» » Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру


Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

Жаңаталап орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Аймен Жаналхан қызы

 

«Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру»

 

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – білім беру жүйесінің және барша халықтың міндеті.

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне баса назар аударылуда. Білім беру барысында балалардың тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше мән берілуде.

Бала бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Педагогикалық-психологиялық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және талдау оқыту- тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру үшін халық педагогикасы құралдарын пайдалану қажеттігі мен бүгінгі таңда бұл проблеманың шешімін табу жағдайы арасында қайшылықтардың бар екендігін көрсетіп берді. Бұл жұмыстың тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін адамгершiлiк тұрғыда қалыптастырып, оның өзін -өзi танып, өз төңiрегiндегiлермен, отбасы мүшелерiмен, қоғамдық ортамен дұрыс қатынас құра бiлуi, яғни оны әлеуметтендiрудiң маңыздылығын ескеру қажеттігі туындайды. Ocыған орай оқу-тәрбие үрдiсiнде бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшелiктерiне сәйкес өзiн-өзi тaнyғa, өзiн дамытуға бағыттап, оны ата - аналардың көмегімен отбасында жалғастырган жөн.

Қорыта айтарымыз, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеуге және тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға қол жеткіздік. Біз зерттеу жұмысы барысында бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы мақсатымыз – бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастырудың жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау болды. Ол үшін бастауыш мектепте ұсынылатын білім мазмұнын нақтылап, оқу-тәрбие үдерісінің барысында пайдаланудың жолдарын зерделейміз. Олай болса, бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде халық педагогикасы мұраларын қолдану жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, психикасының дұрыс қалыптасуына оң ықпал ететініне сеніміміз мол.

Біздің пайымдауымызша, бастауыш мектепте ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті меңгерген мінез-құлық дағдылары қалыптасқан, тәрбиелі тұлғаны қалыптастыру үшін, оның рухани байлығын жетілдіру үшін бастауыш мектептен бастап көңіл бөлу керек. Себебі адам өсіп кеткен соң, оның бойына ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіру, ұлттық сана-сезімді, мәдениетті, тілді қалыптастыру өте қиын. Ал, бастауыш мектеп шағында бала жарқын эмоционалды өте күшті өмір сүреді. Сондықтан, ұлттық тәлім-тәрбиені оқушының әр түрлі іс-әрекет барысында қалыптастырылуын қарастырып, (ойын, еңбек, сабақ) оның негізгі құралы ретінде халық педагогикасы материалдарын пайдалану қажеттігі көзделеді.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерi халық педагогикасының құралдары табылады. Баланың қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы тұлғасын дамыту - жауапты да күрделі міндет, оны іске асыру баланың сәбилік кезінен бастап, қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрін, өнерін бастауыш мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаланылып, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде жүйелі түрде жүргізуді қажет етеді. Қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалана отырып баланы өз тілінде сөйлеуге, ізгілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке баулу, эстетикалық сезімін оятып, өмірдегі жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата, сезіне білуге үйрету, ойлау, сөйлеу, қабылдау процестерін дамытуға баса назар аударылады. Тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да оның ішкі жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастырады.

Бастауыш сыныптың табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер білім ұясы саналатын мектептен көп қызық дүние, үлкен жаңалық күтеді. Мектеп жасындағы балалар үшін мұғалімнің айтқанының бәрі заңды, бәрі орындалуға тиісті жағдайлар болып саналады. Бұл жастағы балалар сенгіш, тіл алғыш, қоршаған ортадағы өзін қызықтыратын нәрселерге, іс-әрекетке еліктеушілігі басым және оларға араласуға ынталы болып келетін әсерленгіш қасиеттері мен есте сақтау қабілетінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сол себепті бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген жөн.

Қазіргі таңда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:

–тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру бойынша адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына кіріктіру;

–сыныптан тыс сабақтарды баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру;

–жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына еңгізу.

Бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастыруда халық педагогикасы материалдарымен таныстыру, оларды тыңдағанын қайта әңгімелеп беруге, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды мәнерлеп айтуға үйрету мен сөздік қорларын байыту, сөздік шығармашылықтың бастапқы формаларын дамыту мен адами ізгілік қасиеттерді, психикалық процестерді жетілдіру жөніндегі жұмыс төмендегі жеке тұлғанының қалыптасу мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі. Оған:

- халық педагогикасының асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілерін тыңдай білу;

- бейнелеу құралдарын (сахналау, кейіптендіру, диалог, кестелі-модельдер, т.б.) ойында қолдана отырып, шығарманы мәнерлеп, белгілі бір жанрмен орындауға үйрету, сөздік қорларын дамыту;

- ұлттық ойындарды түсініп, қызыға ойлануға баулу;

- ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ажырата білуге;

- әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді түсіну;

- алған білімдері мен іскерлік-дағдыларын оқушының өзі атқаратын іс-әрекетте, өмірде қолдануға үйрету.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды негiзге ала отырып, халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың мүмкіндіктерін ашып көрсетуге болады: қазақ этнопедагогикасындағы бiлiмнiң мазмұнын жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы меңгертіп, халықтың мұрасымен тереңiрек таныстырып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.

Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының, сезімдерінің бірлігіне сүйенсе, тек сол жағдайда ғана белгілі бір тұлғалық қасиет қалыптасады. Сондықтан тұлғалық қасиет қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-әрекетінен, оның интеллектісіне, жігеріне, эмоцияларына ықпал етуден тікелей тәуелді.

Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі тәрбиелеу тақырыбындағы әңгімелер, әдеби-музыкалық композициялар, «Қарым-қатынас мәдениеті», «Құқық пен міндеттер бірлігі» типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.

Тұлғаның жеке бастық және рухани қасиеттері:

-денсаулық

-адалдық

-қайырымдылық

-кішіпейілділік

-алғырлық

-шыдамдылық

-тапқырлық

-өжеттік

-батылдық

-еңбексүйгіштік, т.б

Тұлғаныңәлеуметтікқарым-қатынастыққасиеттері:

-белсенділік

-жауапкершілік

-ұстамдылық

-жолдасдыққаберіктік

-ұжымшылдық

-шынайылықжәнет.б.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын мәдениет тарихын Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын көреміз. Осы тұрғыда, тәрбие туралы ой-пікірлер айтқан Орта ғасыр ғұламалары: Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген классик ақындар мен ағартушы ғалымдар: Абай, Шоқан, Ыбырай одан бертін келе қазақтың зиялылары: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.Педагогикалық теория мен тәжірибенің бірден-бір күрделі және негізгі мәселесі – жеке адамның белгілі жағдайда дамуы. Сол себепті жеке адам мәселелері жас ерекшелік физиологиясы мен анатомиясы, әлеуметтану, педагогикалық психология, әлеуметтік психология тәрізді әрқилы ғылымдар арқылы зерттеледі. Ал, қандай да болмасын жеке тұлға белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтік негіздерін халық педагогикасы мен ұлттық психология қарастырады.

Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог, ғалымдар: Ә.Алдамұратов, С.Балаубаев, Қ.Жарықбаев Т.Тәжібаев, А.Темірбековтердің психологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде ғылыми теориялық және әдістемелік еңбектері жарық көрсе, ғалымдар Г.А. Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова, т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады.

Қорыта айтарымыз, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеуге және тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға қол жеткіздік. Біз зерттеу жұмысы барысында бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтаудағы мақсатымыз – бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастырудың жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау болды. Ол үшін бастауыш мектепте ұсынылатын білім мазмұнын нақтылап, оқу-тәрбие үдерісінің барысында пайдаланудың жолдарын зерделейміз. Олай болса, бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде халық педагогикасы мұраларын қолдану жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, психикасының дұрыс қалыптасуына оң ықпал ететініне сеніміміз мол.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1Қожахметова Қ. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. –Алматы, 1997. – 242 б.

2Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.

3Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. – 140 б.

4Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001. – 320 б.

 

 

 

Автор: dauke | 12-01-2016, 20:01
Қарау саны: 6061
    
Жарнама

Пікірлер -
10


Қолданушы offline seobrigmr - 20 қаңтар 2016 00:36
Я думаю, что Вы допускаете ошибку. Могу это доказать.

---

приститутка омск дешевая 1000 и амариллис омск
--------------------
цена аморалис омск а также букеты к 14 февраля из цветов

vinitah - 29 қаңтар 2016 03:34
Я присоединяюсь ко всему выше сказанному. Можем пообщаться на эту тему.

---

Свадебная видеосъемка тут

как мило вы говорите

---

Праздничные услуги в белгороде тут

abryCub - 25 ақпан 2016 02:33
По моему мнению Вы не правы. Пишите мне в PM, пообщаемся.

---

Современная стоматология тут

По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM, обсудим.

---

Портал для ординаторов тут

waathropbeda - 2 наурыз 2016 05:42
Я конечно, прошу прощения, но этот ответ меня не устраивает. Может, есть ещё варианты?

---

Всероссийский конкурс детского творчества здесь

cafyRek - 16 наурыз 2016 04:29
Абсолютно с Вами согласен. В этом что-то есть и мне нравится эта идея, я полностью с Вами согласен.

---

Сауны тут

Қолданушы offline licanPl - 12 сәуір 2016 11:08
По моему мнению, Вы на ложном пути.

---

Сеть салонов красоты Амстердам здесь
--------------------
Сеть салонов красоты здесь

inrocgedo - 6 мамыр 2016 23:53
Конечно. И я с этим столкнулся. Давайте обсудим этот вопрос.

---

Лучшие окна пвх москва тут

Қолданушы offline moinfesbiah - 13 маусын 2016 04:36
Ваша фраза великолепна

---

Лицензия на сбор и транспортировку тут
--------------------
Получить лицензию на сбор здесь

Қолданушы offline verleftMn - 25 маусын 2016 23:25
Я извиняюсь, но, по-моему, Вы ошибаетесь. Давайте обсудим это. Пишите мне в PM.

---

Лазерная эпиляция в Киеве тут
--------------------
Эпиляция лазерная Киев тут

Қолданушы offline sporifMurl - 26 маусын 2016 01:28
Мне кажется это блестящая фраза

---

Оборудование минск здесь
--------------------
Отделочные материалы в минске здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :