» » Ұлы Жеңіске – 70 жыл


Ұлы Жеңіске – 70 жыл

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд
Көрініс «Бейбіт өмір».
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)

1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!

2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
Ұлы Отан соғыс туралы кино көрсетіледі.
Сахнаға екі жүргізуші шығады:

1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты. Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.

2 - жүргізуші: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты
шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

1 - оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы ғасырдың, қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
2 - жүргізуші: 1 минут үнсіздік жариялап, Ұлы Отан соғысы кезінде құрбан болған аға-апаларымызды еске алсақ.

Ә.Жанерке: Аңыздардан тере жүріп мақсаты
Рас, рас көзімізден жасақты,
Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.

Көрініс. «Соғыс қасіреті»
1 – жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2 - жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін.
Есен-аман болайық
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

1 - жүргізуші: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.

2 – жүргізуші: Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл Әлия!
Шоқ жұлдыздай жарқырап,
Ағып түскен Әлия!
Мәңгі жасап жерде енді,
Биіксің сен Әлия!
Саған деген еліңнің,
Көңілі шексіз дария.

Жұманазарова Әйгерім (презентациямен Ә.Молдағұлова ерлігімен таныстырады)

« Әлия» әні.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс күймейсін»

Ғабитова Мадина (презентациямен Б.Момышұлы ерлігімен таныстырады)

1 - жүргізуші: Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

2 - жүргізуші: Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

1 – жүргізуші: Бауыржан атамыздың соғыс жайлы естелігін өз аузынан естиік, ол үшін келесі видео көрсетілімге назар аударайық.

1 – жүргізуші: Қыр қызы орындады берген антын,
Халқына адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

2 – жүргізуші: Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

Бекболатова Нұржайна (презентациямен М.Мәметова ерлігімен таныстырады)

Ән: «Катюша»

Насипова Нұрдана:
Беліне ел намысын түйген – Қасым,
Жауына жай оғындай тиген – Қасым.
Көз жұмған ерлігіне елін қорғап,
Карпаттың Тауы басын иген – Қасым.

Орынбекова арайлым (презентациямен Қ.Қайсенов ерлігімен таныстырады)

1 - жүргізуші: Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы келесі бейне материалдан тамашалайық.

1 - жүргізуші: Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 - мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.

2 - жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс күні.
1 - жүргізуші: Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.

2 - жүргізуші: Ендеше, соғыс кезінде ерлік көрсеткен майдангерлерімізді тағы бір еске түсіріп өтсек. Назарымызды экранға аударайық.

Ән: «День победы»

Мысырханова Құрбандидар.
Әбдімәлікова Сандуғаш.
Ахетова Айгерім: 70 - жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 - жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2 - жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

1 - жүргізуші: 70 жыл - үзілмеді құстар әні
кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
70 жыл - жауымыздың ажал оғы
біздің ел үстіменен ұшпағалы.

2 - жүргізуші: Егемен еліміз енді ешқашан соғыс өртін көрмесін деген ниетпен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Автор: Айгүл | 28-04-2015, 23:33
Қарау саны: 2843
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :