» » «Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары» тақырыбына есептер шығару.


«Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары» тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын қолдану,толымсыз квадраттық теңдеулерді шешу туралы алған білімдерін бекіту,тақырып бойынша негізгі білім мен біліктілікті жинақтау.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін дамыту,білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту,теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру,өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білім,білікті қалыптастыру
Сабақтың әдісі: есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,таратпа материалдар,плакат
Пәнаралық байланыс:әдебиет,информатика
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Сұрақ-жауап,формулаларды сөйлету
4.Есептер шығару
5.Тест тапсырмалары
6.Сергіту сәті
7.Қорытындылау,бағалау
8.Үйге тапсырма беру
Балалар,бүгінгі сабағымызды өмір құндылықтарына арнамақпыз.Өткен сабақта «Не қымбат?» деген сауалды ортаға тастап,жауап жаздырып алған едім.Сол жұмыстардың қорытындысы айтылады.
Расында да өмірде не қымбат екенін мына ертегінің желісінен білетін боламыз.
Ерте заманда бір саудагер болыпты.Тыным таппай жиһан кезіп пайда тауыпты.Қыс кетсе жаз келіп,жаз кетсе қыс келіп саудасын жасап қартайыпты.Қартайған соң бар тапқан қаражатын есептеп көрсе 3000 алтын екен.Саудагердің жалғыз ұлы болыпты.Өзінен жағдай кеткен соң ұлын шақырып алып (Не деп айтқанын үй тапсырмасын тексерген соң білетін боламыз).

№133
7) –49х2+21х-2=0 8) 3х2-14х+16=0
№134
1) 2х(5х-7) =2х2-5

-Ал,балам,әкеңнің орнын басып,сауда жасайтын кезің келді.Мен саған 1000 алтын беремін.Саудагерлерге еріп,шалғай шаһарларды шарла,нені алып, нені сату керектігін үйрен,-дейді.
Бозбала қиырдағы бір қалаға жүргелі тұрған саудагерлерге еріп сапарға аттанады.Қалаға жеткен соң дүние-мал іздеген серіктерінен бөлініп,көше аралайды.Келе жатса бір еңселі үй тұр.Терезесінен қараса өңкей жас бала шұқшиып жазу жазып отыр.Бозбала есік алдыңдағы күзетшіден бұл не қылған жұрт екенін сұраса (күзетшінің не дегенін мына сұрақтарға жауап берсек еститін боламыз).
1.Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2.Толымсыз квадрат теңдеудің түрлерін ата.
3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
4.Дискриминанттың формуласын жаз.
5.Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жаз.
6.Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?

-Бұл –білім ордасы.Мұнда балалар оқып,жазу-сызу үйренеді,-депті.Бала ішке кіріп,мұғалімге оқығысы келетінін айтады.
-Ыңтаң зор бала екенсің,1000 алтын төлесең оқытайық,-дейді. Бала 1000 алтынын беріп оқуға кіріседі.Саудагерлер оны әрі іздеп бері іздеп таппаған соң қайтып кетеді.
Бозбала бар ынтасымен оқып бір жылдың ішінде барлық шәкірттерден озып, көп білім жиып еліне қайтады.Ата анасы қуанып қарсы алады,әкесінің не дегенін мына есептерді шығарған соң білеміз.

№134 3) (х-5)2=3х2-х+14 4) 9х(4х-1) =3х-1

Иә балам,сапарың сәтті болып алтынға алтын қосып қайттың ба,қанша пайда таптың?-деп сұрайды.
-Кешір,әке,мен пайда тапқан жоқпын.Берген ақшаңызды түгел төлеп оқып, жаза білуді үйрендім,-дейді.Әкесінің не деп жауап бергенін мына есепті шешкен соң білеміз.

№136 3) (х-3)2+(х+4)2-(х-5)2=17х+24
4) (х+5)2+(х-2)2+(х-7)(х+7)-11х+80

-«И-и» ақымақ балам!-деп назаланды кәрі саудагер.Басыңның дымы кеппеген ғой,білім саған азық бола ма? Менің ақшамды текке шашып келдің,-деп ренжіпті.
Келесі жылы бала саудагерлер керуеніне қосылып басқа кентке барады.Тағы да қала кезіп кетеді. Бір үйдің жанынан өткенде іштен әсем әуен естіледі. Сөйтсе әр түрлі өнер,сыбызғы ойнауға үйрететін мектеп екен. Бозбала мұғалімді тауып алып осы өнерді үйренгісі келетінін айтады.(Мұғалімнің не дегенін тест тапсырмасынан кейін білеміз). Әр оқушыға тест тапсырмалары таратылады.
-Бір жыл өнер,сыбызғы үйреткеніміз үшін 1000 алтын төлей алсаң қала ғой-дейді. Бала 1000 алтынын беріп мектепте қалады. Іздеп,іздеп шаршаған саудагерлер қайтып кетеді.Бозбала зейін қойып үйреніп,бір жылдың ішінде бар шәкірттен өнерін асырады.Тартпайтын күйі,білмейтін әуені болмайды. Бала үйіне оралады. Қуанып болған әкесі:
-Ал,балам,осы жолы ақшанды бекер құртпай,пайдасымен сауда жасаған шығарсың,қанша алтын таптың?,-деп сұрайды. Баланың әкесіне не деп жауап бергенін мына қызықты сұрақтарға жауап берген соң білеміз.
1. Ненің ішін толтырғанда ол жеңіл болады?
2. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең?
3. 50-ді екіден бірге бөліп 3-ті қосқанда қанша шығады?
4. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады, Егер оны ықшамдасаң,қандай атау шығады?
5. Цифрлардың қосындысы 2-ге тең болатын 5 таңбалы қанша сан бар?
6. Таңертең 4 аяқты, түсте 2 аяқты, кешке 3 аяқты
Сен білесің бе?
100 г бал жинау үшін ара миллион гүлге қонуы керек екен.
Қыстыгүні сиырға 1 тәулікке 8 кг шөп қажет екен.
Түйе бір ішкенде 50 л су ішіп,содан кейін 2 апта су ішпеуі мүмкін.
Барлығы миллион бет құрайтын кітапты оқып шығу үшін 40 жыл керек екен.

-Кешір әке,бұл жолы да пайда тапқан жоқпын.Тағы да берген ақшанды оқуға жұмсадым. Бұл жолы өнер үйреніп келдім,-дейді.
-Ой аллам-ай! Балам мұндай топас болатындай не жазып едім? Еріккен адамның өнерін не қылайын деп едің?-деп қатты қапаланыпты.
Өнер,білім туралы мақал-мәтел айту.
Қалған 1000 алтынды алып бала саудагерлерге еріп тағы да аттанып кетеді. Бала қалаға келген соң тағы да қала аралап кетеді.Келе жатса бір үйде көп адам жиналып шахмат ойынын үйреніп жатыр екен.Бала ақысын төлеп үйренуге кіріседі.Саудагерлер оны іздеп таба алмай еліне қайтып кетеді.Бозбала ықыласпен тоқып, бір жылдың ішінде шахмат ойынын жете меңгереді, тіпті мұғалімдерінен де асып түседі.Оқу мерзімі біткен соң үйіне оралады.Әкесі:
-Ал, балам, алтынынды көрсет. Бұл жолы байғұс қапаға салмассың,-дейді.
-Әке,менде көрсетер алтын жоқ. Мен шахмат-жай ойын емес,даналардың ойыны,-дейді ұлы.Оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін мына тапсырманы орындаған соң білеміз.
Таратпа материалдармен жұмыс.
-«Сорлы балам сорлаған екенсің! Бүкіл өмірімді сарп етіп, өзіне арнап жиған 3000 алтынды желге ұшырып, суға ағызып құртқан екенсің. Енді берер түгім жоқ.Қайда барсаң онда бар,кет»-деп қуып жіьереді.Бозбала үйден шығып басы ауған жаққа жүре береді.Келе жатса бір салтанатты сарайдың алдында ығы-жығы халық тұр.
-«Бұл неткен сарай,мына халық неге тұр?»-деп сұрайды бала.
-«Бұл біздің ханымыздың сарайы »,-деп жауап береді жиналған кісілер,-мұнда ханымыз жігіттермен шахмат ойнайды.Адамдардың бәрін жеңіп,іші пысқан хан: «Мені кім жеңсе, соған тағымды беремін»,-деп жар салды.Әзірше оны жеңетін адам табылмай тұр.Жігіт ханмен шахмат ойнап жеңіп шығады.Хан берген уәдесінде тұрады.
-«Балам,менің жасым келді.Енді елдің қамын ойлайтын адал адамға тағымды тапсырмақ едім.Шахматты адал ойнадың,даналығың да көрініп тұр. Таққа сен лайықсың!»-деп жігітті хан етеді.
Жігіт ата-анасын шаһарға алдырады.Берекесіз баласының хан тағына отырғанын көрген әкесі абдырай қуанып:
-«Балам-ау, бұған қолың қалай жетті? Қалтаңда бір алтын да қалмап еді ғой,»-деп сұрайды.
-«Әке, - депті хан,-енді көзің жеткен шығар: Бұл дүниеде алтыннан да қымбат өнер-білім, адамгершілік бар!» - деп хан болған кейіпкеріміз бақытты өмір сүріпті.
Өмірдегі ең қымбат болатын игіліктер ассоциясын құрайық:

Адам адамгершілік,адалдық,әділдік,шыншылдықты басшылыққа ала білсе ғана өз өмір жолын дұрыс таңдай алады. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды » құруға ат салысайық,балалар. Үйге тапсырма беру №137,№140
Автор: Айгүл | 29-04-2015, 20:33
Қарау саны: 2904
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :