Ұлттық ою-өрнек сыры » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ұлттық ою-өрнек сыры


Ұлттық ою-өрнек сыры

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы

№ 2 К.Э.Циолковский атындағы мектеп мұғалімі

Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек сыры

Мақсаты:

білімділігі: оқушыларға оюдың түрлері мен шығу тарихы туралы әңгімелеу.

дамытушылығы:оқушыларға ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттату, сөздік қорын, дүниетанымын байыту.

тәрбиелігі:оқушыларды халық өнерін, мұрасын қастерлеуге және салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер, оюлар қиындысы, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер

 

Барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Кіріспе

Мұғалім: «Өнер таусылмас азық, жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою-өрнек туралы, шығу тарихы жайлы қариялардан білеміз.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар өте көп. Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою-өрнекті кеңінен пайдаланған. Айналаларыңа зер салып қараңдаршы, сол өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған жоқ па? Әдемі де, сәнді ойылған ою-өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.

 

III. Әдеби монтаж

 

1-оқушы:

Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп

безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері.

 

2-оқушы:

Қазақ халқы жері отты, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп,

жайлы қоныс іздеп, өсімдік қасиетін байыптаған.

3-оқушы:

Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнектерде халық

дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі

бейнеленген.

 

 

 

4-оқушы:

Түйе оюы. Кисек киіміміз, сатсақ ақша, жесек тағамымыз ең ақыры

баспана іскерлік еңбегінде (текемет, сырмақ, киіз, кілем бетінде) өнер

туындысына айналдыра білген.

 

5-оқушы:

Түйенің ботасы қазақ халқы үшін сұлулықтың белгісі. Халқымыз

ботадай сұлу ерке болсын деп қыз есімін «Ботакөз» қоюы тегін емес.

6-оқушы

«Тұйық оюы» қазақ халқының белгісі.

«Ақ найзасы болмаса,

Ерді қайдан танырсың.

Ен таңбасы болмаса,

Малды қайдан танырсың», - дегендей еліміздің көк байрағында, ел

қорғаған батырдың иығы мен қалқанына, дуалы ауыз билердің

жауырын тұсына салынған. «Тұйық оюы» бақыттың, достықтың,

мәңгіліктің айғағы.

 

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

 

IV. Мақал-мәтелдер

1. Өнерлі елден, өнерлі бала туар.

 

2. Өнерлі баланың он саусағы кем.

Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

 

3. Қыз еркем, кестесімен көркем

Ұл еркем, өнерімен көркем.

 

4. Алтын балдақ-қол сәні,

Әшекей кесте-тон сәні.

 

5. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

 

6. Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос.

V. «Оюлар түрі» (ою-өрнек түрін қиюдан сайыс).

 

VI. «Ою хан мен Жою хан» ертегісі бойынша мазмұнын айту.

 

7-оқушы:

Саусақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің!

 

8-оқушы:

Қазағымның оюын біз де іздеп қарайық,

Ою менен өрнектің әдемісін табайық.

 

9-оқушы:

Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғымүйіз оюы сәнділікпен,

Көз тартып, ұрпақтарға алмасуда.

 

10-оқушы:

Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқар мүйіз оюы болсын өрнек.

Кел, жолдастар, ортаға ән салайық,

Кешке келген қонақтар қане, төрлет.

 

11-оқушы:

Түйемойын оюы өрнегіміз,

Әсем жиһаз өмірде көргеніміз.

Ата-салтын, дәстүрін жалғастырып,

Ою-өрнек кешіне келгеніміз.

 

12-оқушы:

Көрші әжей өнерлі,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді,

Ою-өрнек үйренем.

 

«Буын биі»

 

13-оқушы

Әжей кесте тігеді,

Ойып түрлі оюды.

Жібереді өрнегі,

Шарықтатып өнерді.

 

 

 

14-оқушы:

Енгендейсің гүл баққа,

Неткен әсем сырмағы.

Көшіп қонған сырмаққа,

Бар сұлулық қырдағы.

 

15-оқушы:

Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрарсың,

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғарсың.

16-оқушы:

Шай ішетін қоюлап

Жақсы көрем атамды,

Сырмақ сырған оюлап

Жақсы көрем апамды.

 

17-оқушы:

Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады.

Болмаса зат өрнексіз,

Ешбір мәнсіз қалады.

 

VII. Сөзжұмбақ «Сиқырлы сөз»

 

Хор: «Шілдехана бесік той»

VIII. Қорытынды

 

 

Автор: dauke | 26-05-2015, 22:28
Қарау саны: 2303
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :