Көктемде

Абай қаласы №1 ЖББОМ
Қазақ тілі мұғалімі Камелхан Жазира
«Көктемде»
(Ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Көктемде.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктем туралы білімдерін тереңдету. Сөз құрамын практикалық жолдармен бекіту. Мәтін және жаңа сөздер арқылы қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру.

Білімділік: Тақырыпты түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуды меңгерту. Оқушылардың көктем және көктем мерекелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастырту, мәтінарқылы, сұрақ- жауап , грамматикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, ой- өрістерін, сөздік қорын дамыту, қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға , қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу , ұлттық мерекелерді танып – білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивты тақта, слайд, суреттер, кеспе қағаздар.
Пән аралық сабақтар: Дүниетану, қазақ әдебиеті, музыка сабағы.

Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Сабақтың мақсат міндетін айту.
4.Жыл мезгілдерімен таныстыру.
5. Жаңа сабақ. Жаңа сөздермен таныстыру
6. Мәтінмен жұмыс. Оқу , аудару.
7. Көктем мерекелерімен таныстыру.
8. Дәптермен жұмыс.
9. Сергіту сәті.
10. Сөз табу ойыны.
11.Оқылым. Кеспе қағаздармен жұмыс.
12.Қорытынды. Сөз жұмбақ шешу.
13. Үй тапсырмасын беру.
14.Бағалау.


1. Ұйымдастыру: - Сәлеметсіздер ме балалар?
- Көңіл- күйлерің қалай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Ендеше балалар өткен сабақта берілген «Көктем» өлеңін кім айтады?
2. Үй тапсырмасын сұрау. 161 беттегі «Көктем» өлеңін жатқа айту.
Үйге берілген сөздерді сұрақ қою арқылы сұрау.

3. Сабақтың мақсат- міндетін айту: Мұғалім сабақтың мақсат- міндетімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тілейді.


4. Жыл мезгілдерін қайталату: - Балалар енді біз жыл мезгілдерін есімізге түсірейікші. Қыс. Қыста қар жауады. Көктем. Көктемдеқар ериді.Жаз. Жазда күн ыстық болады. Күз. Күзде жемістер піседі. (Слайд)
5. Жаңа сабақ: Көктемде.
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға жұмбақ жасырылады.
Құс келеді алыстан,
Қар ериді далада.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады? (Көктемде)
Жаңа сөздермен таныстыру: Ұшып келеді – прилетают
Гүлдейді – цветут
Шығады- выходят
Ериді- тает
Жылынады – становится теплее
6. Мәтінмен жұмыс: Оқу, аудару. 1- тапсырма. (слайд Көктем)
Көктем келді. Қар еріді. Күн жылы болды. Құстар ұшып келді. Көктемде каникул болады.


7. Көктем мерекелерімен таныстыру: Көктемде мерекелер өте көп. 8- Наурыз – Аналар мерекесі. 22- Наурыз Жаңа жыл. 1- мамыр Халықтар достастығы күні. 9 – мамыр Жеңіс күні .( слайд)

8. Дәптермен жұмыс: 1) 3- тапсырма көп нүктенің орнына керек сөздерді қойып,

сөйлемді жаз.
Көктем ...... . Қар ...... . Күн ...... . Құстар ...... .
Керек сөздер: еріді, келді, жылы, ұшып келді.

2) Ауызша жұмыс: Сөз тіркестерін қазақшаға аудару.

Пришла весна. Птицы пилетели.Это весна. Растаель снег. Будут каникулы. Дени теплые.

9. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бұтақтар,
Биік болып өседі.
10. Сөз табу ойынын ойнату «Сыңарымды тап»
Көк , шөп , нау , тем , сәу , рыз , ір, мам , бәй , жы, мыр, шешек , лы , құс , күн , ме, реке.

Көктем, шөп , наурыз, сәуір ,мамыр, бәйшешек , жылы ,құс ,күн, мереке .

11. Кеспе қағаздармен жұмыс: Оқылым 4- тапсырма.
1) Мына сөздерге көптік жалғауын жалға. Керек жалғаулар: -лар, -тар,- лер;
Құс.... , Оқушы...... , Мереке.... .
2) Төмендегі сөздерді аудар.
Көктем келді. Балалар ойнады. Бүгін жұма.
3) Төмендегі жеміс түрлерін аудар.
Алма красный. Алмұрт зеленый. Шие красный. Апелсин желтый.
4) Апта күндерін ретімен атап жаз.
Сейсенбі , дүйсенбі , жұма , сәрсенбі , сенбі , бейсенбі , жексенбі.
5)Көктем айларының атауларын қазақ тіліне аудар.
Март , апрель, май.

12. Қорытынды: - Ал , енді балалар бүгінгі сабағымызды сөз жұмбақ шешу арқылы бекітеміз. Сөздердің орысша баламасын қазақ тіліне аударуымыз керек. Сонда ортасындағы тірек сөзді табамыз.







1. К Ү Н
2. Ш Ө П
М Е Р Е К Е
4. Қ Ұ С Т А Р
Б Ә Й Ш Е Ш Е К
6. М А М Ы Р


Тапсырмасы.
Аудар.

1. день
2. трава
3. праздник
4. птицы
5. подснежник
6. май

13. Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жаттау 162 бет 2- тап жазу.
14. Бағалау: Әр оқушыны ынта біліміне қарай әділ бағалау.













Автор: dauke | 20-02-2015, 01:09
Қарау саны: 2838
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :