» » Жаңа форматпен жұмыс жасау-жақсы қозғау күш


Жаңа форматпен жұмыс жасау-жақсы қозғау күш

М.Жөлекеш Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Б.К,Мергенбаев атындағы №226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаңа форматпен жұмыс жасау-жақсы қозғау күш


Мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсілі Lesson Study форматындағы сабақтарды пайдалана отырып сыныпты зерттеу мектебімде енді қолға алына басталды. Себебі : Г мектебіндегі оқу ісінің меңгерушісі Н.Б директорлар көшбасшылығында оқуы,мектептегі мұғалімдердің жаңа форматпен жұмыс жасауына жақсы қозғау күші болды.
Lesson Study-дің мақсаты мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және педагогикалық тәжірибесінің нәтижесін көру .Г.мектебінде Lesson Study форматындағы сабақтарды өткізу үшін 4 топ құрылды .Әр топтың модераторлары мұғалімдерге Lesson Study форматындағы сабақтар туралы нұсқаулық бойынша түсіндірме жұмыстарын жасап және әр отырыс сайын сабақтарды жоспарлап,талқылау жұмыстарын жасап отырды.Ал біздің
топ 4 мұғалімнен тұрды. Lesson Study құру кезінде топ құрамында кәсіби білімі жетілген тәжірибелі ұстаздар мен ұстаздық жолын енді бастаған жас маман және психолог болды. Топтың бұлай жасақталуы бірін – бірі толықтырып, тәжірибелі мамандардың жас мамандарға кәсіби жетілуіне көмектеседі. Барлық іс – әрекеттердің бірлесіп орындалуы бір мақсатқа жетуді көздейді. Оқушылардың сабақтағы өзін-өзі ұстауы,көшбасшы болуға деген құлшынысы ,мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің қолданылуы туралы ақпаратты бастапқы және кейінгі сауалнама алу арқылы анықтауды жоспарлап отырмын.
Lesson Study 10-сыныбына өткізу мақсаты: «Диалогтік оқыту арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы коллаборативтік ортаны қалыптастыру». Сауалнама «Дейін-Кейін» жүргізу барысында "Пәндердің бәріне қызығасыз ба?" деген сұраққа оқушылар Lesson Study өткізілмеген кезеңде "иә" деп - 33%, "жоқ" деп- 33%, "кейде" -33% болды, ал тізбектелген сабақтар топтамасы өткізіліп болған соң, "иә" деп - 54%, "жоқ" деп- 13%, "кейде" -33%. Оқушылардың жауабында "иә" деген жауап 11% көтерілген, бұл жақсы жетістік, яғни оқушылардың пәнде деген қызығушылығы артқаны.
Бұл жауапта жалғыз бір пән емес, оған қозғау болған басқа пәндерде деп есептеуге болады, өткені Lesson Study жүргізу барысында мұғалімдер топтасып жоспар құрса, өзге мұғалімдердің арасында ізденушілік бастады, ал "жоқ" деген жауапқа 20%-ға төмендеп тұр. «Мектепте немесе сыныпта, өзіңіз жүрген ортада көшбасшы болғыңыз келе ме?» сұраққа «иә» деп 33%-дан 40%-ға көтерілді. Демек, сабақ барысында бақылаушы мұғалімдер байқағандай, көшбасшы болуға өз ойын өзгертіп, сабаққа қызығушылығы арттып, болатынына сеніп, жауапта оқушылар арасында 7% өзгеріс болды. «Жоқ» деген жауапта 40%-дан 27%-ға ауысқаны мұғалімдер сабақ барысында оқушылардың бойына сенімділік, жауапкершілік, нақтылық оята білгені. «Сабақ кезінде өз ойыңызды еркін айтып жеткізе аласыз ба?» деген сұрақта да оқушылардың жауаптарында өзгеріс бар. «Жоқ» деп 1 оқушы жауап берсе, тізбектелген сабақтар топтамасы өткен соң, сауалнамада «жоқ» деп жауап берген оқушы болмады. "Пәндердің бәріне қызығасыз ба?" деген сұраққа Lesson Study өткенше, яғни "дейін" "иә" деп - 33%, "жоқ" деп- 33%, "кейде" -33% болған, "кейін" "иә" деп - 54%, "жоқ" деп- 13%, "кейде" -33%. Сұраққа оқушылардың жауабында "иә" деген жауап 11% көтерілген, бұл жақсы жетістік, яғни оқушылардың пәнде деген қызығушылығы артқаны. Бұл жауапта жалғыз бір пән емес, оған қозғау болған басқа пәндерде деп есептеуге болады, ал "жоқ" деген 20% төмендеп тұр. «Мұғаліміңіз сіздің өзіңізге жауапкершілікті арта отырып, оқудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын өзіңізше таңдап алуыңызға мүмкіндік бере ме?» деген сұраққа «жоқ»-27% болса, кейін «жоқ»-7%, жауапта 20% айырмашылық бар. Саралай келе, бұл сұрақтарға берген жауаптарды тұжырымдай келе:Lesson Study әр отырысында талдау кезінде бақылаушы мұғалімдер мен пән мұғалімі рефлексия, оқушылармен сұхбат жүргізіп, сабақ жоспары құру барысында олардың ойларын ескере отырып жасалғаның әсері деуге болады.Мектептің даму жоспарында сабақтағы іс-әрекетті зерттеу тәсілінің тағы бір түрі жататын Lesson Stud-ді мектепке енгізуді өзгеріс енгізуімнің бастамасы деп ойлаймын. Lesson Study- дың бірінші сабағында жоспарлауға қатысқан 4 мұғалімнің жас маманы Л. сабақ берді ,ал 3 мұғалім А;В,С деңгейдегі оқушыларды бақылауға тапсырма алды Сонымен қатар сабақ беру үрдісіндегі әдіс – тәсілдердің оқушыларға қалай әсер еткендігін, сыныптағы іс –әрекеттердің жоспарға сай орындалуын сырттай бақылаушы арқылы және топтағы мұғалімдер бақыладық.


Екінші Lesson Study сабағын қайта жоспарлау кезінде бірінші сабақта А,В,С оқушыларының сабақ барысындағы іс-әрекеттеріне жасаған бақылауларының нәтижесінде келесі сабақтарға өздерінің ұсыныстарын стикерге жазу арқылы топқа ұсынды.Екінші талқылау кезінде мұғалім мен оқушылар арасында жинақылық байқалды. Сабақтан соңғы талқылау кезеңінде әріптестеріміз сабаққа үстінде Н . есімді оқушының оқулықпен жұмыс жасауға енжарлық танытатыны анықталса ал сынып оқушыларының топтық талқылау кезінде ноутбуктерді пайдалану арқылы ақпаратты жеткізіп отырғандығын аңғардық.
Оқушылар «Келесі сабақтарда да осылай бола ма?» – деген қызығушылық сезімдері байқалып жатты. Оқушылар тапсырма бойынша топпен бірлесе жұмыс жасады, өз ойларын ортаға салып постер арқылы қорғап шықты.
Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану қажеттігін әрбір мұғалім сезіне білуі керек. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады .
Тәлім алушыммен жасалған кәсіби сұхбатымда ол қазіргі таңда сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі,сонымен қатар диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыратынын, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын, сабактың белсенді өтуіне әсер ететінін мысалдары арқылы дәлелді түрде өз ойын тұжырымдады.Сонымен қатар өткізген сабақтар барысында өзінің өзгергенін оқушылармен қарым-қатынасының өзара сыйластыққа құрыла бастағанын жеткізген.Тәлім алушы ретінде өзінің кәсіби өсе бастағанын байқағанын да ерекше атап айтты.Әрбір коучинг сайын талқыланған әдіс-тәсілдерді қолданып жүргенін,оқушылардың алған әсерлерін зерттеп бақылау жасауға үйрене бастағанын айтты.Соның ішінде «Ойлаудың 6 қалпағын» қолданған сабағының өте сәтті шыққанын және әр сабақ сайын оқушы пікірімен санасу өте ұнағанын өз рефлексиясында жеткізген.
Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?
Мектептегі мұғалімдер бойындағы өзгерістерді эссе жазу және терминдер банкісін жаздыру арқылы байқадым. «Өзгеріс туралы өз ойым» атты эссе жаздыру арқылы мұғалімдердің бойындағы кәсіби өзгерістердің аз да болса белгілері байқала бастады.Шынымен де мұғалімдер бойында өзгерістердің бар екені байқалды. Нақтылай айтар болсам мұғалімдердің рефлексияларындағы ойларына тоқтала кетсем:Мысалы:Коучингке қатысып,оқушыларға деген көзқарасым қарапайым әрі тартымды болуда», «А,В,С оқушы деңгейлеріне сай зерттеу жасауды үйрендім», « Мұғалімдерде үлкен қозғалыстың бары байқалды.Бір-бірімен тез түсініп,ұйымдасып жұмыс жасайды», «Мұғалімдер күннен күнге талқылауларға белсене қатысатын болды», «Топтардың ішінде қызықты сауалдар қойып көшбасшылығымен көріне бастаған ұстаздарды байқай бастадым.», «Бірлесіп жұмыс жасау арқылы кедергілерді жеңуге болатындығына көзім жетті» , « Алдағы сабағымда осы тәсілдерді пайдаланғым келеді»т.б
Өзгерістерді эссе жазу арқылы бақылап және одан шығарған тұжырымым: Мұғалімдердің бойындағы бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар,мектеп басшылары өздеріне міндеттеме алулары керек,сондай-ақ анағұрлым тәжірибиелі дарынды педагогтардың атсалысқан құба-құп.
Терминдер банкісіндегі сөздерді саралай отырып мұғалімдер заманауи білімге сай термин сөздерді естеріне сақтап ,ол сөздердің мазмұны мен қолдану ерекшелігін де түсіне бастағанадарын айтқан.
Нақтылай айтар болсам:сөздік қорларындағы коучингтердің нәтижесінде қалыптасқан термин сөздер: «рефлексия,коучинг,бармақпен бағалау,менти,екі жұлдыз бір тілек,ресурс,сілтемелер,6 қалпақ,тізбектелген сабақтар,қысқа мерзімді жоспар,спикер.модератор, Lesson Study,Блум таксономиясы,Автор орындығы».
Мектеп оқушыларының бойындағы өзгерісті ата-аналар бақылады ма екен деген ойды анықтау мақсатында 10-Б сынып ата-аналарымен «Ата-анамен мұғалім бірлігі-жеке тұлғаны дамытудың кепілі» тақырыбында тренинг өткіздім. Ата-аналар балаларының бойындағы өзгерісті балаларымен пікірлескендерінде байқағандарын жеткізді.Мысалы: «Менің қызым бұрынғы кезінен қазіргі кезеңі өте тамаша», «Балам өзін еркін ұстайды,ойын ашық айтады», «Баламыздың кейінгі кездеріндегі көңіл күйі жақсы,сабақтағы қызықты кездеріндегі видеороликтерді айтады.Баламыздың сабағына көп көңіл бөлеміз және жауапты екенімізді сезінеміз».
«Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Автор: Мирамкул Жолекеш | 29-04-2015, 22:33
Қарау саны: 2719
    
Жарнама

Пікірлер -
2


BTCsen - 4 сәуір 2019 16:34
Skiny CS: GO, Dota 2 czy z innych gier potrafią sporo kosztować. Jeżeli jakieś posiadamy i będziemy chcieli je spieniężyć, por np. kupić nowy telefon,
crypto locker
TutorГ­a de matemГЎticas que funciona mathnasium north bethesda rockville garrett park kensington ethereum carreras

TomCiz - 11 сәуір 2019 15:21
Com certeza você já ouviu falar em hérnia de disco, deve ter algum amigo ou parente que sofre com ela… ah é você mesmo… mas pode ficar tranquilo, há
calcium carbonate
Best results are for exercise in multiple sclerosis was all hernia lumbar sintomas

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :