Король

Сабақтың тақырыбы: « Король»
Мақсаттары:
Білімділік: Шахмат тұрпаттары, тұрпаттардың жүруі туралы оқушылардың білімдерін қайталау және бекіту. Корольдің жүрісі және шабуылы түралы көрсету.
Дамытушылық: Талдау қабілеттерін дамыту, өз әрекетінің нәтижесін алдын ала көре білу, жалпылау және салыстыру білу.
Тәрбиелік: өз күшіне деген сенімділік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Көпнекі құралдар: үстел үстіндегі шахматтардың 10 жинағы, демонстрациялық шахмат тақтасы
Сабақ барысы:
1. Балаларға король туралы әңгімелеу.
Король шахматтағы ең басты тұрпат болып саналады. Король әртүрлі бағытта бір тор ғана жүре алады ( демонстрациялық тақтада көрсету).
Корольға қатысты екі ереже:
• Корольді жеуге болмайды.
• Король корольмен кездеспейді.
Демострациялық тақтада корольдың жеу әдісін көрсету.
2. Балалармен ойын.
Демонстрациялық тақтада корольмен тапсырманы орналастыру.
• Балалар тақтаға жақындап король шабуылдауы мүмкін тұрпаттарды жеу әдісін көрсетеді.
• Барлық тұрпаттардан құралған алаңын тақтаға орналастыру.
Балаларға есте сақтауға 2 минут уақыт беріп, олар көздерін жұмғанда мұғалім бір тұрпатты алып тастайды. Содан кейін балалар қандай тұрпат жоғалғанын табуы тиіс. Дәл солай мұғалім екі тұрпаттыы алып тастайды, ал балалар оларды анықтайды.
3. Оқушылар жұппен отырып шахмат ойынын бастайды. Осылай сабақ барысында алған білімдерін бекітеді.
Қорытынды: Балалар қызығушылықпен зейін салып жаңа тақырыпты тыңдап отырды; Тәжірибе барысында оқушылар жаңа материал «өте жақсы» менгергедігі көрінді.
Автор: dauke | 22-02-2015, 18:09
Қарау саны: 1074
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :