» » тәрбие сағаты жоспары


тәрбие сағаты жоспары

Сабақтың тақырыбы: Менің елім – Қазақстан.

Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – нышандарымен 
таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша 
шолу жасау.

Дамытушылығы: Елін, жерін, тілін құрметтейтін таза адамгершілігі мол, өз 
Отанын сүйетін адамзат қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында 
тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, мерекелік сөздер

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Әнұран
3. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау.
- Неге біздің жалаушамыз көгілдір.
- Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
2) Мағынаны тану:
Мәтінмен жұмыс:

Әлем таныған Қазақстан. 
Сенің Отаның, туған жерің – Қазақстан. Отбасы мүшелері достарың да Қазақстанда туып өскен. Ата-бабаң ежелден осы жерде туып өскен. Қазақстан – үлкен республика. Оның табиғаты алуын түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, орман да, көл де, шөлді аймақ та бар.
Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.

Өзіндік жұмыс:
Өз құқыңды білесің бе?
Қойылымдар көру арқылы пікірлесу. Түйінді ойлар айту. «Ел рәміздері – елдігімнің реңі. Ата заңым – теңдігімнің тірегі» тақырыбындағы монтаж.

1-оқушы: Қазақ елі қашан да жыр елі, 
Тарихында тұлғалар көп киелі
Қазақстан аясында бұрынна,
Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.

2-оқушы: Қазақстан Тәуелсіздікті аңсап келді,
Телегей теңіз аңсаған мансап келді.
Қазақтың бойтұмары ана тілін,
Ту етіп, айғақ етіп жар сап келді.

3-оқушы: Басынан бұл қазақтың нелер өтті,
Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.
Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған соң,
Аңсаған еркіндікке қолы жетті.

«Астана әсем қала».
Суреттер арқылы Астана қаласының әсем жерлерімен таныстыру.

Түйін сөз:
Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астана қаласы 1998 жылы 10 маусымда Қазақстан республикасының астанасы деп аталды.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды мадақтау.

Үйге: «Менің Қазақстаным» тақырыбында әңгіме жазып келу.
Автор: Ләззат | 29-04-2015, 22:10
Қарау саны: 4009
    
Жарнама

Пікірлер -
1


ArthusGade - 26 қыркүйек 2015 20:07
Быстрый ответ, признак ума :)

---

Велоаксессуары или купить зимние перчатки

Какие слова... супер, блестящая мысль

---

Важные темы хак форума или игры

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :