Абай оқуы- ұлы ақынға тағзым » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Абай оқуы- ұлы ақынға тағзым


Абай оқуы- ұлы ақынға тағзым

Абай оқуы- ұлы ақынға тағзым

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай ақын өлеңін жатқа білу-әр оқушыға,әр балаға қала берді әр қазаққа парыз,әрі міндет десем артық болмас.

Еліміздің барлық мектептерінде жыл сайын өтілетін дәстүрлі Абай оқулары биылғы 2014-2015 оқу жылында Бұқар жырау ауданы Қушоқы жалпы білім беру орта мектебінде «Абай жаққан бір сәуле сөнбес» тақырыбында 2015 жылдың 28 сәуірінде 1-11-сыныптың қазақ және орыс тілінде оқытылатын оқитын оқушылары арасында 3 кезең бойынша өтілді.І кезең. «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы.

ІІ кезең. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абай әндерін орындау.

ІІІ кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Өз шығармашылықтары бойынша жас дарынды ақындар сайысы түрінде өтті.Сайыстың әр бөлімі әділ қазылардың бағалауымен қызықты да тартысты өтті. Дайындық тобының тәрбиеленушісі Хунияз Гүлнұр ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындағаны қатысушылар мен әділ қазылардың қошеметіне бөленді.Қатысушы сайыскерлерден бастауыш сынып балаларының мәнерлеп беріле,нақышына келтіре оқығандары дайындаған сынып жетекшілерінің еңбегі екені анық. Әсіресе,1 «А»сынып оқушысы Жумадулло Бексұлтан;2 «А»сынып оқушылары Ахметов Жарас, Атабек Мөлдір;

6 «А»сынып оқушысы Орынбекова Инабат,8 «А»сынып оқушысы Асылбек Нұрболаттың; 2 «В» оқушысы Севастьянов Алексей,4 «В» сынып оқушысы Рубашкина Екатерина; 6 «Б» сыныбының Чаплинская Анастасиялардың мәнерлеп оқулары басқа балалардан өзгеше көзге түсіп жүлделі орындарға ие болды. Ақын сазгердің әндерін орындауда 4 «Б» оқушысы Кривец Лиана «Көзімнің қарасы» әнімен бас жүлдені жеңіп алып аудандық Абай оқуына қатысуға жолдама алса, мәнерлеп оқудан 8 «А» сынып оқушысы Асылбек Нұрболат бас жүлдені иеленіп,ол да аудандық сайысқа қатысуға үміткер болды.Оқушыларымыздың арасынан ақындыққа еліктеп жүрген жас ақындарымыз да бар көрінеді. Сондай балалардың бірі 6 «А» сынып оқушысы Татан Үміттің «Ақын Абайға» өлеңі 1-орынға сай деген әділ қазылар шешіміне ие болды.

Абай ақын даналардың данасы,

Ұлылардың ұлысы ғой панасы.

Оқып тоқып,шығысын да батысын,

Бала кезден құштар болды өз басы.

 

Мен сүйемін Абай ақын өлеңін,

Аз болса да,көп болса да білемін.

Өлеңдері нақыл сөзге толы ғой,

Әр өлеңін жатқа айтып беремін.

 

Өлеңі де,сөздері де асыл ғой,

Асыл сөзді жатқа білу бақыт қой.

Жаттаған сен қуанасың,сергисің,

Ешқашанда оны ұмытып кетпейсің.

Осындай мектепішілік Абай оқулары жеткіншек ұрпаққа ақын туралы тереңірек білуіне, жатқа мәнерлеп оқуына қалыптасуына аз да болса берер көмегі болары анық.Сайысқа өздерінің оқушыларын дайындап белсене қатыстырған орыс сыныптарының қазақ тілі мұғалімі Туспекова А.О. Жунусбекова Н.К. қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сынып жетекшілері Расулиева Н.Д; Кульжабекова А.Ж; Ж.Г Хаирова; А.С. Бекибаеваларға алғысымыз шексіз.

Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға талаптарыңа нұр жаусын,ақын рухы қолдап, оқуларың табысты,өмірлерің жемісті болсын демекпін!!

 

 

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

Қушоқы ЖБББОМ-нің

оқу ісінің меңгерушісі: Бейбіт АВДХАЛЫХ

 

 

Автор: dauke | 31-05-2015, 23:13
Қарау саны: 1777
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :