» » тест батырлар жыры бойынша


тест батырлар жыры бойынша

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы
№226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі , I деңгейді игерген Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы

«Алатаудай айбатың,Ер екенсің айтулы» қазақ батырлар жыры бойынша білім сайысына қатысушыларға арналған тест сұрақтары

9-11сыныптар
1. «Батырлардың ойы мен арманы ,ел мұңы халық тағдырымен ұштасып жатыр»
Пікірдің авторы кім? М.Ғабдуллин
2.Қазақтың батырлар жырының көбі ,Шоқанның айтуы бойынша,қай дәуірлерде болған тарихи тұлғалар туралы. Алтын орда
3.Сыпыра жырау қай жырда кемеңгерлік тұлғасымен көрінеді?Ер Тарғын
4.Ер тарғын жырында кейіпкердің жан дүниесін,жүрек толғанысын ,аласапыран ішкі жан әлемін қалай аша білген? Жырдан үзінді жатқа айт Монолог
5.Қай батырдың атой салуы: Жырдың кейіпкерлеріне тоқтал.
Сары ала туы салбырап,
Шапты батыр тебініп,
Жалмауыздай емініп
Ер Тарғын
6.1860 жылы Марабай жыраудан «Қобыланды батыр»жырын кім жазып алды? Қобыланды батыр жырының қысқаша мазмұнына тоқтал.
Ы.Алтынсарин
7.Тоқтарбайдың 90 құлының бастығы... Жырда қандай теңеу сөздер қолданылған?
Б) Естеміс
8.Қобыланды батыр жырында Қырлы қалаға –бектерін Сырлы қалаға кімдерді жатқызған?
жендеттерін .
9.Гүлбаршынның анасының есімі...Алтыншаш Жырдағы қандай көркемдегіш құралдар кездеседі.Мысал келтір.
10.Алпамысты мыстан қалай қолға түсіреді?
11.Қазақ аңызында Қамбар қай батырдың баласы? Орақ
12.Гүлбаршын сұлуды зорлап алмақшы болған қалмақ батыры кім?
Қартқожа
13.Қарлығаның мінген аты?
Ақмоншақ
14.1903 жылы Қазанда «Тоқсан үйлі тобыр»деген атпен жарық көрген батырлар жыры ?
Қамбар батыр
15 «Зергер болсаң ,қасыңда алтыннан соққан түйме бар,түймені көр де,басым көр» деп қай сұлудың бас бітімінің сұлулығын қай жырда суреттейді?
Ер Тарғын «Зергер болсаң ,қасыңда алтыннан соққан түйме бар,түймені көр де,басым көр» деп қай сұлудың бас бітімінің сұлулығын қай жырда суреттейді?

16.Қобыланды неше күннің ішінде Сырлы қаланы өзі алады?
12 күннің ішінде.
17.Қобыланды елін жау шапқанын жоңғардың ханы Алшағырдың есігінде құлдық пен күңдікте жүргенін қайдан біледі?
Түсінде үлкен бабасы қасына келіп хабарлайды.
18 .Батырлар жырын жеткізуші жыршылар туралы не білесің?
19.Батырлар жырының барлығына тән ұсастық.
Батырлар әдеттен тыс жағдайда туады,ата-анасы тәңірден тілеп алады,ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді,тұрақты қайталаулар кездеседі.
20.Қобыланды мен Қараманға салыстырмалы мінездеме бер.
21.Құртқаның парасаттылығы мен адамгершілік қасиеттері жырда қалай бейнеленген?
22.Тайбурылдың шабысы қалай суреттеледі?
23. «Ей ,бейшара,мүгедек
Жаныңызға не керек?нап алып, Дейсің ғой маған ұл керек?»
Қай жырдан үзінді?
24.Түсіріліп кеткен сөздерді тауып,жырды қысқаша мазмұндама.
«Ей,бала,тұр ойнаймыз» деп түртіп қалса,бала оны көтере алмай ------- қалады.Сонда кемпір өрмегінен түрегеп Алпамысқа қарап айтқан сөзі:
25.Алпамыс батыр Тайшыққа аттанған күні түнде жатып қалмақтың ханы түс көреді,түсінен шошынып,ел-жұртын жинап өзі мұнараға шығып;»Түсімді жорыңдар»деп халқына айтады. Қандай түс көрді?
26.Әсірелеу дегеніміз не?
Суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін ,әсерлігін арттыратын көркемдік тәсіл.

27. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
Айшықтаудың қандай түрін қолданылып тұр?
28.Алпамыс батыр мен Ұлтанға салыстырмалы мінездеме бер.
29.Қамбар батыр жырындағы көне сөздерге-архаизмдерге,теңеулерге,әсірелеулерге мысалдар табыңдар.
30.Қамбар Әзімбай балаларына деген өз өкпесін неліктен кешіреді?
31.Қамбар Назымға неге қайырылмайды? Қамбардың бұл жөнінде өзіне,Назымға айтқан сөздері.
32. Шектен тыс ұлғайту дегеніміз –
33. «Қобыланды батыр» эпосындағы Тоқтарбай неше жасында бала сүйеді ?
34 Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінді ?
35. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ батырын табыңыз.
36.Алпамыс жырындағы Ұлтанның бейнесін сипаттап бере ?

«Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей
Құлағы болды қалқандай
Мұрнына қарасаң,
Сығымданған талқандай
Көзі терең зындандай
Басқан ізін қарасаң
Көрінеді оттың орнындай
Аузы үлкен ошақтай
Азу тісі пышақтай
Иегі бар сеңгірдей»
37. Байбөрі сүйтіп жылап жүргенде жалғыз немере ағасы Құлтайдың тезекші
қара күңінен бір ұл туады. Сол ұлдың атын кім айтып бере алады?
(Ұлтан)
38. Алпамыстың ойнап жүріп ұрған баласы өліп қала қала береді. Бір күні Алпамыс өрнек құрып отырған «Ей, бала тұр, ойнаймыз» түртіп қалса, бала оны көтере алмай өліп қалады. Сонда кемпір Алпамысқа не дейді?

Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің,
Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің
Сарыбай қызын бермей кетті қашып
Несіне ойын ойнап, күліп жүрсің?
Шекті деген елінде
Сарыбай деген бай еді.
Жалғыз қызы Гүлбаршын
Он бесте туған ай еді.
Жасыңнан саған айттырған
Гүлбаршын сұлу жар еді
39. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтелдер айту. (Барлық оқушы қатысады)
Батыр туса - ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Ер үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
40. Жиделі Байсын елінде тұратын байдың аты кім еді? (Байбөрі)
41. Алпамыстың зынданнан шығуына кім көмектеседі?
(Хан қызы Қаракөзайым)
42. Бала жылап отырғанда, шұбар ат мінген бір диуана өтеді. Сонда Жәдігер не дейді?

Ей, дуана, жол болсын,
Жеке басың қол болсын,
Олжа басың мол болсын
Атыңның басы шапшақтай
Садағың оғы бұршақтай
Диуана, саған жол болсын?!
43.Арада тоқсан күн өтіп, Байбөрінің көзі ұйқыға кеткен уақытта, кім аян береді. Ол не дейді? (Шашты әзіз)
44. Алпамыстың зынданнан шығуына кім көмектеседі?
(Хан қызы Қаракөзайым)
45.Байбөрі деген бар екен,
Байбөрі малға бай екен,
Төрт түлігі сай екен,
Осы есебі жоқ көп жылқысы бар бай неге зәру болады? (Перзентке)


46. Жақсы ат - ер қанаты» дегендей, Алпамыс батырдың жылқысының айтып берші. (Байшұбар)
47. Жырдағы сақау әйелдің аты? (Бадамша)
48. Жырдағы тайшық Ханның «Құрсауле қара бура» дегені кім еді?
(Алпамыс)
49. Тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, малын айдап әкеткен қалмақ ханы
Тайшық түс көреді. Түсінде не дейді?
Ей, жарандар, жарандар
Мен бір ғажап айтайын
Құлақ салып қараңдар
Мен бір бүгін түс көрдім.
Түсімде жаман іс көрдім.
Заманым менің қағынды
Қағынбаса не қылды?
Құрсаулы қара бура кеп
Қарсы қарап шабынды.
50. Алпамыстың сүйген жары кім? (Гүлбаршын)
51. Мыстан кемпірдің бейнесін қалай бейнелеп бере аласың?
Қабағы қатты тырысқан,
Көрінгенмен ұрысқан.
Тізесіне шекпен жетпеген
Басынан жаманшылық кетпеген
Біркез ширек бойы бар.
52. Жыршы Тайбурылдың шабысын әсірелеп көрсеткенде нені мақсат етті?

53. Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
54.Ер Тарғын жырынан Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге? Келісесің бе? Келіспейсің бе?
55. Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
56. Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
57.Батырлар жырының басты тақырыбы
Ерлік,батырлық,елді сыртқы жаулардан қорғау.
58.Батырлар жырының кейіпкерлеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер?
59. «Ат –ер қанаты »тақырыбына ауызша әңгіме құрастыр.
60.Алпамыстың ерлігі жырда қалай суретеледі?
Автор: Мирамкул Жолекеш | 29-04-2015, 22:41
Қарау саны: 7102
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :