Ұзынсары » Қазақша білім сайты
Жарнама



Ұзынсары

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Мұнайшы селосы

№ 5 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмағалиева Әлия Якубқызының

қысқа мерзімді сабақ жоспары:

03.03.15.

Әдебиеттік оқу

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ұзынсары

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға өздігінен оқу арқылы мәтін мазмұнын меңгерту, «ұзынсары» сөзінің мәнін ұғындыру, АКТ-ны пайдалана отырып бірлескен жұмысты ұйымдастыру, танымын, өзіндік пікірін, зерттеушілігін, сындарлы ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

1.Өз пікірін айта білуге дағдыланады.

2. Топта көшбасшылық жасауға үйренеді;

3. АКТ-мен жұмыс жасай білуге дағдыланады;

4. Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.

 

Сілтеме:

1. 2-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы. 2.Мұғалімге арналған нұсқаулық

( үшінші негізгі деңгей)

3.Сын тұрғысынан ойлау үдерісі( оқу әдістемелік құрал)

Негізгі идеялар:

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдылану.

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. А4қағаз,стикер, маркер

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке , жұптық жұмыс)

4.АКТ модулі.

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.

 

Тапсырмалар:

Жуан-жіңішке сұрақтар, миға шабуыл, тест сұрақтары, бес жолды өлең, суретпен жұмыс, топтастыру.

 

 

 

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.(3мин)

Психологиялық дайындық.

 

Қане, шеңбер құрайық
Дөңгеленіп тұрайық
Ұнаған түсті таңдап ап,
Тобымызды табайық

Оқушылархор болып бір шумақ тақпақ айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

«Қағып ал да, жауап бер» (жуан-жіңішке сұрақтар)

*Жыл мезгілдерін ата?

*Қазір қай жыл мезгілі?

*Көктем айларын ата?

*Осы ай көктемнің нешінші айы?

*Еркіннің атасының шөп шапқаны туралы айтылған тұсты есіңе түсір.

*Еркіннің шөп шабуды үйренгені туралы әңгімеле.

*Атасының айтқан сөзін есіңе түсір.

*Мәтіннің негізгі идеясы не?

 

 

Сұрақ кою арқылы лақтырған допты жауап беру арқылы кейін қайтарады.

Қызығушылықты ояту(2 мин)

«Адасқан әріптер» әдісі

н з ы Ұ р с ы а

Оқушылар адасқан әріптердің орнын тауып жаңа тақырыпты табады.

ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма

(10 мин)

(I.II.III топқа бөліну.) (3 мин)

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

(7 мин)

Тақырыпты тапқаннан кейін мәтін оқылып, түсіндіріледі. Сөздік жұмысы жүргізіледі. Оқушыларға тақырыпты тізбектеп оқытамын.

 

 

Сыныпты түстер арқылы топқа бөлемін.

 

Бағдаршамның түстеріне сәйкес.

 

І топ: «Суретпен жұмыс»

ІІ топ: «Бес жолды өлең»

ІІІ топ: «Тест»

Оқушылар жаңа тақырыпты түсінеді. Әңгімені тізбектеп оқиды, талдайды.

 

 

 

 

 

Оқушылар таңдаған түстеріне байланысты топқа бөлінеді, берілген тапсырманыжұптық, топ болып орындайды.

Сергіру сәті

( 3минут)

 

Әннің ырғағына қарай балалар қимыл жасайды.

ІV. Рефлексия

(кері байланыс)

( 4 мин)

Бағдаршамның көздерінің түстері арқылы сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айтып кері байланыс жасату.

Оқушылар осы сабақ бойынша бағдаршамның түстері арқылы сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айтып,кері байланыс жасайды.

V. Бағалау

(4 мин)

Бағалау көрсеткіштері арқылы топ бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар топ болып бірін-бірі бағалайды және қойған бағаларына дәлелдемелер келтіреді.

VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

«Ұзынсары» әңгімесін оқып әңгімелеуге дайындалып келуді ұсыну.

Үй тапсырмасын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

04.03.15ж

Әдебиеттік оқу

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Наурыз көже

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға «Наурыз», «Наурыз көже» туралы толығырақ ұғым беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, танымдық қтабілеттерін дамыту. Ұжымдыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Наурыз көже туралы алғашқы түсінік қалыптасады;

2. Наурыз көже деп аталатын атаудың мәнін түсінеді;

3.Наурыз көженің басқа тағамдардын ерекшелігін ажырата білуге үйренеді;

4. Күнделікті жеп жүрген басқа да астар туралы мысалдар келтіре алады;

5. Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады.

Сілтеме:

 

1. 2- сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы.

Б.Т.Қабатбай, С.Р.Рахметова

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық

( үшінші негізгі деңгей)

3.СТО-технологиясының оқулығы

Негізгі идеялар:

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, А3қағаз,стикер, маркер, сюжетті суреттер, ноутбук.

Оқыту әдістері:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдері

(топтық ,жеке , жұптық жұмыс)

 

2.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

 

Тапсырмалар:

Миға шабуыл

 

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі.(3мин)

Топқа бөлу

(3 мин)

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберін құру.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

«Қазақтың ұлттық тағамдары» әдісімен сынып оқушыларын топқа бөлу
1 - топ Еттен жасалатын тағамдар
2 - топ Сүттен жасалатын тағамдар
3 - топ Ұннан жасалатын тағамдар


 

Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап шаттық шеңберін құрады.

Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарын таңдау арқылы топқа бөлінеді

ІІ. Үй

тапсырмасын сұрау (7 мин)

. «Нақты сұрақ, дәл жауап» әдісі.

. Әр топ бірігіп отырып «Ұзынсары» тақырыбына 2 сұрақтан дайындайды. Сұрақтарын басқа топқа береді.

- Ұзынсары мәтінінің авторы кім?
- Ұзынсары дегенді қалай түсінесің?
- Мәтінде қандай тағам түрі аталған?

- «Тошала» дегеніміз не?

- «Атағаш» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қазақтың басқа қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

 

Берілген сұрақтарға топ мүшелері ақылдасып отырып, біреуі жауап береді.

 

Қызығушылықтыоятукезеңі

(5 мин)

Тақтадан«Наурыз мерекесі» туралы сюжетті сурет көрсетіледі, сюжетті суретті көрген соң ол бойынша қатыстырып сөйлем құрау тапсырылады.

Оқушылар сюжетті сурет арқылы сөйлем құрайды.

Осы суреттер бойынша өз ойларын айту арқылы жаңа тақырыпты таниды.

ІІІ. Мағынаны тану.

Тапсырма

(7 мин)

Оқулықпен жұмыс (5 мин)

«Жуан-жіңішке» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі.

а) Балалар, наурыз мерекесінде дастарханға қандай ұлттық тағамдар қойылады?

ә) Наурыз мерекесінде ерекше назарға алынып пісірілетін тағамды кім атайды?

б) Бұл тағамды кім пісіреді?

«Топтастыру» стратегиясы.

«Наурыз көже» сөзін оған салынатын тағамдарды еске түсіру арқылы топтастыру.

«Көрнекілік» әдісі қолданылады.

Наурыз көжеге салынатын 7 тағамның суреті көрсетіледі.

 

Тақырыпты тізбектеп оқыту.

Оқушылар берілген тапсырманы жұп болып орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар әңгімені шынжырлап оқиды.

Сергіру сәті минут (3 мин)

«Наурыз тойы» әнін тыңдату.

Оқушылар әнді тыңдайды, білгенінше қосылып отырады.

ІV. Ой-толғау

Топтар шығармашылық жұмыстар орындау

(7 минут)

 

«Білгенге маржан...»

І топ: «Көктем»

 

ІІ топ: «Наурыз»

ІІІ топ: «Наурыз көже»

 

Топтық жұмыс жүреді.

V. Рефлексия

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс жасайды.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын білдіреді.

VІ. Бағалау.

(2 мин)

(криативтік бағалау)( 2 минут)

Сабақ барысында әрбір оқушының жауап бергеніне бәйшешек беріп отырамын. Сабақ соңында кім қанша бәйшешек жинағанына қарай бағаланады. 8-10 - «5»

5-7 - «4»

3-4 - «3»

Оқушылар берген жауаптарына қарай бәйшешек алып отырады.

VII. Үйге тапсырма(1 мин)

Мәтінді оқып, әңгімелеу.

Оқушылар мәтінді әңгімелеуге дайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ілмек сөздер: Ұзынсары, Ұзын
Автор: dauke | 18-05-2015, 22:22
Қарау саны: 2276
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :