» » Тақырыбы:Қазақстанның өзендері


Тақырыбы:Қазақстанның өзендері

Пәні:География
Сыныбы:
Тақырыбы:Қазақстанның өзендері
Мақсаты:Өзен туралы білімдерін жетілдіріп,практикалық біліктілерін,дағдыларын қалыптастыру үшін Қазақстанның өзендеріне сипаттама бере отырып,ерекшеліктеріне тоқталып,сонымен қатар шаруашылықтағы маңызы және экологиялықжағдайларына сипаттама беру.
Білімділік-Қазақстан өзендеріне сипаттама бере отырып,білімділік негіздерін қалыптастыру.
Дамыту-дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбие-Экологиялық тәрбие беру
Түрі:Белсенді оқыту стратегиялары
Әдісі:Ыстық картоп,Джигсо әдісі,FILA-кестесі, т.б
Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,Глобус,
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
Б)Тренингарқылы топқа бөлу
II.Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық картоп»
1.Климат дегеніміз не?
2.Қазақстанның климаты қандай?
3.Климат қалыптастырушы фактарлар?
4.Республика аумағына әсерін тигізетін ауа массалары?
5.Қазақстандағы жауын-шашын көп түсетін жер?
7.Жел дегеніміз не?
8.Климаттың адам өміріндегі маңызы?
III.Жаңа сабақ
«Джигсо»әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөлеміз.
1-топ. Өзендер және оның алаптары
2-топ. Өзеннің ерекшелігі
3-топ. Өзеннің қоректену көзі
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар.Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл,Жайық,Сырдария,Іле,Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі-жасы әртүрлі,екінші ерекшелігі-әркелкі таралуы.Қазақстан өзендері негізінен қар,жаңбыр, мұздық және жер асты сулармен қоректенеді.
V.Бекіту
PISA тапсырмаларын орындап,мәтінмен жұмыс: кестесі арқылы бекітіп,қорытынды жасаймыз.
Қысқа немесе таңдау жауапты тапсырмалар
1.Жайық өзенінің ұзындығы?
А)2428км С)2222км Е)2672км
В)2567км Д)2333км
2.Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені?
А)Ертіс В)Жайық С)Іле ДЕсіл Е)Тобыл
3.Сырдария өзенінің ұзындығы?
А)2212км В)2215км С)2218км Д)2222км
Кешенді таңдауы бар жауап
р/с
тапсырма
иә жоқ

Қазақстан өзендерінің саны-85мың.
+
Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қар-жаңбыр және қар суымен қоректенеді?

Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қар-жаңбыр және қар суымен қоректенеді?

Еркін құрылымды жауап
Арал теңізі алабындағы- Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады.Сырдария жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған,суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтары болып саналады
Сұрақ:Қазіргі жағдайда Сырдария өзені не себепті Арал теңізіне құймайды
VI.Қорытынды
Қазақстан өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық алаптарға бөлінеді және олардытоптауға болады.Сонымен қатар өзеннің өзіне тән ерекшеліктері бар
FILA-кестесі
ФАКТ
ИДЕЯ
СҰРАҚ
ІС - ӘРЕКЕТ

Солтүстік Мұзды мұхит,Каспий теңізі ,Балқаш-Алакөл,Арал теңіздері алаптары.
Сонымен қатар өзендердің ерекшелігі-жасы әр түрлі,әркелкі таралуы
Ертіс,Жайық,
Сырдария,Шу,
Іле, Лепсі

VI.Үй тапсырмасы
VII.Үй тапсырмасынан кейін оқушыларды смайликтермен бағаланады.
Автор: Кумис | 29-04-2015, 00:59
Қарау саны: 3464
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :