» » Өзіндік жұмыстың түрлері


Өзіндік жұмыстың түрлері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Пржевальский көшесі 16"А"

"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Санизова Айнаш Мамырхановна

 

Өзіндік жұмыстың түрлері

Әрбір ұстаздын басты міндеті жаңа технологияның ең озық әдіс - тәсілдерін дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дамыту, одан жақсы нәтиже шығара білу деп ойлаймын.

Өзіндік жұмыс түрлері сан алуан. Оларды топтастыру күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру, материалды жан – жақты талдау.

ә) жаңа білімді бекіту, түрлі жаттығулар, практикалық жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, реферат пен баяндамалар, тест жұмысын орындау.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима-қағаздар мен перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, онын қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Негізінде, қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардын барлығын оқушыларға өздігінен жұмыс жасатуды көздейді. Жаттығу - мұғалімнін басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірбиелік жұмыс.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру – сабқтын ең күрделі кезеңі. Өйткені жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяұтамайды. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Мұндай жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бірін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы – тек орындаушы ғана.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті, тәсілдері, мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарлайды, оны бір мақсатта бағыттап, сапасын анықтайды.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары: жеке оқушы, топпен жұмыс, барлық оқушылармен. Өздік жұмыстар әр сабақта міңдетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуы байланысты болады.

Оқушының өзінідік әрекетінің нәтиежесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.

2.Оқуға деген қабілеттілігінің артуы.

3.Берілген білімді игеру.

4.Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуі.

5.Рухани байлығы молайады.

6.Өз ойының дербестігі байқалады.

Қорыта келгенде, оқушының өздік жұмысын жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімділік деңгейін көтеру болып табылады.

 

Автор: dauke | 20-05-2015, 21:59
Қарау саны: 9224
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :