» » Зиянды әдеттерден аулақ бол


Зиянды әдеттерден аулақ бол

 
Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол!»

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын қалыптастыра отырып 
өз ісін қадағалауға , жауапкершілікпен қарауға баулу . 
Көрнекілігі : суреттер , ребустар, нақыл сөздер , 
мақал – мәтелдер,сөзжұмбақ.
Әдісі : сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы :
1. К І Р І С П Е С Ө З .
« Бірінші байлық - денсаулық» деп халқымыз айтқандай , қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат –міндеттердің бірі – адамның хал – ахуалы мен «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау , салауатты болуы шарт.

1. Шылымқорлық
«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы оны ешқашан тартпау,ауызға алмау. 

Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол
Қанша айтсанда алмайды тартпа деген тіліңді ол
Қой десеңде қоймайды,көк түтінге тоймайды
Сора сора уыты өн бойыңды жайлайды,
Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды
Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,
Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді

Көк түтінге жас өкпені ыстама,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір
Әуес көріп ұстамасты ұстама

2. Ішімдік
«Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір»

Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының бауырын зақымдап бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды.

Мен қорқамын темекінің тұтқыны болған жастардан
Мен қорқамын ішімдіктің құрығына түскен жандардан
Мен қорқамын зиянды затқа құмар боп
Денсаулықтан айырылған мына қауымнан 

Арақ аздың ажалы
Ақшаның тажалы
Ырыстың қырсығы
Абыройдың мылтығы
Жақсылықтың жаңқасы
Төбелестің арқасы


3. Нашақорлық
«Есірткіге жолама,жетелейді молаға» 

Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің бірі.Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Ондай зардапқа тап болудың бірден бір себебі қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.Сондықтан дос таңдай білу де аса маңызды.Халқымыз Есіркіден есіргендер деп бекер айтпаса керек.

Нашақорлық жайлаған індет білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем,
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін
Оған сенде міндетті,міндетті мен!

Мақалдар : 1. Өз - өзімен отырып ,
Сықылықтап күледі. 
2. Темекі тартқан бір кісі, 3. Арақ ішті дегенше
Уланған бүкіл үй іші. Азғын жолға түсті де
4. Шараптың қызығы бір кеште өтер,
Шатағы бір жетіге жетер. 
5. Жабылады шарабың ішерде
Пәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Бойға шарап сіңсе , 
Ойдан айрылдым де. 
7. Мастықтыңтүбі -мазақ
Мазақтың түбі – азап.
Жұмбақтар :
Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. Ол не ? ( темекі)
Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )
Оңға қарай оқысың,
Әзәзіл деп білерсің.
Солға қарай оқысаң,
Жаға салар күйесін. Ол не ? ( арақ )

Қорытынды.

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек. Күй 


№21 орта мектеп

Тақырыбы:
Қабақова Гүлназ Байдосқызы
Автор: Гулназ | 29-04-2015, 21:01
Қарау саны: 7922
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :