Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын? » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?


Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?

Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?

Мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істейтін қоғамдастық құру, оның мониторингісін жүргізу және қолдау көрсету туралы толық жоспар бүгінгі заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр.

Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында бастама жасау негізінде ең әуелі мектеп әкімшілігімен кездесуден бастадым. Қоғамдастықты құрып жұмыс жасауыма мектеп басшысы, әкімшілік тараптарынан қолдау көрсетті. Барлы­ғымыз мектептің қызметін жетілдіруде бірлескен іс-әрекеттер жоспарлап өткі­зуге, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында оқуға бастама жасап, оны жүргізуге «Шығармашыл», «Сыншы дос», «Фокус» топтары құрылды. «Шығар­машыл» топ құрамына мектеп директоры, оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгеру­шілер,әдістеме бірлестік жетекшілері, деңгейлі курсты аяқтап келген және ізде­німпаз шығармашыл әріптестер, «Сыншы дос» құрамына бірінші деңгейді біті­ріп келген Р атты әріптес, «Фокус» тобына нысанадағы сыныптың география, биология, математика пәні мұғалімдері бекітілді. Сонымен қатар, мектеп психо­логі және мектеп кітапханашысы да жоспарлы жұмысымызға жұмылдырылды.

«Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде желіге қатысушылар сенімге негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады» деген ұғымды негізге ала келе, әріптестер aрacындa ынтымaқтacтық орнaтып, өзaрa тәжiрбие aлмacуды жетiлдiру керек деген оймен біздің мектептің қарамағынан қалалық білім бөлімі тарапынан №21,№10,№37,№44,№87 қала мектептерімен іс-тәжірибе алмасу барысында ақпан айынан сәуір айы аралығында «Заман» желілілік қауымдастық ұйымы ұйымдастырылды.

«Заман» желілік қауымдастығының тақырыбы: Жекелеме жұмыс арқылы табысты оқытуға жағдай жасау.

Мақсаты: іс-тәжірибе барысында туындаған өзекті мәселелер бойынша ке­ңес беру және тәжірибе алмасу.

Жұмыс барысының 3 бағыты қамтылды. Олар: тәлімгерлік, іс-әрекет, тәжірибе алмасу. Әр бағыттар бойынша жұмыс жоспары құрылды.Тәлімгерлік бағыт бойынша ақпан айында бекітілген мектептермен кездесу ұйымдастырылды. Қа­зақ сыныптарындағы деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер туралы мәлімет­тер алып, сауалнамалар беру арқылы өзекті мәселелері анықталды. Шығарма­шылық топтар құрылып, алдағы жұмыс жоспары бекітіліп, оқу процесіндегі қажеттіліктеріне сәйкес кеңес берілді.

Атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсем, іс-әрекет бағыты бойынша нау­рыз айында біздің мектепте қалалық деңгейде «Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсіл­дер» атты семинар өткізілді. Семинарда «Оқу процесіндегі 7 модульдің тиімді­лігі»­ атты коучинг, «Диалогты оқытудың тиімділігі» атты шеберлік сабақ, ин­форматика пәнінен шеберлік сабақ, «Заманауи әдіс-тәсілдерге деген көзқара­сым» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Коучинг соңын­дағы әріп­тестеріміздің «Көңіл-күйіңіз қалай, әріптес?» атты рефлексияларын талдай келе семинарға жоғары баға бергендері анықталды.Осындай семинар­лардың өткізі­ліп отырылуы туралы өтініштерін де жасырмады.

Тәжірибе алмасу бағыты бойынша №87 мектепте «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг, №10 мектепте «Басқару мен көшбас­шы­лық арқылы өзгерістерге қол жеткізу» тақырыбында пікір талас өткізілді. Әріп­тестердің коучингіге қызығушылық танытып, белсенді қатысқандары қуаныш­ты жағдай. №87 мектепте коучингіге 13 адам қатысты. Әріптестеріміздің кері байланыстағы жазған мәліметтері және кейбір әріптестеріміздің өз ойларын ауызша жеткізу барысынан еңбегіміздің жақсы ба­­ға­­ланып жатқанына және қызығушылық танытқандары байқалды.

Наурыз айында №7 дарынды балалар мектебінің бірінші деңгейді бітіріп келген А және Б атты әріптестерімізбен бірігіп «Талантты және дарынды бала­ларды оқыту» атты коучинг ұйымдастырылды. Коучингіге 25 әріптес қатысты. Мектеп ішінде жоғары категориялы математика пәнінің Г атты тәжірибелі мұ­ға­лімі 10-сынып оқушыларын ҰБТ дайындау барысында 7 модульді ықпал­дас­тыра отыра мастер класс өткізді. Диалогті оқыту әдісінің оқушыларды ҰБТ дайындық барысында қолданудың тиімділігіне көз жеткізді. Әріптестер мастер класстың өтілуіне жоғары баға берді. Барлығы 12 әріптес қатысты.

Коучингінің жағымды сәттері: мұғалімдердің жаңалыққа құштарлығы,­тақырыптың өзектілігі, белсенділіктері, өз ойларын сыни тұрғыдан дәлелді дәйектер келтіре ашық айтулары.

Коучингінің жағымсыз сәттері: кері байланыс кезінде тек жақсы жақтарын айтумен шектелулері, уақытпен санаса білмейтіндіктері.

Алдағы жоспарымыз №44 мектепте жаңа әдістер бойынша тәжірибе алма­су барысында шеберлік сабақтар ұйымдастыру.

№21 мектеп төңірегінде «Іс-тәжірибе алмасу- жетістікке жету баспалдағы» жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өзіндік ойларын айқындау барысында кері байла­ныс өткізу. Сонымен қатар, «sabak.kz» caйтымeн, Intel® «Бoлaшaқ үшiн oқыту» дeп aтaлaтын мұғaлiмдeрдiң кәciби дaмуы хaлықaрaлық бaғдaрлaмacы, «oткрытый клacc» жeлiлiк қoғaмдacтығы, «Үздiк on-lain caбaқ», тaғы дa бacқa жeлiлeр aрқылы әрiптecтeрiммeн бaйлaныc жacaуды жәнe бacқa мeктeптeргe көмeккe шығу мaқcaтындa қaлaмыздaғы мeктeптeр мұғaлiмдeрi aрacындa мeктeпaрaлық жeлiлiк қoғaмдacтық құрып, жүйeлi жұмыc жacaуды жocпaрлaп oтырмын.

Зaмaн aғымындaғы aқпaрaттaр лeгiнeн қaлыc қaлмaу үшiн бaрлық ұcтaздaр қaуымын жeлiгe тaртылуғa шaқырaмын.

 

 

 

Пайдaланылғaн әдeбиeттeр:

1.Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқaулық. Бiрiншi (iлгeрi) дeңгeй.

Eкiншi бacылым, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 жыл

2.Мeктeптeгi тәжiрибe кeзeңiндe орындaуғa aрнaлғaн тaпcыр­мaлaр.

Бiрiншi (iлгeрi) дeңгeй. 2014 жыл, eкiншi бacылым


Тақырыбы: Жекелеме жұмыс арқылы табысты оқытуға жағдай жасау.

Мақсаты: Іс-тәжірибе барысында туындаған өзекті мәселелер бойынша кеңес беру және тәжірибе алмасу.

 

Іс- шара

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Өткізу формасы

Мерзімі

Өтетін орны

Жауапты

Бағыты: Тәлімгерлік

«Заман» же­лілік қоғамдас­тығына бекітілген мектептермен кездесу

«Заман» же­лілік қоғамдас­тығына бекітілген мектептер туралы мәлімет алу.

«Заман» же­лілік қоғамдас­тықтың жұмыс барысы туралы мәлімет алады.

Кеңес беру

Ақпан

№10,21,37,44,87

№ 6 ЖББОМ

Қазақ сыныптарындағы деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер туралы мәлімет алу, өзекті мәселелерді анықтау

Деңгейлік курсты тәмамдаған мұғалімдер туралы ақпарат жинақтау, өзекті мәселелерді анықтау.

Шығармашылық топ құрылады.

Ақпарат

Ақпан

№10,21,37,44,87

№6 ЖББОМ

Оқу процесіндегі қажеттіліктеріне сәйкес кездесулер ұйымдастыру

Өзекті мәселелер бойынша кеңес беру.

Оқу процесіндегі қажеттіліктеріне сәйкес кеңес берілед

Кеңес беру

Ақпан

№10,21,37,44,87

№6 ЖББОМ

Бағыты: Іс - рәрекет

вваааааәәәәәәннааааваааааәәәәәәәәәәәәәәәәәәәрекет

Семинар «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер »

Жаңа әдіс-тәсілдер туралы тәжірибе алмасу.

Жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін түсінеді, біледі.

Семинар

 

№ 6 ЖББОМ

№6 ЖББОМ

1.Коучинг «Оқу процесіндегі 7 модульдің тиімділігі»

Коучинг

Наурыз

 

Амирова Р.А Жусупбекова С.И

2. Шеберлік сабақ (мұғалімдермен)

«Диалогты оқытудың тиімділігі»

Шеберлік сабағы

Тоқметова А.Ж. Дуанбекова А.И.

3. Шеберлік сабақ (сыныппен)

Шеберлік сабағы

 

Ахметжанова А.К

Тлеген А.Б

Дөңгелек үстел

«Заманауи әдіс-тәсілдерге деген қөзқарасым... »

Дөңгелек стол

 

Көшен Ж.Е

Қордабаева Ж.М

 

 

 

Бағыты: Тәжірибе алмасу

Коучинг

«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау»

« Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша тәжірибе алмасу.

« Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша тәжірибе алмасады.

 

Коучинг

Сәуір

І апта

№87

 

№87

Пікірталас « Басқару мен көшбасшылық арқылы өзгерістерге қол жеткізу»

«Басқару мен көшбасшылық арқылы өзгерістерге қол жеткізу» бойынша тәжірибе алмасу.

Тәжірибе алмасып, ой бөліседі.

Пікірталас

СәуірІІ апта

№10

№10, №37

Шеберлік сабақтары

Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу.

Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасады.

 

Шеберлік сабағы

Сәуір\ІІІ апта

№10,21,37,44,87

№10,21,37,44,87

Кері байланыс «Іс-тәжірибе алмасу – жетістікке жету баспалдағы»

Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу.

Жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өзіндік ойын білдіреді.

 

Кері байланыс

 

Сәуір

ІУ апта

№21

№ 21, №44

 

«Заман» желілік қоғамдастығындағы мектептермен іс-тәжірибе алмасу моделі

Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 3-12-2015, 16:17
Қарау саны: 3509
    
Жарнама

Пікірлер -
1


tymnestWet - 26 желтоқсан 2015 02:13
Бесподобное сообщение, мне очень интересно :)

---

Брянские двери и двери в г видное

Какие хорошие собеседники :)

---

Запчасти для спецтехники Hyundai R210LC9BC и Запчасти для спецтехники Hyundai R300LC9SH

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :