Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр.
«Таным» теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Соңғы кезде оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін арттыруғы көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер бар. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, ғалым-педагог Л.Занков: «Оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі»-десе, көрнекті психолог Л.Выготский: «Жақсы оқыту деп – баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп тұжырымдайды және оқу – баланың өзінің танымдық белсендігі екендігін анықтайды.
Ш.Уалиханов атындағы университеттің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Қожабаев Қайыржан өзінің «Математиканы оқыту әдістері» еңбегінде пәнге танымдық қызығуды дамытудың үш шарты бар деп көрсеткен: біріншісі – мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі - өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі – оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш-мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Демек оқушының танымдық іс-әрекетін дамытудың бір жолы – екінші және үшінші шарттарда атап көрсетілгендей баланың логикалық ойлау жүйесін дамыту және шығармашылық жұмыстарға баулу.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика – грек тілінен аударғанда сөз, ой, ойлау, ақыл-ой деген мағынаны береді, яғни ойлаудың заңдалықтары мен түрлері туралы ғылым. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі – оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Логикалық есептерді шығару кезінде баланың мына қасиеттері ерекше байқалады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: « Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек». Демек логикалық есептер бала жасына сай болуын жете бақылауымыз қажет. Мектеп қабырғасында өткізілетін факультативтік сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, үйірме жұмыстары мен олимпиада мектептері мен сабақ барысында шығарылатын түрлі логикалық есептердің баланың танымдық белсенділіктерін арттырары анық. Логикалық есептерді шығаруда балалар өз логикасына ерік беріп, оны шығару жолының тиімді әдісі бар екенін ұмыт қалдырып, есеп шығаруда уақыт жоғалтып отырады. Сондықтан да логикалық есептерді шығаруда оқушыларды төменгі сыныптан бастап-ақ есептің тиімді жолдарын немесе белгілі бір заңдылықтарын үйретіп отырғанымыз жөн. 5- сыныпқа арналған «Факультативтік курс» әдістемелік нұсқаулығымда да мен осы мәселені басты назарға алдым.
Ендеше оқушының танымдық іс-әрекетін дамыту арқылы еліміздің ойлы , саналы, парасатты азаматтарын тәрбиелей берейік.
Автор: Айгүл | 28-04-2015, 23:40
Қарау саны: 2257
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :