Инновациялық технологияды қолдану » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Инновациялық технологияды қолдану


Инновациялық технологияды қолдану

Шығыс Қазақстан облысы, Семей  қаласы, Пржевальский көшесі 16"А"

"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Санизова Айнаш Мамырхановна

 

Инновациялық технологияды қолдану

Егемен еліміздің болашағы, тірегі - білімді де саналы тәрбиелі ұрпақ. Мемелекетімізде қазіргі заманға сай  білім деңгейін көтеру мақсатында көп өзгертулер қажет етеді, сондықтан да әр мұғалімнің міндеті білім деңгейін көтеру болып табылады. Мұғалім  оқушыларды  білім алу  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйретеді,яғни бұл  сабақ беру  үдерісі. Осы  модульдерді сабақтарда  пайдалану – оқу  мен оқыту  барысында  білім сапаның көтерілуіне  зор  ықпалын беретін  де ұстаз. Білім  сапаны көтеру, тек  мұғалім  мен оқушының  қолында.

Ең маңызды мәселе – ол оқытудың  бірыңғай  мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған. Оқытудың нәтижелілігіне  бағытталған  тіл материалдарының  көлемін анықтау, Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының көлемін анықтау. Сыныптар  бойынша материалдарының қарым-қатынас құзырлығын  және   тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды  ұйымдастыру. Орыс сыныптарында тілді үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы  жүйелі  тапсырмаларды өңдеу.

Қазақ тілін оқытудағы рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын ояту. Қазақ тілін оқытудағы 1-4 сыныптардың жаңа бағдарламасының мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған.

 Олар: лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.

Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуальдық, қарым-қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлылықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:

Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке оқыту.

Мұның мақсаты - көптілділік білім арқылы басқа халықтың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру. Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік-әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда иинвациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие ұымында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде қазақ тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Қазақ тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.

Қазақ тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.

Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: бой сергіту, сұхбаттасу тіл меңгеруге арналған фильмдер. Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.

Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.

Бұл жобанның стратегияларын пайдалану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушының өздерінің байқап, талдап, зерттеп, ойларын еркін жеткізе алады. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмей, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады.Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Сабақ түрі  жаңа заман талабына сай  өзгеріп, жаңарып отырса,  болашақ ұрпаққа  әсері мен  ықпалы ерекше болады. Жаңа инновациялық әдіс- тәсілдер теориялық  тұрғыдан дәлелденіп,  іс жүзінде жақсы нәтижелер  көрсетіп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 20-05-2015, 21:55
Қарау саны: 1078
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :