ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қызылорда облысының  білім басқармасы                                                                                                                                                              Қызылорда  құрылыс  және  бизнес  колледжі

«Қызылорда құрылыс және бизнес» колледжінің

арнаулы пән оқытушысы: Б. Мауленова

Тақырыбы: «Білім беру  үрдісінде  дуалды оқыту      жүйесінің  тиімділігі.»

Техникалық  және  кәсіптік білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  ең  өзекті  міндеттерінің  бірі- еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  бола  алатын  бәсекелестікке  қабілетті  кәсіби  мамандар  дайындау.  Қазақстан  Республикасының  әлемге  танылуына  үлес  қосатын  білімді, білікті,  саналы  азаматтар жеке  тұлға  тәрбиелеу  әрбір  педагог- инженердің  алға  қойған  мақсаты.                                                                         Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес біздің елде қазіргі кезде Германия, Канада, Сингапур сияқты елдердің  алдыңғы  қатарлы  озық  тәжірибелерін оқу  үдерісіне  жүйелі  түрде  енгізу мәселесі қолға алынған. Соның бірі – дуалды  оқыту.  Дуалды  оқыту  жүйесі  дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра  оқыту  технологиясы. Ол  алғаш  Германияда  пайда  болып, негізі қаланды. Дуалды  оқыту жүйесінің  кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние.

Дуалды оқыту жүйесінің  негізгі мақсаты:  техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша  үйлесіммен  біріктірілетін  білікті  мамандарды  дайындау  қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.                                        Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы  ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру  және  жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.  Дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі жүйесінің негізгі кемшілігін — теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды. Сондай-ақ, дуалдық білім беру жүйесінің механизмінде кәсіби маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр.

Білім  алушы сабақты , дәрісті  тыңдағанда  дәрістің – 10% есінде қалады. Көргенде -40% мәліметті сақтайды да артынша қайталап айтса 70% есінде қалады. Егерде көргенін не естігенін өзі жасаса мәліметтің 90%-ын қабылдайды екен. Бұдан туатын қорытынды білім беру оқыту үрдісі үнемі көрнекі құралмен практикалық  іс-әрекетпен  ұштасып  отырылуы қажет  деген  ұғым туады.
Бұрыннан  келе  жатқан педагогикалық  іс-тәжірибеге сүйенсек:
Орташа  педагог -баяндайды,
Жақсы  педагог -түсіндіреді
Тәжірибелі  педагог -көрсетеді
Ұлы  педагог-шабыттандырады  деген   сөзге түгелімен қосылуға болады.

Сабағымда мен көбінде дуалды оқыту технологиясын қолданамын.  Дуалды оқыту технологиясы  білім  алушылар  оқу ,білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты  мақсаты  ретінде  қабылдайды. Даму дегенде білім  алушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.  Бүгінгі  жапппай  қолданылып  жүрген  жаңа  технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.                                                                                                                             Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар өздерінің кәсіби сапасының жұмыс орнындағы функционалдық міндеттерді орындаумен тікелей байланысты екендігін сезінеді. Жұмыс берушімен  тығыз  байланыстағы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды  әрдайым  ескеріп отырады. Сонымен бірге  жұмыс берушілер өздерін кәсіби-функционалды құзыреттілігі жоғары, білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Міне бұл жүйенің осындай артықшылықтары бар.                                                                                                Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу  —  бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты оқушылардың мамандығын сүйетін дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың  мақсаты мынандай:

  1. Оқушыларды өзгергелмелі өмірде қорықпай, еркін жұмыс  жасауға бағыттау.
  2. Білімі мен білігіне  сай  келетін бағдар таңдай алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
  3. Ойлау қабілетін дамыту.
  4. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларымен қалыптастыра дамыту.

Мен арнаулы  пән сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін де  дамытуға, теорияда  алған  білімдерін  іс  жүзінде қолдана  білуге, кәсіби жұмыс  жасауға талап  қойдым.                                                      Сабақ  дегеніміз оқу-тәрбие барысының нақты түрі. Мұнын нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады.  Сабақ беру – білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған  оқытушы  ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.

Сабақ жүйесін құрастыру процесі келесі компоненттерден құралады:

  • оқу курсындағы берілген тақырыптың орнын, оның мақсатын және қалыптастыратын білім, білік, дағдылардың мазмұнын анықтау;
  • жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауына дайын болуын анықтау;
  • оқу материалын меңгеруге оқушылардағы бар білімдерін анықтау;
  • теория және практикалық материалдарды жүзеге асыру жолдарын қарастыру;
  • пән аралық байлыныстарды жүзеге асыру жолдарын қарастыру;
  • дидактикалық мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиімді оқыту әдістерін іріктеп алу;
  • өзіндік жұмыстың көлемін, мазмұнын анықтау;
  • сабақтағы жұмысы мен үй жұмысының байланысын анықтау;

Сабақтың тиімділігі мен нәтижелігі оның өзіндік құрылымына тығыз байланысты.

Білім сапасына  қойылатын  қазіргі заман талабы —  бұл  баланың интеллектуалдық  және  шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оның  бірден –бір  дәлелі  колледжде, облыстық семинарларда  бірнеше ашық сабақ көрсеттім.

Тақырыбы:  «Құбырлардың  түрлері  және  қолданылуы»,  « Ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйесі»,  «Пластмасса  құбырларды  жалғап  қосу  әдістері»

Бұл тақырыптар бүгінгі қаламыз үшін өзекті мәселенің бірі болғандықтан, сабақта ынталандыратын  сұрақтар беріп,  білім алушыларды  тыңдаушы дәрежесінде  емес,  еңбек  етуші, білімді өз еңбегін бағалаушы дәрежесінде  қатыстырдым. Тобымда  қабілетті, белсенді оқушылар мол.                                                                           Ашық сабақтарымда оқушылардың  сабаққа жақсы дайындығы арқылы топтың  интеллектуалдық  деңгейі көрініп, сабақтың өту сапасы жоғарылады.

Оқу  үрдісіне  дуалды білім  беру  жүйесін  сәтті  енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

  1. Дуалды жүйе бойынша  оқытылатын  тұлғаның  қажетті  біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;                                                                                                       2. Оқу мекемесінің тартымдылық  беделінің  артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;                                                                                                                                  3. Оқушылардың  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  бағдарламалар әзірлеу;                                                                                                                                            4. Оқушылар  өзін жеке  тұлға  екенін дәлелдейді;                                                                              5. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;                                                              6. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
  2. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
  3. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін  жоғарылату.

Елбасының  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»  Жолдауы  біздің  барлық бағыттарымздың  бағдаршамы  іспетті.                                                     Біздің  оқу  орнымыз   «Қызылорда  құрылыс  және  бизнес»  колледжінде                 дуалды  оқыту жүйесін  оқу-тәрбие процесіне  енгізу  мақсатында тәжірибелері  мол  мамандарды  тартып  семинарлар,  тренингтер  өткізу қолға алынуда.                                                                                                                        Дуалдық оқыту жүйесін енгізу — халықаралық   білім  беру стандарттарына сай  жас мамандардың  жұмысқа тұру  мүмкіндігі  және  бәсекеге  қабілетті кадрлар  дайындаудың  кепілі  болып  табылады. Бұл жүйе — теориялық білім мен практикалық  білімді  ұштастыра  білген  және  кадр  дайындауда  ықпалы  зор  әлем  мойындаған  форма.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының  Білім  туралы  заңы.
  2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
  3. Оқытудың жаңа технологиялары. Халық тәлімі, арнайы басылым №1. 2014ж.
  4. Дуалды оқыту жүйесі «Қазақстан мектебі»  2014 ж
  5. «Техникалық және  кәсіптік  білім».  2015 ж
Автор: dauke | 13-10-2015, 23:06
Қарау саны: 675
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :