» » Шахмат тұрпаттары


Шахмат тұрпаттары

Сабақтың тақырыбы: «Шахмат тұрпаттары»
Мақсаттары:
Білімділік: шахмат тұрпаттары және олардың қозғалысы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Талдау қабілеттерін дамыту, өз әрекетінің нәтижесін алдын ала көре білу, жалпылау және салыстыру білу.
Тәрбиелік: өз күшіне деген сенімділік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.
Көпнекі құралдар: үстел үстіндегі шахматтардың 10 жинағы, демонстрациялық шахмат тақтасы
Сабақ барысы:
1. Тұрпаттардың қозғалысын қайтаймыз.
Мұғалім демонстрациялық тақтаға бір тұрпаттан орналастырып, ал оқушылар бір бірден тақтаға шығып шахмат тұрпаттарының жүрісі және шабуылы қалай жүзеге асатынын көрсетеді.
2. «Тұрпатты анықта» ойыны. Мұғалім қапшыққа шахмат тұрпаттарды салады. Тақтаға шыққан оқушының көзін мұғалім жауып оған шахмат тұрпаттары бар қапшықты қолына ұстатады. Оқушы қапшықтан бір тұрпаттан алып шыға отырып оның атауын айтады, ал оқушылар жауаптың дұрыстығын тексереді.
3. «Дұрыс жауапты тап» доппен ойын.
Мұғалім бір оқушыға доп лақтырады және бір мезгілде оған шахмат тақырыбына арналған сұрақ қояды. Егер мұғалімнің жауабымен оқушы келіссе ол допты қағып алуы тиіс, ал егер ол жауапқа келіспесе допты қағып алмауы тиіс.
Қорытынды: Сабақ өте қызықты өтті. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі танымдық ойындарды өте ұнатады. Сондықтан олармен сабақты ойын түрінде жиі өткізу керек.
Автор: dauke | 22-02-2015, 18:10
Қарау саны: 1905
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :