» » И.Крылов.Ат пен есек


И.Крылов.Ат пен есек

№31 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ КЛАСС МҰҒАЛІМІ

НУРМАГАМБЕТОВА АСЕМГУЛЬ ТУГЕЛБАЕВНА

Пәні

Қазақ әдебиеті

Класы

2 в

Тақырып:

И.Крылов.Ат пен есек

Мақсаты:

Мысалдың мазмұнымен таныса отырып,автордың айтар ойын ұғыну,мысалға талдау жасауға баулу,оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіру,жинақтау,жеке ерекшеліктерін ескере отырып,сыни ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Мысалға талдау жасай алады,түсініп оқу дағдысы қалыптасады,рөлдерге бөліп,мысалды сахналап көрсетеді,өз ойларын жеткізе алады,сыни ойлауға бейімделеді.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

1. "Мен өзімді теңеймін" психологиялық тренингі

өткізіледі.

2.Топқа бөлу .

Топқа бөлу үшін оқушыларға төлдердің суреттері бар кеспе қағаздар таратылады.

Үй тапсырмасын тексеру

1."Сіз білесіз бе?" тренингі арқылы үй тапсырмасын тексеру

2.Суға шомылу ережесін құрастыру

3.Өз қиялынан туған ертегіні оқу.

 

Оқушылар өздерін негежәне неліктен теңейтінін айтып шығады.

Оқушылар болып, "Қошақандар","Ботақандар","Құлыншақтар"

"Бұзауқандар" болып топтастырыла отырып,олардың барлығы үй жануары екендігін,оларды көлік ретінде пайдаланатынын,сүтін,етін пайдаланатынын айтады.

Оқушылар үйден жинақтаған акула балығы туралы қызықты мағлұматтарын айтады

Сіз білесіз бе? Қазір акуланың 350-дей түрі бар

-Сіз білесіз бе? Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған.

-Сіз білесіз бе? Акуланың денесінің ұзындығы 15-см-ден 20 м-ге дейін,ал салмағы 14 т-ға дейін барады.

-Сіз білесіз бе? акуланың бауырынан май,етінен тағам,қаңқасынан желім жасалады.

-Сіз білесіз бе? акула 1000 л суда ерітілген 1 г қанды сезе алады.

-Сіз білесіз бе? Осы уақытқа шейін зерттеушілер акулалардың көздері нашар көреді деп келді.Ал соңғы зерттеулер акулалардың көздері әр бағытта әртүрлі және жақсы көретндігіне көз жеткізген.

Кеспе қағаздар

слайд

Қызығушылықты ояту

"Болжау стратегиясы"

Балалар,сендер тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Олар туралы не білесіңдер?

Бұл жерде қандай оқиға болып жатуы мүмкін?

Бұлар не туралы сөйлесіп жатулары мүмкін?

Оқиға немен аяқталуы мүмкін?

Олай болса,балалар,біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін.

-Дұрыс,балалар,олай болса,бұл оқиғаның немен аяқталатынын білу үшін И.Крыловтың "Ат пен есек" мысалымен танысамыз.

-Балалар И.Крылов туралы не білесіңдер. Оның тағы қандай мысалдарымен танысып едік? Оның мысалдарына кімдер аударма жасаған еді? Ал Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?Оның қандай аудармаларын білесіңдер.

Оқушылар сурет бойынша болжам жасайды.

-Суреттен есекті,атты,адамды көріп тұрмыз

Ат иесімен келе жатып құлап жатқан есекті көруі мүмкін

Көмек көрсетуі мүмкін

Ат пен иесі есекті құтқаруы мүмкін.

-Ат пен есек туралы

 

-Аттың ендігжағдайы (болжау)

 

Оқушылар автор мен аудармашы туралы білетіндерін еске түсіреді.

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маркер,А-3 парақ

Мағынаны тану

(15 минут)

Оқулықпен жұмыс.

Мысалды үнтаспадан тыңдату.

-Оқушылар бұл неліктен мысал ?(Мысал айтатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін,көбіне өлең түрінде келетін шағын көлемді шағын шығарма.)

Мұнда қандай кейіпкерлер бар?

Олар қандай кейіпкерлер?

Мысалды тізбектеп оқыту

Мысалды рөлге бөліп оқыту.

Мысалдан қандай ой түюге болады? Мысал мазмұнына сәйкес келетін қандай мақал айтар едіңдер?

Сергіту сәті

"Алты телпек" әдісі

 

Мысалды үнтаспадан тыңдайды.

Мысалды хормен оқиды

Мысалды рөлге бөліп оқиды.

Өзімшіл болмау керек,досыңа қайырымды болу керек, досыңа көмектеспесең,өзің де қиын жағдайға қалуың мүмкін.

Үш шапалақ

 

 

 

 

 

 

 

Ақ түс-жаңа ақпарат

Қызыл түс-сабақ уақытындағы ішкі сезім.

Қара түс-қиындық келтірген тұстар.

Сары түс- қуанышты тұстар

Жасыл түс-жаңа идеялар тудыратын шығармашылық ойлар

Көк түс-сабақты қорытындылау

 

 

Үнтаспа,оқулық

 

 

 

 

Ой толғаныс

 

Әр топқа әр деңгейлі тапсырма беру

1-топ "Егер,бәлкім,сондықтан" сөздерін пайдаланып,зерттеушілік әңгіме құрастыру

2-топ "Т" кестесі әдісі (кейіпкердің біріне мінездеме беру)

3-топ Кейіпкерлердің біріне хат жазу.

4-топ: Тәкаппар аттың үндеуі

Білуге деген құштарлық,бірін-бірі қолдау

Оқушылар мақал айтады.

Оқушылар та пен есектің пайдасы мен зиянын жазып,айтады.

Кеіпкердің біріне хат жазады.

Оқушылар алты телпек әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

 

Бағалау

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

1. Үй тапсырмасына дайындығы

2. Болжам жасай алуы

3. Мысалды мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіне алады

4. Шығармашылық тапсырма

5. Өз ойын еркін жеткізе білуі

Досыма хат әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Қорытынды.Рефлексия.

"Мен қандаймын? Ол қасиетті бүгін кімнің бойынан көріп тұрмын? Оқушылар сабақ барысында достарының бойынан көрген жақсы қасиеттерін айтып, класта жағымды ахуал қалыптастырады.

Қосымша тапсырма

Үйден мысалды жаттап,қойылым дайындап келу.

Ілмек сөздер: ат, атпен есек, есек, И.Крылов
Автор: dauke | 28-01-2016, 20:00
Қарау саны: 5550
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :