» » Информатика дарабозы


Информатика дарабозы

Тақырыбы: Информатика дарабозы
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін
іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта
болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация,
Плакат, шар, бейнесұрақ.
«Ақжелкен» демалыс алаңында ұйымдастырылған «Информатика дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар – деген Жүсіп Баласұғын.
Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:
1. Сариева Қанымкүл – оқу-тәрбие завучы.
2. Бекмырзаева Мадина – физика пәнінің мұғалімі
3. Ержігітов Есенгелді – психолог, орыс тілі пәнінің мұғалімі
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз салемдемелерін жолдайды:
1. Тұрлыбаева Мөлдір 5 сынып
2. Шүкірбаева Сымбат 5 сынып
3. Темірхан Еркеғали 6 сынып
4. Әбдімажит Нұрбатыр 6 сынып
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» -
дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.
І. Кім жүйрік
ІІ. Анаграмма
ІІІ. Дода.
ІV. Жорға
«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» -
деп келесі «Кім жүйрік» кезеңін бастаймыз. «Кім жүйрік» кезеңнің шарты: Ойыншылар экранда ұпайлары көрсетілген жәшікті таңдайды және дұрыс жауап берсе , сол ұпайды иеленеді. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді.
1) 5 – Компьютер теледидары (Монитор)
2) 10 – Компьютердің миы (Жүйелік блок)
3) 15 – Зиянкес бағдарлама (Вирус)
4) 20 – Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
5) 25 – Компьютердің маманы (Программист)
6) 30 – Бүкіләлемдік желі (Интернет)
7) 35 – Мәтіндік редактор (Word)
8) 40 – Қатқыл диск қайда орналасқан? (Жүйелік блокта)
9) 45 – WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск- Все программы-
стандарные- WordPad)
10) 50 – Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (Информатика)
Осы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Анаграмма кезеңінде сіздер берілген әріптерден сөз құрап, анықтама беру керек. Сұраққа тез, жылдам жауап қайтару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сұрақты ұпайы аз оқушы таңдайды.
1. Монитор
2. Дискета
3. Компьютер
4. Курсор
5. Джойстик
6. Микрофон
7. Тінтуір
8. Файл
Осы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер,
Ойланып тұрып қалмай,» -
деп доданы бастаймыз. Дода кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Бұл кезеңде тарау бойынша сұрақтар беріледі, кейбіреуі бейнесұрақ түрінде берілген. Ұпайы аз оқушы бірінші болып бастайды.
ИНФОРМАТИКА:
10. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы (Ток)
20. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-
Стандарные- Калькулятор)
30. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар? (Тышқан)
ТАРИХ:
10. Мұсылман діні (Ислам)
20. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
( 1991 жылы, 16 желтоқсан )
30. Ақ алтын ( мақта )
ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР:
10. Тамақ істерде қазанға бірінші не саламыз? (Көз)
20. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
30. Барлық адам әдетте кімнің алдына барған кезде бас киімін шешеді?
(Шаштараз)
Ән:
10. «Атамекен» Ескендір Хасанғалиев
20. «Ертегілер әлемі» Айгерім Қалаубаева
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін аладарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады» -
деп соңғы кезеңді бастаймыз.
Жорға кезеңінде шарды жарып, берілген сұраққа 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап береміз. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ақпаратты баспаға шығару құрылғысы. (Принтер)
3. Блокнот дегеніміз не? (Жазуға арналған программа)
4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)
6. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (Жүйелік блок, монитор,
пернетақта, тышқан)
9. Ақпарат тасмалдаушылар (Диск, флешка)
10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (Модем)
11. Жойылған файлдар орналасатын қапшық (Себет)
12. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы
(Сканер)
13. Дыбыс шығаратын құрылғы (Колонка)
14. Перне тақта қандай құрылғы (Енгізу)
15. Delete пернесінің қызметі (Әріпті жою)
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз –
дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Қорытындылаймыз!
Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты интелектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Автор: Tanatar | 27-04-2015, 11:46
Қарау саны: 1638
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :