Сап түрлері және оның элементтері. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Сап түрлері және оның элементтері.


Сап түрлері және оның элементтері.

Сабақтың тақырыбы:

Сап түрлері және оның элементтері.

Алдын – ала және орындалуға берілетін пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұруға дейінгі және саптағы міндеттері. Бір орнында тұрып сәлем берген әскерилермен сәлемдесу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға саптық тұрысты және сап элементтерін, оларға берілетін пәрмендерді айта отырып көрсету, түсіндіру және орындату.

Білімділік: Іс – әрекеттің үйлесімділігі мен ширақтылығын. Саптық тәсілдерді бір уақытта орындауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге ой ұшқырлығын дамыту. Меңгерген дағдыларын тәжірибеде қолдана білуге машықтау.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, практикалық жұмыс. Жаттықтыру сұрақ-жауап, қорыту, баяндау.

Сабақтың уақыты: 45 мин.

Сабақтың өткізілетін орны: Саптық дайындық өткізілетін алаң.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саптық жарғы. Саптық элементтер көрсетілген суреттер.

Пән ішілік байланыс: Қарумен сапта тұру. «Жорықтық сапта тұру» бір орында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау.

Пән аралық байланыс. Дене шынықтыру, сызу, тарих.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа тақырыпты сұрау.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

5.Оқушылардың білімін бағалау.

6.Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқытушы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп. Саптық дайындық алаңында екі қатарлық сапқа тұрғызады. Бөлім командирі сыныптың сабаққа дайындығын баяндайды. Оқушылар оқытушымен сәлемдеседі. Пәрмен бойынша сабақ басталады.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. Жарықшақты қол гранаттарының атқаратын қызметі, ұрыстың қасиеттері, гранатаның және тұтындырғыштың құрылысы.

3.Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақта сап және оның элементтері туралы түрлері мен пәрмендерді орындау тәртіптерін үйренеміз. Алдамен саптағы әскери қызметшінің сапта тұру алдындағы және саптағы міндеттерін білуі керек.Әскери қызметші өзінің қаруының өзіне бекітіліп берілген қару – жарақтың және техниканың, оқ – дәрілердін жеке қорғаныс құралдарының киімдерінің және жабдығының түзулігін тексеру.

Саптағы өзінің орның білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға қозғалыс кезінде түзілімді белгіленген аралықты сақтауға саптан (машинадан) рұқсатсыз шықпауға, сапта рұқсатсыз сөйлемеуге және темекі тартпауға өзінің командирінің бұйрықтарымен пәрмендеріне ықылас пен назар аударуға оларды жылдам және нақты басқаларға бөгет жасамастан орындауы керек. Бұйрықтарды, пәрмендерді бұлжытпай қатты және нақты өткізуге міндетті.

Әскери сәлемдесу. Әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру. Бастықтың немесе аға шеңдінің «Сәлеметсіздер ме, мырзалар» деген сәлеміне саптағы не саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер «Сәлеметсізбе» деп жауап береді. Жауаптың соныңда «Мырза» деген сөз бен әскери атағы әскердің не қызметшінің тегі көрсетілмей қосылып айтылады, мысалы: «Сәлеметсізбе кіші сержант мырза», «Сәлеметсізбе мичман мырза», «Қош болыңыз лейтенант мырза» және т.б.

Сап – әскери қызметшілердің бөлімшелердің және бөлімдердің олардың өзара іс – қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарлығымен белгіленген орналасуы.

Қатар - қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында белгіленген аралықты сақтап орналасқан сабы.

Машиналар желісі – машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілеріне қарап тұрған жағы (машиналардың қарсы тұруы).

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама – қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша қызметшілерlің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.

Ара қашықтық - түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің арасындағы аралық.

Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.

Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшінің) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған әскери қызметшіге) дейінгі аралық.

Екі қатарлық сап – бір қатарлы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердін ту сыртына қарай бір қадам ара қашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Қатар - екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери қызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады.

Лек – әскери қызметшілер бір – бірінін ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) бір – бірінін артында жарлығымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.

Жайылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша сызықтың бойында бір қатарлы не екі қатарлы сапта (машиналар сызығында) лектің жарлығымен белгіленген ара қашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімдер, лектер белгіленген ара қашықтықта орналасқан сап.

Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші. Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (машиналар) өздерінің қозғалыстарын реттейді.

Тұйықталушы – лектегі, саптағы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Қарумен әдістерді орындау кезінде қажет болғанда қарудын аты аталады. Мысалы: «автоматты – кеудеге», «Пулеметті - Белдікке». Орындалатын пәрмен үзілістен кейін қатты, буындалып және нық орындау жүргізіледі.

Пратикалық жұмыс - әрбір пәрменді орындау оқушылармен бірге жүзеге асырылады, қимылдың дұрыс, тиянақты орындалуы қадағаланады. «Бауды босат» (тарт)! «Автоматты – кеудеге!», «Қаруды – арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзе!» тәсілдерін орындау кезендері мен пәрмендері, бастыққа келу және одан кету кезіндегі әрекеттер мен пәрмендер.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

Бекіту сұрақтары (Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады және меңгерген тәжірибелерін, дағдыларын орындайды).

Сап және оның элементтері.

Алдын – ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сапта тұру алдындағы және саптағы сарбаздың міндеттері.

5.Оқушылардың білімін бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өту. Оқушыларға сұрақ қоя отырып айтқан жауабына қарай білімдеріне баға қою. Жіберілген кемшіліктері бойынша ескерту жасау.

6.Үйге тапсырма беру.

191 – 197 беттерлді үйде оқып келу.

 

Шаймерденов Қуантай Секенович

Алғашқы әскери дайындық

және дене шынықтыру пәні мұғалімі

ЖББ №30 орта мектеп КММ

Теректі ауылы Қарқаралы ауданы

Қарағанды облысы

Автор: dauke | 18-12-2015, 21:23
Қарау саны: 4414
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :