Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық параметрлер. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық параметрлер.


Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық параметрлер.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылы № 207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мұстафаев Роллан

Тақырыбы: Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық параметрлер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға термодинамикалық параметрлер, температура ұғымдарын түсіндіру.
Температуралық шкалалармен таныстыру. Термометрдің жұмыс істеу принциптерін
түсіндіру.
Дамытушылық: Дүниетанымдарын кеңейту, білімдерін көтеру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу.
Түрі: жаңа материалды меңгерту
Көрнекілігі: термометр, түрлі – түсті суреттер, электронды оқулық
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Үй тапсырмасын қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Жаңа материалды бекіту
6. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру
8. Оқушыларды бағалау

Бізді қоршаған әлемнің қыры мен сырының соншалықты көп екені қайсымызға болса да таңсық емес. Бізді сан алуан денелердің орасан зор мөлшері қоршап тұр және олардың өлшемдері мен пішіндерінің сантүрлілігі таңдай қақтырады. Бұл денелерді физикада макроскоптық денелер немесе жай ғана макроденелер деп атайды. Макроденелерді сипаттау үшін термодинамикада айрықша физикалық шамаларды пайдаланады. Бұл шамалар термодинамикалық параметрлер деп аталады. Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Оған қысым, көлем, температура жатады. Дене бір күйден екінші күйге өткенде, оның термодинамикалық параметрлері өзгереді. Мұндай кезде дененің белгілі бір күйі жайлы емес, өтетін процесс жайлы сөз етеді. Сонымен, термодинамикалық процесс дегеніміз – қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Барлық макроденелер микроденелерден тұрады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы макроденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.
Әрбір физикалық шама белгілі бір информация береді, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы, макродененің массасы – денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем – дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы – газдың бірлікауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.
Молекулалық физикада, оның ішінде термодинамикада температура деп аталатын шаманың алатын орны зор. Жылулық тепе – теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе – теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Дененің жылулық тепе – теңдік күйі кезінде температураның барлық нүктелерде бірдей болуы температураны өлшеуге пайдаланылады. Дене мен температураны өлшейтін аспапты – термометрді тікелей жанастырсақ олардың температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе – теңдік орнайды.
Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттерінің температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады. Егер осы өзгерістер мен температура арасында функционалдық тәуелділік болса, онда оларды термометрлерді жасауға пайдаланып, дененің темепратурасын анықтауға болады. Денелердің температурасын өлшеуге пайдаланатын заттарды термометрлік денелер деп атайды. Одан әрі термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратын белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады, сондықтан температуралық шкалалар әртүрлі. Осы күндері температуралық шкалалар тобфнан практикада үшеуі қолданылады, олар:



1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фаренгейт ұсынған. Реперлік нүктелер: 00Ғ – 1709 ж.ерекше суық қыстың температурасы; 320Ғ – мұздың еру температурасы; адам денесінің қалыпты температурасы 980Ғ. Бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 2120Ғ. Фаренгейт шкаласын АҚШ – та пайдаланады.

2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 00Р – мұздың еру температурасы; 800Р – судың қайнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742 ж.швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 00С – мұздың еру температурасы; 1000С – судың қайнау температурасы.
Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағылшын физигі Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Ол 1848 ж.абсолют температуралар шкаласын енгізді. Кельвин бір ғана реперлік нүктені, денедегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалыстары толық тоқтайтын 0 К температураны алуды ұсынды. Бұл температураны температуралардың абсолют нолі деп атайды. Бұл тоериялық жолмен алуға болмайтын ең төменгі температура. Басқа температуралар тек оң болады. Цельсий шкаласы бойынша -2730С температураға Кельвин шкаласы бойынша 0 К сәйкес келеді. Сондықтан абсолюттік температура Цельсий шкаласы бойынша температурамен мынадай байланыста болады:
Т = t + 273.
Термометрлердің негізгі түрлерін қарастырайық.
1. Спирттік немесе сынаптық түрі. Олар сұйық көлемінің температураға тәуелділігіне негізделген.
2. Газдық түрі газ қысымының температураға тәуелділігіне негізделген.
3. Электрлік түрі электр кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген.
4. Пирометрлер. Олар заттың оптикалық қасиеттері мен сәуле шығарғыштық қабілетінің температураға тәуелділігіне негізделген. Пирометрлердің көмегімен жоғары температураларды өлшеуге болады.
Температураны макроденелердегі молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі деп санауға болады. Жеке – дара молекулаға температура түсінігін қолдануға болмайды.

Бекіту сұрақтары:
1. Қандай денені макроскоптық дене деп атайды?
2. Температураның физикалық мағынасы қандай?
3. Дененің температурасын қалай өлшейді?
4. Термометрлік дене дегеніміз не?
5. Мына температураларды Кельвин шкаласы арқылы өрнектеңдер: 270С; -1750С; 1000С; 00С.
6. Мына температураларды 0С-та өрнектеңдер: 4К,180К, 310К, 420К.

Есептер шығару.
№450 (Рымкевич)
Массасы 5,4 кг алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?

№451
500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?

№452
100 моль сынаптың көлемі неге тең?

№457
Массасы 135г алюминий зат ішіндегі атомдар санын анықтаңдар.

Үйге тапсырма: §4.4 оқып келу. №454 есепті шығарып келу.
Автор: Ләзиза | 28-04-2015, 22:39
Қарау саны: 5038
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :