» » Ежелгі Қытай мәдениеті


Ежелгі Қытай мәдениеті

Темирханова Шынар Мухтархановна

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
 Оқушыларға ежелгі Қытай мәдениеті туралы түсінік беру, Кун-Фудзы, Сыма-Цян еңбектерін меңгерту.
 Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
 Оқушыларды білімділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Қолданылатын әдістер: деңгейлеп-саралау әдісі, сын тұрғысынан ойлау
Қолданылатын көрнекіліктер: Ежелгі Қытай мәдениетіне арналған слаидтар, орта
ғасырлардағы дүние жүзі картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Слаидтар бойынша үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа білімді меңгерту барысындағы «Үндістан» және «Ежелгі Қытай» командалары арасындағы сайыс.
І тур. Сұрақ-жауап:
«Үндістан» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Ежелгі шумерліктер «Тау аждаһалары» деп кімдерді атаған?
2. Аккад тіліндегі «бабилу» сөзі қандай мағынаға ие?
3. Хаммурапи деген кім?
4. «Аспалы бақ» қай елге тән?
5. Қосөзенде дін иелерін қалайатады?
6. Египеттің ежелгі атауы
7. Ежелгі дүниедегі ең ұзын өзен.
8. «Нана» терминінің мағынасын аш.

«Ежелгі Қытай» тобына:
1. Сейсмограф дегеніміз не?
2. «Тарихи жазбалар» еңбегінің авторы кім?
3. Әлемдегі ең қиын да күрделі жазу?
4. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша метр?
5. Үнділерде «Тұйық топтар» деп кімдерді атайды?
6. «Бесөзен» елі қайда орналасқан?
7. «Шаһнама» дастанының авторы кім?
8. Конфуцидың дүниеге келген жылы.

ІІ тур. «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Бұл бөлімде екі топ бір –біріне құрап әкелген сөз жұмбақтарын жасырады.

ІІІ тур. «Таңғажайып жаңалықтар.» Оқушылар аталмыш бөлімде ізденіс барысындағы ең…ең….ең… таңқалдыратын 5 сенсациялық жаңалықтарын оқиды.

ІV. «Ойлан тап». Мектебіміздің үздік түлектері сайыскерлерге арнап бейнебаяннан сұрақтар қояды.
1. «Алтын белгіге» үміткер Ерғазы Аяулымның сұрағы: «б.з.б. 7 ғ Вавилон тәуелсіздігін алып, қайта гүлденді. Бұл қай патшаның кезі».
2. «Алтын белгіге» үміткер Жасланқызы Арайдың сұрағы: «70 жеке монография, 130мың жалпы тарау жаздым» деген сөйлем жолдары қай еңбектен алынған?
3. Ерекше аттестатқа үміткер Мұхаметқалиева Айдананың сұрағы: «Әлемде қағазға жазу қай ғасырдан басталды?»
4. «Ең үздік спортшы» Абдолла Бауыржанның сұрағы: «Қосөзендегі алғашқы әдеби жанрдағы әйгілі дастанды ата.»
V. Топбасшылар сайысы:(слаид арқылы)
1. Ай Құдайы храмы қай қалада орналасқан?
2. Алдарыңызда қай қала бейнеленген?
3. Бұл суретте біз нені байқаймыз?
VІ. Бөлім «Кім жылдам» Викориналык сұрактар.
1. «Тірі өліктер» деп кімдерді атады?
2. «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы» . Бұл ежелгі дүниедегі қай ереже?
3. Хеопс пирамидасының биіктігі
4. Финикия яғни Фенеху қандай мағынаға ие?
5. Амон Ра кім?
6. Сенухет деген кім?
7. «Махабхарата» дастаны неше бөлімнен тұрады?
8. Ежелгі Қытайда әр отбасына егін мөлшері қанша мөлшерде бөлінді?
9. «Нирвана» терминінің анықтамасы.
10. «Қызыл қастылар» көтерілісінің көсемі кім?
Сайыстың қорытындысын шығару. Марапаттау.

Автор: dauke | 12-10-2015, 21:03
Қарау саны: 2717
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :