Өзгеріс не үшін керек? » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Өзгеріс не үшін керек?


Өзгеріс не үшін керек?

Өзгеріс не үшін керек?

Қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қа­лыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың бойында қалыптастыратын дағ­дыларға қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

XXI ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасында ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің де өзгеруін талап ете­ді. Мұғалімдерге арналған бірінші апталық үлестірмедегі «Мұғалімдер не­ліктен өзгеруі керек?» деген мақаланы оқу барысында «Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыз­дылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз ар­қылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзге­ресіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білді­ретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз» деп жазылған С.Бичтің мақаласындағы ұғым маған сенімді күш-қуат бергендей болды.

Мұғалімге арналған нұсқаулықта оқушыларды XXI ға­сырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенін қалай бағалау қа­жеттігін терең түсінуді көздейтіне назар аудардым.

Сонымен қатар, бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің функциялары-оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептеріне дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылатынына көзімді жеткіздім.

Тәуелсіз еліміз дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылуы үшін заман талабына сай жаңа мазмұнды білім алуға жігерлі күш қайратымызды салып, білімді, ғылымды дамытуымыз керек.

Бұл тұрғыдан зерделер болсам, көреген А.Байтурсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен өсиетін тиек ете келе, халықаралық зерттеулерге қатысқан әлем елдерінің нәтижелі көрсеткіштеріне зер салдым.(4)

Әр елдің білім беру жүйесі қандай да бір мақсатты міндеттерді көздейді және қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар екен.

«Әлем елдерін тану-білім азығы» деп ойлай отыра өзім зерделеген Сингапур елінің білім беру жағдайына үңіле келе түсінгенім, Сингапур елінің білім жүйесіндегі табысты жақтары бізге үлгі болатындай екен. Сингапур елінің соңғы 45 жыл ішінде құрылып, әлемдік білім деңгей­індегі жетістіктерімен әлемді таң қалдырғаны баршамызға мәлім (5).

Сингапурдағы білім жүйесіндегі жетістіктеріне тоқтала кетсем: бірін­шіден, оқу, санау, екіншіден, екі тіл білу міндеттілігін көздейді, үшіншіден, дене және адамгершілік тәрбиесіне, төртіншіден, шығармашыл және тәуелсіз ойлауды дамыту. Білім жүйесіндегі көрсеткіштерінің нәтижесіне тоқталатын болсақ, халықаралық тестілеуде үнемі жоғары көрсеткіштерге иеленген.

«Болмасаң да, ұқсап бақ»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай, біздің мектепте оқыту мен оқуда білім сапасын арттыру жағдайында, өзіндік сыни көзқа­растарын арттыру жағдайында қолдануға болатын іс-әрекеттерге тоқталатын болсам: «сыныпты зерттеу» (Lesson study) үрдісін, қалыптастырушы бағалауды, бағалаудың өзіндік критерийлерін, математиканы оқытудың заманауи тәсіл­дерін, сыныпта бірлескен оқу әдісі мен ұжымдық оқу әдістерін, сабақ беру барысында диалогтік оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, сын­дарлы ойлау әдістерін қолданар едім.

Сындарлы ойлау барысының тиімділігі: біріншіден ортақ проблема бола­ды, олар бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, екіншіден идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды баға береді, үшіншіден ұжымдық білім мен түсінік қалыптасады, төртіншіден өз ойларын дауыстап айтады, болжам, ұсыныстарын талқылап үйренеді.

Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сингапурда білім жүйесінде АКТ-ны пайдалану кеңінен қолданыс тапқан. Атап айтсақ: Интернет желісімен, өзіндік ізденіс жұмыс түрлерін ұйымдасты­рулары, оны логикалық өңдеу мақсатында көздейтіндіктері, онлайн режимінде желі бойынша өздеріне қажетті мәліметтерді білікті мамандармен байланыс жасай отыра тауып білуге толықтай жағдай жасалған.

Мен мектепте оқыту мен оқудағы АКТ-ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі стратегияларын меңгерту барысында мұғалімдерге түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отыра сабақ үрдісінде кеңінен қолданысқа енгізуді болжаймын. Мұғалімдер арасында белсенді топтар ұйымдастыруды жоспарлаймын. Сонымен қатар, мектептермен байланыс орнату арқылы кәсіби қауымдастыққа және желілік қауымдастыққа шақырамын.

Келесі еліміз-Финляндия дүние жүзіндегі білім берудегі бірден-бір көш­басшы ел.

«Финляндия елі нені жақсартты?» деген сұраққа жауап іздесек, бұл елдің реформасы білімнің табысты болуы мен баланың қоғамға бейімделуіне ықпал­дандырылған. Реформаның негізгі аспектілері оқу бағдарламасын қайта құру, реформаның дидактикасы, мектепті және білім сапасын басқару. Жас финдер тек сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика және жараты­лыстану ғылымдары бойынша көшбасшыларының бірі болып саналады (3).

Менің ойымша, баланың қоғамға бейімделуі өз-өзіне деген сыни көзқара­сының жоғары болуында, деп ескере келе, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау­ға, іс-әрекетті зерттеу үдерісін, қалыптастырушы бағалауды енгізу, математика­ны оқытудың заманауи тәсілдерін қолдану тиімді деп ойлаймын.

Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтінін анықтадым. Фин мектептерінде барлық бала бірдей, шағын топтарда бірін-бірі оқыту арқылы оқыту жұмысы ұйымдасты­рылған. Егер оқушы бір пәннен үлгермесе, мектеп оған жан-жақты көмектесуге міндетті, мысалы оған «мектеп көмекшісі» жәрдем береді, әр сыныпта мұғалімнен басқа тәрбиешілері де болады екен.(3)

Мен мектепте оқушылардың сеніміне кіру үшін, бағалау кезеңіндегі фор­мативті бағалауды, өзін–өзі бағалау критерийлерін қолдана отыра сендіру іс-әрекетін жасауды ұсынамын.

Бірлескен оқу әдісін енгіземін себебі, бұл әдіс барысында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Айтылған жағдайлар мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, әлеу­меттік жағынан қолдау мәселесін нұсқайды. Қазіргі таңда біздің елдің басым бағыты әлем елдерінің арасында көшбасшы бола алатын білімге көшу болып табылады.

Келесі еліміз–Ұлыбритания. Білім беру жүйесі бойынша назар аударғаным, бұл мектептің білім беру саласы төрт сатыға бөлінеді екен: мектепке дейінгі білім, міндетті бастауыш, орта білім беру, мектептен кейінгі орта және жоғарғы білім беру. Бастауыш мектеп сегіз жастан бастап оқытылады.(4)

Менің түсінігім бойынша, Британдық мектептің басты мақсаты-шығар­машыл, өзіне-өзі сенімді өз бетімен жұмыс істей алатын адам тәрбиелеу.

«Бұл ел білім саласын қалай дамытты?» деген ойға келетін болсақ, оқушы­ларды өз беттерімен оқу дағдыларына қалыптастырылуы, оқу бағдарламалары оқушы талабы мен қызығушылықтарын ескере құрылуы, өз бетімен оқитын пәнді оқушының өзінің таңдауы, алдарына қойған мақсатқа жетуге тынбай еңбектенуі жолдарын тілге тиек етуге болады.

Біздің мектепте оқушының көзқарасы ескерілмеген, ата-аналардың ықпалы жоғары, дәстүрлі сабақ беру барысында өз беттерімен оқу дағдылары қалып­тастырылмады.

Осы жағдайларды ескере отыра мен сабақта бірінші «Бетпе-бет» оқыту кезеңінде үйренген оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсінігін дамыту бағытындағы жеті модульді, Lesson Study тәсілін, іс-әрекетті зерттеу әдістерін, бірінші деңгей бағдарламасының барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақ топтамасын енгізер едім. Выготский оқушылардың жақын маңдағы даму аймағы өте үлкен кең болуы мүмкін деп атаған, сондықтан мұғалімдерге осы бос орынды қажетті біліммен толтыру керек болады.

Жаhандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі- оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж универ­ситетінің тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Бірінші деңгейлі мұғалім­дерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор.

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі–бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу. Мұғалім орында жоқ әдісті табу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану ке­рек» - деген Л.Толстой сөзі өткен ғасырда айтылса да, қазіргі ұстаздарға айтыл­ғандай, әлі өз мәнін жоймаған асылдығымен қымбат сөз (5).

Бұл-менің кәсіби батыл ұстаным.

Сөз соңында қорыта келе айтарым, әлем елдерінің білім жүйесіндегі нәти­желі жетістіктеріне үңілетін болсақ, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыра отыра, өздігінен білім алуға дағдыландырып, алған білімдерін өмірде шынайы қолдана білуіне қолдау көрсетулері бізге үлгі.

Әлем елдеріндегідей жетістіктерге жетуге ұмтылуымызға бізге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.

Мен осы оқып жатқан біліктілік арттыру курс бағдарламасында алған тәжірибемді қолдана отыра, мектепте мынадай өзгерістер енгізуді болжаймын:

Бірінші бетпе бет кезеңіндегі тәлімгеріміздің әр сабағындағы бізге сенім арта отырып, ой елегінен өткі­зер тапсырмалар беріп, пікір-көзқарастарымызды нақтылап, жаңа ұғым–түсі­ніктерімізді қалыптастыра алғандағы әдісі бізге үлкен үлгі болары айғақ.

Оқыту мен оқытудың күрделігіне және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсінігімізді дамыту бағытында жеті модуль сараланған екен.

Атап айтқанда, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету; білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау; білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім бе­ру және оқыту; білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Сын тұрғысынан ойлау-ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу ұғымдарын ашады. Неге сенуге болады?, Не істеу керек?, Қалай ойластыруға болады?, Қалай шешуге болады? деген сұрақтар төңірегіндегі мағыналы ойды ашады.

Сыни ойлау қай нәрсені де болмасын терең ойлап, салыстыра талдау жасап, өз ой көзқарастарын білдіріп, өз ойларын нақты да тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын.

Оқушымен бірге мұғалімнің өзі де сыни ойлау арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға ықпалдасатынына көз жеткіздім.

Менің ойлауымша, оқу барысындағы әрбір атқан күніміз өз елегінде ерек­ше бір әсер қалдыра білді. Тренеріміздің әр сабақтағы жеті модульді ықпалдас­тыра, шаттық шеңберін құра отыра, ынтымақтастық орта, психологиялық ахуал тудырып, ойын әлементтерін, қолданған стратегияларын мектепке барғанда тиімді қолдану жолдарын қарастыра отырдым.

Бүгінгі біздің өткен тақырыбымыз «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау». Тәлімгеріміздің бүгінгі сабақтың басында «Қандай жемістер жегілерің келеді?»-деп сұрап жегісі келмеген жемісті алғандағы әріптестерінің ойланып қалған кезеңдерін оқушыны шынайы бағаламай жатқан сәттерімізбен сәйкес­тендіріп, ой туғыза бастаған кездері өте ұтымды болды.

Дәстүрлі оқыту барысындағы оқушыны бағалаудағы «Бала үмітін жою» себептерімізді топ арасында сыни көзқарастарымызды тудыра отыра бірлесе талқыладық.

Көбелек бейнесін салу арқылы бағалау критерийлерін қолдана отырып қалыптастырушы бағалау әдісін үйрендім.

Бұл әдіс біз мектепке барғанда коуч сессия өткізу кезінде қолдануға болатын тиімді бір әдіс деп ойлаймын.

Мұғалімдер оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, ба­ғалау оқудағы аса пайдалы құралға айналатыны анық. Оқыту үшін бағалау- оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын,

кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын ай­қындайтын үдеріс.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын дамытуға бағытталған «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс түрлері оқытуды жақсартудың тағы бір тиімді әдісін терең үйрендім. Дәстүрлі оқу барысында бізде осындай шынайы бағалану әдісі болмағандықтан біз көп жағдайда оқушының білім–білік дағдыларын дұрыс анықтай алмадық деген ойдамын.

Бүгінгі күні тәлімгеріміз бізге әріптестерімізбен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынды. Бұл материалды тренеріміз бізге бейне көріністер көрсете отыра, мағыналық ұғымын сындарлы ой елегінен өткізе отыра терең мағынада түсінуімізге ынталандырды.

Тәлімгеріміздің тыңдалым дағдысын ашу барысындағы іс–әрекеттен, топ ішіндегі жұптық жұмыс әдісін пайдалануы маған үлкен әсер қалдырды. Біреу­іміз тәлімгер болып, екіншіміз мұғалім роліне еніп әңгімені рольдік ойын түрін­де жалғастырып өз бойымыздан материалды толықтай өткізгенде тақырыптың шынайы мағынасын толық аша білдім.

Сонымен қатар, бейне материалдар көрінісін көрсете отыра, тақырып мағынасын ашуға ынталандырды. Мектепте коуч сессия ұйымдастыруда осындай әдісті қолдану мүмкіндігін ойландым.

Келесі күні біз орта мерзімді жоспарлау арқылы сыныпта оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің жолдарымен таныстым. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгерістер енгізу үдерісі туралы тә­жірибеге негізделген деректер алуға және белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейтінін түсіндім.

Мектеп бағдарламасын назарға ала отыра орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын топ ортасында саралап құру жолдарымен таныстым.

Бүгінгі күн «Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісімен таныса отыра, Lesson Study –де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып та­былатынына көз жеткіздім.

Мектепке барғанда сыныптарды зерттеуде Lesson Study үдерісін, сонымен қатар,оқытудың тағы бір тиімді әдістері Выготскийдің диалог құру арқылы оқыту жолдары, Мерсер (2005) оқушылар арасында өзара қарым-қатынас тудыра оқыту үлгісі, Александр (2008) оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін, әңгіме күшін қолдана оқытуы, Барнс (1976) сыныпта тіл жаттықтыру арқылы оқыту әдістемелеріноқыту мен оқуда еркін қолдана алатын боламын.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пай­далану модулі, оқу мен ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтарына, нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударылғаны туралы мәліметтермен таныстым.

Мен осы оқып жатқан біліктілік арттыру курс бағдарламасында алған тәжірибемді қолдана отыра, мектепте мынадай өзгерістер енгізуді болжаймын:

Мектеп әкімшілігімен, бірлестік мүшелерімен, деңгейлі курсты оқып келген әріптестеріммен мектептің қазіргі қалпын, күшті, әлсіз жақтарын, оқыту мен оқу сапасын жетілдіру жақтарын айқындау мақсатында әңгіме, сұқпат жүргіземін.

Әріптестер арасынан шағын топ құра отыра алдағы жоспарымызды айқындаймын; мұғалімдердің қажеттіліктерін айқындауға сауалнамалар аламын; қысқа мерзімді, орта мерзімді сабақ жоспарларын құру жолдарымен таныстыруды көздеймін; жеті модульді ықпалдастыра отыра ашық есік сабақтар жоспарын құрамын; тәлім алушымен кездесулер; коуч сессиялар ұйымдастырамын.

Қорыта келе айтарым, мен өзіме сыни көзқараспен қарай отырып бойымдағы қасиеттерді жеңе білгендіктен өз-өзіме деген сенім қалыптасты. Менің өзгеруге толық мүмкін­дігім бар екенін түсіндім. Өзім ғана өзгеріп қоймаймын, айналамдағы әріптес­терімнің өзгеруіне де, мектепке де өзгеріс енгізуге дайынмын.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . Бірінші (ілгері) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық щеберлік орталығы, 2014

2.Үлестірме материалдар бірінші апта. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. 2014

3. ru.Wikipedia org/wiki. Образование в Финляндии

4. Шуканова Ф.К. // «Білім берудегі менеджмент», 2010, №4, 59-бет

5. кк.Wikipedia.org/wiki/ Сингапур. «Сингапурдың білім беру жүйесі»

Автор: dauke | 3-12-2015, 16:18
Қарау саны: 6839
    
Жарнама

Пікірлер -
7


magfiBak - 10 желтоқсан 2015 22:33
Советую Вам попробовать поискать в google.com

---

Алиэкспресс на русском здесь

Fabertupa - 9 қаңтар 2016 17:58
Анализ аварийных последовательностей тут

agutdet - 9 қаңтар 2016 21:19
Я думаю, что Вы ошибаетесь. Давайте обсудим это.

---

Рулетка или игровые автоматы

На мой взгляд, это актуально, буду принимать участие в обсуждении. Вместе мы сможем прийти к правильному ответу.

---

шлюхи Томск и индивидуалки Новосибирска

vinitah - 29 қаңтар 2016 05:40
Абсолютно с Вами согласен. В этом что-то есть и это хорошая идея. Я Вас поддерживаю.

---

Фотосъемка белгород тут

Можно было и получше написать

---

Свадебные салоны белгород здесь

unorCedo - 21 ақпан 2016 23:25
Я считаю, что Вы не правы. Я уверен. Давайте обсудим это.

---

Смотреть порно бесплатно здесь

milburgquah - 25 ақпан 2016 01:32
Теперь всё понятно, большое спасибо за помощь в этом вопросе. Как мне Вас отблагодарить?

---

Центр Имплантологии ИМПЕРИЯ здесь

ynodMix - 4 наурыз 2016 01:20
Извиняюсь, но это мне не совсем подходит. Кто еще, что может подсказать?

---

Выбор брокера Форекс тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :