» » Сөздік жұмысын жүргізудің тиімділігі


Сөздік жұмысын жүргізудің тиімділігі

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Пржевальский көшесі 16"А"

"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Санизова Айнаш Мамырхановна

Сөздік жұмысын жүргізудің тиімділігі

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту аса шеберлікті, көп ізденуді, тиянақты білімді қажет етеді. Мұғалім әр сынып материалын тақырыптық жағынан жыл басында жоспарлап алуы тиіс. Тақырыптық жоспарлау тілді жүйелі, тереңірек игеруге, сабақтың мәнін айқынырақ ашуға көмектеседі.

Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарында сөздікпен жұмыс жүргізу тәсілдері өте тиімді. Сөздік жұмысы оқушылардың тілін дамытады, шебер, жатық сөйлеуге үйретеді. Оқушының қазақ тілін түсініп, сөйлеуі үшін, ең алдымен, лексикалық қоры болуы қажет.

Әр сынып оқушылары белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеріп, ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты дұрыс жазатындай дағды алуы тиіс. Жаңа сөздерді меңгеру арқылы оқушы сөз тіркесін және сөйлемдер құрай алады. Жаңа сөздерді, бұрын үйренген сөздерді, түрлі тіл дамыту жұмыстары арқылы бекітіп, күнделікті қайталап отыру керек. Бұл жұмысты әр түрлі бағытта жүргізуге болады:

1.Жеке оқушымен.

2.Топпен жұмыс.

3.Сыныппен жұмыс.

Лексикалық жұмыс жаңа материалды үйретумен байланысты жүргізіліп отыруы керек. Әр сөздің мағынасы айтылып, түсіндіріліп, аударылып, пысықталуы тиіс. Жаңа сөздерді тақтаға жазып оған талдау жасалады. Алдымен сөздерді мұғалім мәнерлеп оқып, аударады, одан кейін оқушылар дауыстап оқиды. Жаңа сөздерге мағынасы келсе синоним, антоним, омоним сөздерді тауып түсіндіру. Сөздерді буынға бөлуді , дыбыстық талдау жасатыға үйрету. Сөздермен қысқа сөйлемдер құрату. Жаңа сөздерге байланысты суреттерді пайдаланып, сөйлем құрату. Бұл әдіс-тәсіл жаңа сөздерді есте сақтауға көмегін тигізеді. Оқушылардың неғұрлым сөздік қоры көп болса, соғұрлым қазақ тілін жақсы үйренеді, еркін сөйлейді. Сауатты жаза алатын болады. Жаңа сөздермен сабақ бойы жұмыс жүргізіп пысықтау қажет. Кейбір сөздермен грамматикалық ойындар ойластырылып, балалардың теориялық білімдерін практикада бекітуге болады.

Оқыту процесінде сөздікпен жұмыс барысында балалардың тілдік материалға талдау жасау, салыстыру, топтау, есте сақтау дағдылары қалыптасады.

Қорытындылай келе интерактивті әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі. Біз әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілеті жеке тұлға қалыптастыру - қазіргі заман талабы.

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

Автор: dauke | 20-05-2015, 22:02
Қарау саны: 1781
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :