Ұстаз ұлы есім

Сабақтың тақырыбы:Ұстаз ұлағатты есім

Сабақтың мақсаты: Ұлағатты ұстаздар мерекесін атап өту, ұстаздарға ілтипат көрсету

Сабақтың міндеттері:
А) Оқушыларға ұстаз ұлағаты туралы мәлімет беру.
Ә)Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін патриот тұлға қалыптастыру.

Сабақтың әдістері:
Баяндау, талдауғ сұрақ-жауап, кесте,

Сабақтың барысы:
Кіріспе. Құрметті ұстаздар,оқушылар, бүгінгі ұстаздар мерекесіне байланысты «Ұстаз ұлағатты есім» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші.
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз.
ІІ жүргізуші.
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында, қадірлі ұстаздар, сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз.

«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар
І жүргізуші.
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіз.
І,ІІ жүргізуші бірге.
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық,
Алаңдап басқаға біз бас ұрмайық.
Аяулы ұстаздардың мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық.
ІІ жүргізуші.
Міне, жадыраған жаз өтіп, алтын күзде келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
І жүргізуші.
Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіп тұр. Ал халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегенінен – ақ көп нәрсені аңғаруға болады.
Берік: Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің
Оқу-білім тәрбие,
Ой санама еккеннің.

ІІ жүргізуші.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі ерсен, екенін баршамыз мойындаймыз.
Ендігі кезекте алтын ұя мектебімізге «Сәлем саған мектебім» әнін тарту етейік.
1 - оқушы.- Наргиза
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды
2 оқушы –Жанерке
Сіздер біздің өлеңіміз
Сіздер біздің әніміз
Тәртіпті болып үнемі біз
Беске оқимыз бәріміз.
3 - оқушы.-Айжан
Ұстаз... Күн сайын жүздеген
Шәкірттердің жүрегіне жол тауып.
Ізгілік нұрын себуге ұмтылатын
Осы бір жылы жүзді жайдары жандарға
Қай – қайсымыз болмайық борыштармыз.
4 - оқушы. –Ғани
Айтарым менің көп тегі
Тыңдаудан әске жалықпан.
Күлімдеп тұоған көктегі
Күнді де маған танытқан
Айналдым ұстаздарымнан.
5-оқушы –Сабыржан
Менде өзіңді әрдайым
Қамқоршым деп ұғамын
Күліп атқан таңдайың
Жарқынсың сен мұғалім.
6-оқушы -Бибімарал
Көзімдегі шырағым,
Ол - өзіңсің мұғалім.
Сенен жиған білім – нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым,
Жүрек жылы – жыр - әнім
Ұлы бейнең – тұғырлы
Ақылшы бек – мұғалім
Құрметті ұстаздар , келесі кезекте Алтынай мен Заринаның орындауында
«Биле,биле» биін тамашалаңыздар.
7 – оқушы- Еркемай
Тек биіктер шығарым,
Ақылшы бек – мұғалім
Жаныма серік еткенмін,
Білімнің қайнар бұлағын.
Кеңейтіп сана, түлеткен
Өшер ме есім жүректен?
Заманым, мынау өтпелі
Ұстаздарды жүдет пе.
8 – оқушы- Төреханова Дильназ
Құйылады жыр ағын.
Көптен дара – пырағым,
Құтты болсын мерекең
Заңғар тұлға – мұғалім.
9 – оқушы- Зарина
Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа
Естілді, тынбады... Созылады ұзаққа.
Жүректі тербеді, сезімді серпілтіп,
Мектепке ұмтылдым, жүрсем де жырақта.
Балалар – бейне ақ қаз, сап түзеп тізілген.
Гүл алып, қуанып, шат көніл жүзімен.
Келеді масайрап, мектебін сағынып,
Қолтықтап кітабын, құштарлық қызумен.

І жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен жақсы күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді.
« Ұстазым» әнін Перизат,Дильназ,Жанеркенің орындауында

10 – оқушы-Гүлнұр
Көрдім де соларды – қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды,Ұстаз да, ісі де.
Ұстаз кім? Мұғалім, ол – дана!
Жасқа да, қартқа да қамқорщы сол ғана.
Ұстаз ба? Ұстаз ол – ер, диқан,
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім, мол сана.
11 – оқушы- Аружан
Ұстаз кім? Ол- зергер, дәрігер, қайраткер.
Ойында оның болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазынан үлгі алған
Ертең – ғалым, президент не маман.
Ғарышкер де, қаламгер де, әртіс те
Мұғалімге қарыздар ғой әр істе.
Қинаса да нарын салып салмақты
Мойымайтын дарқан тұлға ұстаз ғана емес пе?!
12-оқушы-Еңлік
Жақсы көрем апайды
Әділ қойған бағаны
Жақсы көрем апайды
Үлгі ісімен бағалы.
13 оқушы-Ағайдар Дильназ
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «ұстаздық ұлы құрмет» себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейди. Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекқор еншісінде, кеншісінде ұстаз өсіреді...
ІІ жүргізуші.
Бишілер емес құстар сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілгенде
Жер шарын айналдырған күш сияқты.
Қазақша би: Балнұр
14 оқушысы -Мырзахан Диас
Жақсы көрем апайды
Бәрімізді тең көрген
Қызықтырып сабаққа
Білім нәрін тең бөлген
15 оқушы – Толғанай
Ұстаз-білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден – бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі маңызды рөл ойнайды...
16 оқушы- Камила
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғаныны
Шын жүректен жатс, тұрса тилейди
Шәкіртінің өзінен де озғанын
17 оқушы- Дулат
Жанымды менің жайнатып.
Баураған өзін мұғалім
Өзіңмен бірге таң атып
Өзіңмен күліп шығар күн

ІІ жүргізуші.
Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа ғасыр сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет,Бақыт әкелсін.Бүгінгі ұлы мерекеге арналған шәкірттеріңіздің жүрегінен шыққан жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
1. Перизат
2. Алтынай
І жүргізуші.
Тұңғыш ұстаз – мектеп табалдырығын алғаш аттағанда алдынан күтіп алып, жазу жаздырып үйреткен мұғалімі балалардың жүректерінде ерекше орын алады.

ІІ жүргізуші.
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге мұғалім болып жаралған.
Оқушылардың алғашқы ұстазы Нағима апай сөз беріледі.

І жүргізуші.
Ұстазым – екінші анам аялаған
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

ІІ жүргізуші.
Қонақты сыйлау қашаннан да бізде қасиет.
Бүгінгі мерекеде айтылар
Көп ақ ниет.
(Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Сәбира апайға және ата – аналарға берілді.)

І жүргізуші.
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жазылмасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйреп
Қиындық басқа түссе қасымдасың, -
дей келе огтырып, қадірлі де аяулы ұстаздар сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, балалар қуанышын тілейміз.

ІІ жүргізуші.
Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет!
Тәрбие сағаты «Ұстазым» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Автор: Зухра | 30-04-2015, 11:47
Қарау саны: 4189
    
Жарнама

Пікірлер -
3


RicardosKa - 26 қыркүйек 2015 17:12
Вы допускаете ошибку. Могу отстоять свою позицию. Пишите мне в PM, поговорим.

---

Обои фото здесь

StephensCoaf - 14 қазан 2015 02:43
По моему тема весьма интересна. Предлагаю всем активнее принять участие в обсуждении.

---

Франшиза здесь

bercices - 30 қаңтар 2016 03:44
Конечно. Это было и со мной. Можем пообщаться на эту тему. Здесь или в PM.

---

Транспортная компания Евро Транс Сервис или транспортная компания москва

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :