» » Музыка әлеміне саяхат


Музыка әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ботакөз тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: "Музыка әлеміне саяхат"
Бағдарлама мазмұны: Балаларды музыка әлеміне жетелей отырып музыкалық аспаптар жайлы түсініктерін бекіту және кеңейту, ырғақ сезімін дамыту.
Білімділік міндеті: аспаптар жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Түзетушілік міндеті: Әнді тыңдай білу, әннің және ойынның қимыл қозғалысы;
Музыкалық репертуар:
Марш – м. М.Раухтвергер
Ж/ж: - "Жеңіл жүгіру" – м.В.Витлина
М.т: - «Ата толғауы» - (Н. Тілендиев)
Д.ж: - «До-ре-ми» - (Ө. Байділдаев)
Ән: - «Домбыра сазы» - (И.Нүсіпбаев, Х. Талғаров)
Би: - "Қара жорға"
Ойын - "Шаңырақ"
Көрнекілік: сурет, карточкалар; аспаптарды көрсету;
Қостілділік компонент: сылдырмақ-погремушка, сырнай-баян
Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеттері
Ұйымдастыру-іздестіру
Балаларды музыка залында музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жүріп, шаттық шеңберін жасайды. Балалар музыка үніне ілесіп шеңбер бойымен жүреді. Шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру- іздестіру





Жаңа оқу әрекетін түсіндіру:
-«Ата Толғауы» - (Н. Тілендиев)
Н.Тілендиев Алматы облысында дүниеге келген. Композитор, дирижер, аспаптық орындаушы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты халық сүйіп тыңдайтын әндері бар.

Қазір тыңдайтын күйдің аты - «Ата толғауы».




-Күй қалай орындалды?
-Көңілді ме, көңілсіз бе?

Музыкалық аспаппен танысу:
-Сендер қазақтың киелі аспабы домбырамен таныссыңдар. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан көне музыкалық аспабының бірі-асатаяқ.
(суретін және өзін көрсету).
Асатаяқ ұрып ойналатын аспап. Оған әртүрлі сылдырмақты,қоңыраулы әшекейлер қадайды. Музыка ырғағына қарай сілкіп ойнайды.Асатаяқ ансамбльдегі басқа аспаптардың үнін көркемдеп, көріктендіреді.

Дауысқа жаттығу:
«До-ре-ми» - әнімен дауыстарын жаттықтырады.

Ән үйренейік:
- «Домбыра сазы» - (И.Нүсіпбаев, Х. Талғаров)

Әуенді-ырғақтық қимыл:
Би: "Қара жорға"




Дидактикалық ойын:
- "Шаңырақ"

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.
Композитор туралы мағлұматты тыңдап, күйден алған әсерлерін әңгімелеп беруге талпынады.


















Балалар аспаппен танысып, қолдарына алып қызықтап, әуенге ілесіп ырғағпен сілкілеп ойнауға тырысады.







Балалар сұрақтарға жауап береді





























Балалар дауыстарын жаттықтырады.










Әнді көтерінкі таза дыбыспен орындайды.




Әуенге сәйкес қимылдайды.












Балалар музыка ырғағымен қозғалып жүріп, музыка тоқтағанда шаңырақтың бейнесін құрайды.
Рефлексивті-түзетушілік


-Балалар, қандай күй тыңдадық?
-Қандай аспаппен таныстық?
Қорытындылау.
Ән жетекшісі балалармен әндетіп «Сау бо-лың-дар, ба-ла-лар!» деп қоштасады және әуенді маршпен шығарып салады. Жалпы іс-әрекеттен алған әсерлерін айтуға тырысады.
Балалар «Сау бо-лы-ңыз!» деп қоштасады.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дыбыс жоғарлығын, айырмашылығы.
Қандай түсініктерді игерді: асатаяқ деген ұғымды игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: музыкаға ілесіп, ырғақпен аспапта ойнау дағдыларын меңгереді.


Абай қаласы «Аққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
Музыка жетекшісі: Қазақстан Айсәуле
«"Музыка әлеміне саяхат"»
Ашық сабақ
Автор: dauke | 20-02-2015, 00:54
Қарау саны: 4685
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :