптасты және дағдыларды табысты қолдана аламыз деп ой түйдім.
Жұмыс барысында мұғалімдердің өткізген сабақтары ,қолданған әдіс-тәсілдерін зерттеу тобы болып талдап,бірлесе жоспар құрып,алға міндеттер қоюға мұғалімдер дағдыланып,төселіп қалды деп толық айта аламыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі III деңгей бойынша білім игеріп жатырған X қазақ әдебиеті пәнінен Қ.Бекхожжин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасына өткізілген сабағынан алған әсерім:
Сабақ тың алғашқы кезеңінде «Шаттық»шеңбері н құру әрекеттеріне әлі де дағдыланбаған ы байқалды. «Бір тілек»тренингін ұйымдастырған сәтте мұғалім бойынан сабырсыздық байқалды,себебі: балалар тез ілесіп кете алмай жатты.Менің ойымша,мұғалім өзі болып еніп кеткенде балалар тез бейімделер еді.Ал керісінше,Хронологиялық кестемен жұмыс жасау оқушыларға қиындық келтірмеді.
«Кір жаятын жіп» әдісін қолдану арқылы топтық жұмыстар орындалды.Алайда,топтағы бірлескен жұмысқа әлі де дағдыландыру қажет екені көрінді. Топтар арасында әлеуметік мақсат мәселені бірлесіп шешу ,ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу төменгі сипатта болды.
Не себеп деген ой мені мазалады?
Менің сабақты зерттеуімнің барысында байқағаным;А деңгейлі оқушы В,С деңгейлі оқушылардың пікір білдіруіне кедергі келтіруі байқалды.
Кейбір С деңгейдегі оқушылар жұптық тапсырмаларды орындау барысында өздерінің ерік жігерлерін көрсетті,алайда бойларындағы табандылық топтық жұмыста баяу көрінді.
Маған өзіме ұнаған әрі өз тәжірибеме қажет деп есептеген әдіс: «Альпинистер»атты рефлексияны қолдануы.Бұл рефлексия өзіндік ерекшелігімен мені қызықтырды әрі осындай тәсілмен қолдану әріптесімнің шығармашыл ойлай алатынын тағы бір дәлелдей түскендей.
Сабақта мұғалім өзін еркін сезінбегендіктен,сабаққа әлі де оң өзгерістер әкелу қажет деп ойлаймын.Мұғалім бүгінгі сабағында тың әдістерді мол пайдаланғысы келді,бірақ теорияны меңгертуде әдісті шектен тыс қолдану мұғалім мен оқушыны да жалықтыратын секілді.
Алдағы сабағында мұғалімнің өз сабағының арнайы «қожасы »болғанын көргім келеді.
Әрбір бұғалім сабақтарында сындарлы оқытуды тиімді пайдалана алса ,өз сабақтарының «қожайыны »болатыны сөзссіз,бұл қызмет түрі ,әрине ,сізге расымен де сындарлы оқытудың келешегін көрсетіп тұрғандай...



Автор: Мирамкул Жолекеш | 26-04-2015, 16:58
Қарау саны: 2009
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :