» » Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним.


Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним.

Тақырыбы: Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним. 
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: «Менің мектебім» модулі бойынша және синоним, антоним, омоним тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау және тереңдету. 
2) Дамытушылық: әңгіме, мақал-мәтелдер, диалог арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
3) Тәрбиелік: Білім ордасы – мектепті қадірлеуге, мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу, білімге құштарлықтарын, қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тест сұрақтары, ойын, сөзжұмбақ шешу, жаттығу орындау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу 
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекепен, 
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! Сәлеметсіздер ме, балалар! 
• Лексикалық уақыт
• Кезекшімен сұхбат
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір сөзім?
Әрбір ісім?
Олай болса сабағымызға кірісейік
2. Тілдік ортаға кіру
- Біз қандай мектепте оқимыз?
- Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
- Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
Балалар, бүгін бізде қайталау сабағы. «Менің мектебім» модулі бойынша және антоним, синоним, омоним тақырыбы бойынша алған білімдеріңді сынап, пысықтап, қорытынды жасаймыз, алған білім дағдыларыңды тексереміз. Бүгін біз мектебіміздің ішінде саяхат жасаймыз, сондықтан сабағымызды саяхат ретінде өткіземіз. 
- Балалар, біздің мектеп неше қабатты? Ендеше саяхатымызды бірінші қабаттан бастайық! Әр қабатқа көтерілу үшін біз арнайы тапсырмалар орындауымыз керек. Жоғарыға көтерілген сайын тапсырмалар да күрделене түседі. Сондықтан барлық білімдерімізді көрсетейік. 
1. Бірінші қабатта не бар? Оқушылар: Бірінші қабатта спортзал бар. Диалог «Спортзалда» Дархан мен Даулет спортзалда деген диалог айтады.
Бірінші қабатта тағы не бар? Оқушылар: Бірінші қабатта тағы асхана бар. Рифат пен Саша асханада деген диалог айтады. 
Балалар спортзалда не істейді? Жүгіреді, секіреді, ойнайды, жаттығады.
Балалар асханада не істейді? Тамақ жейді.
Грамматикалық тақырыпты есімізге түсіріп жіберейік, синоним дегеніміз не?
Тамақ сөзінің синонимі қандай? Тамақ-ас

2. Енді екінші қабатқа көтерілеміз. Мектептің екінші қабатында не бар? Мектептің екінші қабатында информатика, физика, өзін-өзі тану, музыка пән кабинеттері бар. Мектептерің туралы, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мектеп – кеме, білім – теңіз. 
Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы – бейнет, соны – зейнет.
Мектеп- білім ордасы
Күш білімде, білім кітапта.
Оқу- білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

Кітап – алтын қазына.

Сендер мектепке қандай оқу құралдарын алып келесіңдер?
Үнсіз диктант. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Мұғалім бір-бірден суреттер көрсетіп тұрады, оқушылар кезекпен тақтада, қалғандары орындарында жазып отырады және тексереді. (Қалам, кітап, өшіргіш, сызғыш, ұштағыш, дәптер, қарындаш, сөмке, желім, оқу құралдары) Оқу құралдары туралы қандай өлең-тақпақтар білесіңдер? 
Жұмбақ Тұрады ылғи сөреде, іші толы өнеге (кітап)
3. Жақсы, тапсырманы орындадық. Енді үшінші қабатқа көтерілеміз. Мектептің үшінші қабатында не бар? Мектептің үшінші қабатында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән кабинеттері бар. Балалар, сабақ аяқталғанда сендер дем алуға дәлізге шығасыңдар. «Дәлізде» деген диалогты кім айтып береді? Глеб және Данил диалог айтады. 
Антонимдер деп қандай сөздерді айтамыз? Жақсы, қазір «Қыз қуу» ойынын ойнаймыз. Ойнамас бұрын алдымен осы ойын туралы бейнесюжеттен біліп алайық. («Қыз қуу» бейнесюжеті көрсетіледі)
Тапсырма: Бір қыз бен ұл ортаға шығады. Қыз сөздер айтады, ұл сол сөздерге антонимдер табу керек. Мысалы: Жақсы -...., күн-...., ақ-...., биік-..., әрі-..., дұрыс-..., жер-...., әке-..., ыстық-..., жаз-...., анау-...., отыр-.... .
Терме диктанты. Зат есімнен болған антонимдерді теріп жаз.
1.Алыс-жақын 2.ақ-қара 3.күн – түн 4.ерте- кеш 5.алу-беру 6. қыс-жаз 7.анау- мынау 8.ұзын-қысқа 9.ұл-қыз 10. үстінде-астында
4. Енді соңғы төртінші қабатқа көтерілеміз. Мектептің төртінші қабатында не бар? Мектептің төртінші қабатында қазақ тілі, математика пән кабинеттері бар. Сонымен қатар кітапхана бар. Диалог «Кітапханада»
Кітапхананың суретін көрсетіп, мен сіздерге орысша таныстырамын, ал сіздер қазақшаға аударып көріңдер. Аударма жарысын өткіземіз. 
Наша школьная библиотека.
Это - школьная библиотека. Библиотека небольшая. В библиотеке есть одно большое окно. На окне висят голубые занавески. В библиотеке есть полки. На полках стоят много книг. Книги разные. Есть сказки, рассказы, книги для детей и учителей. На стене висят картины и зеркало. В библиотеке работает библиотекарь. Ее зовут Жанара Есетовна. В библиотеке девочка выбирает книгу. Это девочка смотрит книгу. Мальчик читает журнал. Библиотекарь выдает книгу. Я люблю читать книгу.
Омоним деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіреміз.
Диалог «Қазақ тілі сыныбында» Лаура мен Жамиля айтады.
Ребус шешу.
5-1: 2-3; 50-2; 7-4; 20-5:
бес екі елу жеті жиырма
БІЛІМ

- Өте жақсы. Сонымен, балалар, білім ордасы – мектебімізбен таныстық. Осы мектептің қабырғасынан барлығыңыз да білімді азамат болып шығатындарыңызға сенемін.
4. Қорытындылау.Тест тапсырмалары
1. Асханада оқушылар не істейді?
А кітап оқиды;
Ә ас ішеді;
Б билейді;
В секіреді.
2. «Әдемі», «сұлу», «көркем» деген сөздер қандай сөздер? 
А антонимдер;
Ә синондер;
Б омонимдер;
В синонимдер.
3. Әже неше жаста болады?
А 33;
Ә 40;
Б 15;
В 61.
4. Антонимді тап:
А үлкен-үлкендеу;
Ә ақ-қара;
Б қап-қара;
В мұғалім-ұстаз
5. Оқушылар кітапханада не істейді?
А жүгіреді;
Ә кітап оқиды;
Б ойнайды;
В билейді.
6. Мұражайда не бар?
А қарбыз;
Ә су;
Б нан;
В экспонаттар.
7. Мағыналары бірдей сөздер:
А антонимдер;
Ә синонимдер;
Б омонимдер;
В синамдар.
8. Сурет сабағына не әкелесің?
А бояу;
Ә ойыншық;
Б сөздік;
В кітап.
9. Математика сабағында не істейсің?
А жүгіремін;
Ә ойнаймын;
Б есеп шығарамын;
В диктант жазамын.
10. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді тап:
А кі-тапха-на;
Ә оқу-шы-лар;
Б о-тбас-ымы-зда; 
В ас-ха-на-да.

Бағалау. Үй тапсырмасы: «Болашақ мектеп» атты тақырыпта шығарма жазу.
Сабақтың нәтижесі. Осымен біздің саяхат сабағымыз аяқталды. 
Сау болыңыздар.



Автор: Tolkyn | 15-09-2015, 22:33
Қарау саны: 6105
    
Жарнама

Пікірлер -
1


WilliamssMa - 22 қыркүйек 2015 00:41
Бесподобно)))))))

---

тианде муцин улитки а также теанде

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :