Көкөністер,шетел асханасы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Көкөністер,шетел асханасы


Көкөністер,шетел асханасы

Сабақтың тақырыбы: Шетел халықының асханасы.
Білімділік: Оқушыларды әлем халықтарының ұлттық асхана ерекшеліктерімен
таныстыра отырып, тағамдарының дайындау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Тағам әзірлегенде шығармашылықпен орындауға, аспаздық
қасиеттерін, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Әр ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін ескеруге , мәдениетін ,салт-дәстүрін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі : слайд, плакаттар.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабаққа кіріспе: тақырыбы, мақсаты, маңыздылығы хабарланады.
Мұғалім: Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау
өнері қай халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың
аспаздық шеберлігіне әрқашан игі әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық
ерекшелігін де ешқашан жоймақ емес. Тағамның дәмінен басқа оның сыртқы түрі
де өте маңызды.
Ендеше, бірінші таныстығымызды қазақ халқының ең тойымды, ұлттық ет
тағамдарының басында тұратын «Бесбармақпен» таныстырайын.
«Бесбармақ» тойда, қонақасыға, сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Жіліктеп
бұзылған етті жуып, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су
құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады,
бетіне шыққан көбігін алып тастап,шамалап тұз салып, отын аздап басып 1-1,5
сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа
сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп
тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып,
ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің
үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын,
(қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып
береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Келесі аялдама: Жапон тағамы «Суши»
Суши – табиғи әрі үйлесімді, сонымен қатар, әлемдегі ең салауатты деп есептелінетін күріш және соя – бұл барлық дерлік тағамда күтуге болатын құрам бөлшектер. Жапон асханасы таң қалдырады және оның түрі мен құрамы бойынша қарапайымдылығы мен қатаңдығы кез келгенге жарай бермейді. Жапониядағы ас – бұл тек адамның қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық және мистикалық тану. Сонымен қатар, тағамның керемет келбеті тудыратын сезімдер және де сезім мен жүректің көңіл-күйі әрі жағдайлары маңызды болып табылады.

Уылдырық қосылған суши рецепті – оның арқасында жапондық тағамдар бүкіл әлемді тамсандырған тамақ. Классикалық нұсқада сірке суымен дәмделген күріш пен балықтан, теңіз өнімдерінен, көкөністер мен көбінесе таза жапондық басқа құраушылардан тұрады.
Өнімнің сипаттамасы
- 9 қасық сушиге арналған күріш көлемі 10 x 4 см 9 нори балдыры
- 3 шай қасық қара уылдырық
- 3 шай қасық қызыл уылдырық
- 3 шай қасық сары уылдырық
- 1 шай қасық васаби – ащы желкек
Құрамдас бөліктері:
- Сушиге арналған күріштен білікшелер жасап, васаби жағу керек.
- Күріш білікшелерінің әрқайсысын нори 1 см-ге шығып тұратындай, ал күріш ішінде болатындай етіп, нори қиығына орау керек .
- Әрбір орамаға шай қасық уылдырық салу керек. Дайын суши порциясын жасыл жапырақпен безендіріп, тақтайдың үстіне салып беру керек.
Келесі аялдама итальяндық тағам «Тирамису».
Тирамису – бұл басытқы екінші таңертеңгі асқа беру үшін тамаша тағам. Классикалық түрде тирамису суытылып эспрессо кофесіне беріледі.Тирамису басытқысы тіпті ең талғамды дәмдерді қанағаттандыра алады. Таңқаларлығы, оны дайындау жеңіл .

Өнімнің сипаттамасы
100 мл амаретто
60 г маскарпоне сыры
6 қасық ерітілген кофе
4 жұмыртқаның сарысы
120 г қант ұнтағы
250 г бисквит
2 стакан су
какао
Құрамдас бөліктері
• Жұмыртқаның сарысын гоголь-моголь болатындай етіп, қантпен араластыру керек. Сонан соң маскарпоне қосып, әрі қарай қоюлағанша араластыру керек.
• Шамалы мөлшерде су құйылған тостағанда кофені ерітіп, суытып, алдымен амаретто, сонан соң суытылған қайнаған су қосу керек. Дайындалған пуншта бисквиттерді жұмсарту керек және бисквиттер қабаттарын маскарпонеден жасалған крем қосып салып, оларды ыдысқа салу керек.
• Тоңазытқышқа салып, қабаттарының кремді сіңіруін күте тұру керек.
• Беру тәсілі
• Дастарханға қоюдың алдында басытқының үстіне какао себу керек.
Келесі аялдама Қытай асханасы . Фу-юнг омлеті.
- Омлетті дайындау үшін дәмі аса нәзік болуы, ал тамақ ауызға салғанда еріп кетуі
үшін, тауық жұмыртқаларының ағуыздарын ғана пайдаланады. Бұл омлет
Штаттарда өте жақсы мәлім.
Фу-юнг омлеті - Штаттарда ерекше мәлім, оның атауы тамаша лотос гүлінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда бұл - "ақ лотостың күлтелері"дегенді білдіреді.

Өнімнің сипаттамасы
Омлет:
6 жұмыртқа
200 г пісірілген тауықтың төс еті
200 г мунг үрме бұршағының жаңа шыққан өсінділері
100 г қозықұйрық
100 г балдыркөк
1 пияз
көк пияз сабақтары
тұз, бұрыш
күнбағыс майы
Тұздық
½ стакан тауық етінің сорпасы
2 ас қ. соя тұздығы
1 ас қ. күріш шарабы
1 ас қ. жүгері ұны
3 ас қ. су
1 ас қ. күнбағыс майы
ақ бұрыш
Құрамдас бөліктері
• Тауықтың етін кішкентай бөліктермен кесу, қозықұйрықты жұқа тілімдермен кесу, балдыркөкті ұсақтау керек. Мунг үрме бұршағының өсінділерін қосып, барлығын араластыру керек. Пиязды ұсақтап, вок табасында күнбағыс майын қыздырып, алдымен пиязды қуыру, сонан соң қалған ингридиенттерді қосу керек.
• Араластыра отырып, тұз бен бұрыш қосып қуыру керек. Оттан алып, суытуға қалдыру керек. Жұмыртқаны жарып, қуырылған етке қосу керек. Мұқият араластыру керек. Тағы да вокта күнбағыс майын қыздырып, дайын массаны құю керек. Қалақшамен екі жағын қозғап тұрып қуыру керек. Омлет қуырылғанда, екінші жағына аударып, шеттері қызарғанға дейін қуыру керек.
• Тұздық: кастрюльде сорпаны қайнатып, соя тұздығын, шарап пен бұрышты қосу керек. Газды сөндіру керек. Ұнды сумен араластырып, тұздық қоюланғанша, үнемі араластырып тұрып, ақырындап кастрюльге құю керек. Күнбағыс майын қосып, тағы да араластыру керек.
• Тұздықты тағы да қыздырып, араластырып, оны омлеттің үстіне құйып,ыстық күйінде беру керек

Келесі аялдама: Түрік асханасы. Döner kebab
Экмек нанымен бірге беретін, грильде қыздырып пісірілген, сиыр етінен дайындалған түрік тамағы.
Döner kebab – түрік асханасының ішіндегі ең әйгілі тамақтардың бірі. Ол араб шавермасына немесе грек гиросына ұқсас, бірақ кебабтың негізгі құрамдас бөліктері, оның қоспалары сияқты олардан ерекшеленеді.

Өнімнің сипаттамасы
300 г қырыққабат (қызыл және ақ)
100 г салат жапырағы
1 жас қияр
1 үлкен пияз
4 қызанақ
тұз
бұрыш
1 қызыл бұрыш
2 қасық кубик сорпасы (ұсақтау)
500 г ет (сиыр еті қалаулы болады)
5 қасық өсімдік майы
1 Ekmek түрік наны
Құрамдас бөліктері
• Қызыл және ақ қырыққабат жапырақтарын, қиярмен бірге жұқалап кесу керек, сонан соң ұсақталған кубик сорпасын сеуіп, араластыру керек.
• Қызанақ пен пиязды кесу керек.
• Табада майды қыздырып, пиязбен араластырылған етті қуыру керек.
• Дәмі бойынша дәмдеу және ет қытырлақ болғанша қуыруды жалғастыру керек.
• Нанды ұзынынан төрт бөлікке кесіп, бірнеше минут қыздырып пісіру немесе қуыру керек.Нан жылы болғанда, оны етпен және қалған құрамдас бөліктермен толтыру керек. Барлығының үстінен түріктің дәстүрлі сарымсақ-йогурт тұздығын құю керек.
Үйге тапсырма: Döner kebab тағамын дайындау.
Пәні, сыныбы: Технология, 5 сынып ІІ-тарау. Көкөністерді азыққа пайдалану.
Сабақтың тақырыбы 1.Көкөністердің аспаздықта жіктелуі, алғашқы өңделуі.
2.Турау, кесу формалары,
3.Көкөністен салат дайындау, әшекейлеу.

Жалпы мақсаты Оқушыларға көкөністердің аспаздық өңдеу тәсілдерін, көкөніс тағамдарының мол ассортиментін және олардың бірден – бір дәрумен көзі екендігін, тамақтағы маңызын, құндылығы мен емдік қасиеттері туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету. Тамақтандыру орындары және үй жағдайында дайындау технологиясымен, оларды турау, кесу аспаздық пайдалануы, сақтау мерзімі мен ұсыну ережесі мен таныстыру.

Оқу нәтижелері ▪ Көкөністердің денсаулыққа пайдасын, маңызын түсінеді, турау әдісімен танысады, дайындау технологиясын
меңгереді.
▪ Топпен жұмыс жасау арқылы тың мағлұматтар игереді,аспаздық өнерге қызығушылығы артады, өз әрекетін бағалауға
дағдыланады.
▪ Салауатты өмір салтының ұстанымдарын, дайын тағамды асхана бизнесінде сәндік тенденцияларға сәйкес безендіруді
үйренеді.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндіру, көрсету
СТО: жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта, электрондық оқулық, ғаламтор материалдары, нұсқау карталары.
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау.
Көрнекілігі Интерактивті тақта,слайд, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі- түсті қалам, постер, ғаламтор материалдары, табиғи көкөністер, аспаздық құрал-жабдықтар, нұсқау карталары, рецептуралар жиынтығы.
Түйінді идеялар
Бірлескен топтық жұмыс- оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Амандасу». «Сәттілік»
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, амандасу арқылы, бір-біріне жақсы лебіз білдіру.
Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлу.
Түстер арқылы топқа бөлу.
«Көкөністер» және «Жемістер» болып бөліну.

Тұсаукесер Миға шабуыл. «Жеміс-жидектер» (Үй тапсырмасы).
Слайдтағы әр түрлі жеміс- жидектердің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздерінің таңдаған жемістерінің астында жасырылған сұраққа жауап береді.
1.Шалаөнімдер дегеніміз не?
2.Асханадағы қауіпсіздік ережесі
3.Шикізат дегеніміз не?
4. Тамыржемістілерді ата.
5.Органолептикалық әдіс- бұл...
6. Ас үйлік және асханалық ыдыстар.

Негізгі бөлім

Мағынаны тану.
Адам қорегінде көкөністердің атқаратын рөлі зор. Көкөністердің құрамында көп мөлшерде дәрумендер бар,сондықтан, олар біздің күндізгі ағзамыздың елеулі бөлігін құрайды. Көкөністердің құрамында дәрумендер, жеңіл қорытылатын көміртегі, минерал заттар, органиклық қышқылдар, фитонцидтер (ауру қоздыратын кейбір микробтарды өлтіруге қабілетті айрықша зат) бар.
Көкөністердің аспаздықта жіктелуі.

Көкөністердің құрамында көп мөлшерде су болады, сондықтан, олардың көбі жасаң күйінде ұзақ сақтауға жарамайды. Жасаң көкөністерді қараңғы, салқын жерде сақтау керек.
Көкөністерді аспаздық өңдеу жуу,тазалау қайтара шаю турау.

Қарапайым кесу формалары тілімше дөңгелекше сабанша томарша текше бөлекше
кеспектер.

Күрделі кесу формалары жұлдызшалар ширатпалар роза гүлдері жаңқашалар.

Ал енді, балалар, көкөністер туралы бірталай мәліметтер білдік, үйрендік.Бүгінгі сабағымыз тәуелсіздік мерекесіне сәйкес келіп тұр екен,ендеше біз көкөністерден технологиялық нұсқау карта арқылы «Бәйтерек» және «Экспо-2017» салатын жасаймыз.Экспо көрмесі-2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 1-қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтеді.Көрмеге 5 млн.астам адам қатысады деп күтіледі.Ал, «Бәйтерек»туралы айтатын болсақ тәуелсіз болашағымыздың символы,Астана қаласының ең көрікті нысандарының бірі.

Практикалық жұмыс.
1-топ «Бәйтерек» салатын жасау
2-топ «Экспо-2017» салатын жасау.

№1. Техологиялық нұсқау карта.
Тағамның аты «Бәйтерек» салаты.

№2. Техологиялық нұсқау карта.
Тағамның аты «Экспо-2017» салаты.

Сергіту сәті. «Қара жорға»
Практикалық жұмыс:
1-топ «Экспо-2017» салатын дайындайды.
2-топ «Бәйтерек» салатын дайындайды.

Бекіту тапсырмасы:
Постерде қорғау «Салатты жарнамалау».

Практикалық жұмыс

Қорытынды
Рефлексия
Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
Үй тапсырмасы

Көкөністерден дайындалатын тағамдар туралы мәлімет жинақтау..

Бағалау
Бағалау парақшалары арқылы
Смайлик арқылы
«2 жұлдыз,1 ұсыныс»
Екі топ бір-бірінің екі артықшылығын айтып, бір ұсынысын арнайды.
Дерекккөздер

1. Е.В.Ермилова, И.А.Товченик «Технология» оқулығы,Алматы «Мектеп»
2. Г.Е.Бесімбаева «Аспаздық» Астана «Фолиант»,
3. «Әдістемелік нұсқаулықтар», Ғаламтор материалдары: http://yandex.kz/images/search.
4. Т.Ш. Оралбекова «Технология» 5-сынып. Алматы «Мектеп»
5. Т.А. Комарова «Әлем елдері асханасы»
6. М.К.Такабаев «Тамақтануды ұйымдастыру»
7. «Мектептегі технология» журналдары. 2014 ж
8. Қосымша білім және тәрбие журналдары. 2014 ж




Автор: гульжан | 21-05-2015, 15:23
Қарау саны: 1144
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :