» » ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРҒА
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Омарова Бейбітгуль Есжановна – тәрбиеші
«Аққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК

Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану.
Бернар Фонтенель
Бернар Фонтенельдің «Адам өміріндегі ең қажеттті білім-өзін-өзі тану» деген нақыл сөзіне тоқталсақ Адамның бәрі анадан туғанда бірдей болып дүниеге келеді. Оның жақсы болуы да жаман болуы өз қолында, оның өзіне өзгелерге, өмірге, айналасына деген қарым-қатынасынан туындайды. Тұлға осындай білімдерге өзін-өзі тану арқылы қол жеткізе алады. Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құруда; Адамгершілік-рухани құрастыру, көрген фильмдерін талдау арқылы іске асыруға болады.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу бағдарламалары әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, арнайы әдіс- тәсілдер арқылы бастауыш білім берудің бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды – мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әділдікті, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адам өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде, рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.
Мектепке дейінгі кезеңде жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес баланың жеке тұлғалық мәдениетінің негіздері қаланады. Сондықтан «Аққу» бөбекжай-балабақшасында баланың бойына туған-туысқандары мен жақын адамдарына сүйіспеншілік, айналасындағы жанды-жансыз дүниеге қайырымды көзқарастары мен сезімталдық сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастыру мақсатында өзін-өзі тану оқу іс-әрекеттері өткізіледі.
Бала дүниеге келген күннен бастап ата-анасы және айналасындағы адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді. Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып, әрбір іс-әрекеттің мән-мағынасын, мақсат-міндетін, қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.
Бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Біздің «Аққу» бөбекжай-балабақшасында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізетін тәрбиешілер жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, адами сапаларымен балаға, олардың ата-аналарына үлгі болуға, олармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысуда.
Ата-ана мен тәрбиешілер баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасының ерекше рөл атқаратынына баса назар аударып, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуде. Сонда ғана осы бағдарлама бойынша жүргізелетін жұмыс нәтижелі болары сөзсіз.
Балабақшада «Өзін-өзі тану» сабақтары басталмас бұрын ата-аналармен жиналыс өтікізіледі, бағдарламаның мақсаты мен міндеттері айтылып, күтілетін нәтижелер түсіндіріледі.Ата-аналар «Өзін-өзі тану» сабақтарына аптасына бір рет шақырылады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар:
• отбасы туралы толық мәліметтер жинақтау (ата-ананың жасы, жұмыс орны, мекен жайы, отбасылық жағдайы, отбасындағы қарым-қатынас қағидалары, т.б)
• қарым-қатынас тәжірибесі, баланы ойнатудағы іс-әрекетінің деңгейі, әдеттері жайлы мағұлматтар;
Отбасы туралы мәліметтер жинау үшін төмендегідей әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
• ата-аналарға арналған сауалнама;
• баламен және оның ата-анасымен әңгіме;
• баланың өзін бақылау, зерттеу жүргізу;
• отбасына бару, әлеуметтік, психологиялық жағдайларын анықтау;
• ата-аналарға кеңес беру, баланың дамуы мен тәрбиесінің, денсаулығын сақтаудың, психологиялық тұрғыдан нақты талдаулар жасап, көмек көрсету.
Кеңес жекелей және топтық болып, ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өтеді. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болады. Топтық кеңес беру мүмкіндіктерін алдын ала анықтап алу аса маңызды.
Қазақ халқы –орасан зор адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен, қонақжайлығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен ұлтжандылығымен, көрегендігімен ерекшеленетін салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарын, мол мәдени рухани мұратын сақтап, оны заман өткен сайын еселеп, жаңғырта түскен ұлы өркениеттің мұрагерлері.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде педагог бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз? Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат мен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше. Баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар балабақшада ғана есем, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» баланы жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамның сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді.
Баланың саналы, рухани дүниесі бай, ізгі болып қалыптасуы бір белгілі уақыт өлшемінде болатын үрдіс. Бір күннің немесе бір айдың жемісі емес, ұзақ жылғы нәтиже екенін мойындауымыз керек. Егер бала дұрыс білім алмай, тәрбиесінде шалалық болса, рухани өмірінде де қалыптаспаған рухани солқылдақтығы болары қақ.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілдіру қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, педагогтар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Құрметті педагогтар, бойымыздағы біліміміз бен білігімізді, қажыр-қайратымызды елдің ертеңін еңселендіретін қасиетті істен аямайық!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Өзін-өзі тану журналы №5 2010жыл
2.Өзін-өзі тану әдістемелік құрал «Бөбек» Алматы 2010жыл
3.Жастай берген тәрбие-жас қайыңды игендей. Журнал «Тәрбие сағаты» №1/2011жыл
4.Р.К. Төлеубекова. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Алматы, 19991жыл
5.Бала тәрбеисі №2 2006жыл


Автор: dauke | 20-02-2015, 01:04
Қарау саны: 4364
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :