» » Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. Жүріп өткен қашықтықты табу.


Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. Жүріп өткен қашықтықты табу.

 

Ақтөбе қаласы

№31 қазақ орта мектебі

Муратова Гүлзия Сергейқызы

Мектебі: №31 ҚОМ

Пән мұғалімі: Муратова Г.С

Пәні: Математика. Класы: 4.

Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. Жүріп өткен қашықтықты табу.

Сабақтың мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс туралы қалыптастырып,қозғалыс бағыты жөнiндегi түсiнiктердi жалпылау, жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы байланысқа есептер шығаруға үйрету.

Танымдық,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа баулу.

Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: АҚТ, СТО

Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта, кестелер, плакаттар,логикалық тапсырмалар,тақырыпқа байланысты слайдтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , бейнелеу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі .Кестедегі өрнектердің мәндерін табу. Тақтадағы өрнектердің жауаптарымен тексеру. Өзін-өзі бағалату.

Психологиялық дайындық. Плакатқа әр түрлі фигурада (стикер) орналастыру.Не себепті орналастырғандығы туралы айтылады. Мысалы: Күн-Күніміз шуақты болсын!

II.Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ шешу. Әріптердің арасынан сөздерді табу.

НГШАЧЕЖЫЛДАМДЫҚЕНТИЯЛУАҚЫТФЭЖЪЩЗПАҚАШЫҚТЫҚЙЦУКЕНГ

Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық.

III.Жаңа сабақты меңгерту. Тақырыбы: Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. Жүріп өткен қашықтықты табу.

1. Инт.тақтамен жұмыс жүргізу.

1-слайд. Суретте нелер бейнеленген? Қандай әрекет етуде? Суретпен жұмыс жүргізу.

2-слайд.Қозғалыстағы денелердің 1сағатта жүріп өтетін қашықтықтарын айқындау, кесінді түрінде сызу.

3-слайд.Қозғалыстағы денелерді салыстыру.

Қорытынды:1сағатта жүріп өтетін қашықтығын жылдымдық деп атайды.Жылдамдықты V-мен белгілейді, өлшем бірліктері қысқаша км/сағ, м/мин, м/сек. деп жазады.Жүрген уақытты - t, қашықтықты -S деп белгілейді.

2.Оқулықпен жұмыс.

№.3. Мотоциклші қандай әрекет орындауда? Ол қозғалыста ,жүріп келеді.

 

 

Мотоциклші 60км/сағ жылдамдықпен сағат сайын бірдей қашықтықта жүріп 3сағатта неше км жол жүреді?Кесіндімен кескіндеп көрсете отырып, түсіндіріп,шығару жолын анықтау.

60км/сағ 60км/сағ 60км/сағ

.----------------------------------.-------------------------.-----------------------------.

1сағат 1сағат 1сағат

Қысқаша жазылуын көрсету. V= 60км/сағ t = 3сағ. S= ? S= V х t Ереже шығарту.

Қашықтықты табу үшін жылдамдық пен уақытты көбейтеміз.

S= 60км/сағ х 3сағ. =180 км.

 

Топтық жұмыс. № 4 Дәптерлеріне, тақтаға орындайды.

Қорытындыжасайды: қозғалыс жылдамдығы мен уақыты белгілі болса қашықтықты табу үшін жылдаидық пен уақытты көбейтеді.

 

 

 

 

Кестені интерактивті тақтада орындату.

Қозғалыстағы дене

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Жеңіл машина

90 км/сағ

2 сағ

? км

Ұшақ

900 км/сағ

2 сағ

? км

Жүк машинасы

80 км/сағ

2 сағ

? км

Бірдей уақыт аралығында жылдамдық артса, қашықтық та артады. Жылдамдық кемісе қашықтық та кемиді.

№7.Танымдық қабілетін арттыру. Оқулықтағы суретен жұмыс. Әр дененің жылдамдығын анықтау. км/сағ,м/мин, км/сек, км/сағ.

Шығармашылық тапсырма. Анықталған жылдамдықтарды пайдалана отырып, сурет бойынша есеп құрастыру, есептің шартын жаздыру, шешуін табу, жауабын жазу.

Cергіту сәті. "Сиқырлы қалпақ" музыка әуенімен сиқырлы қалпақтар оқушыларға таратылады.

№8. Есепті шығар. Мәтінді есепті оқыту, талдату,сұрақты анықтау.

20км /сағ- 4сағ

70км/сағ- 3сағ

Барлығы-? S= V х t .S=20км /сағ х4сағ+70км/сағ х 3сағ =290 км

900 км /сағ- 2сағ

200 км /сағ -3 сағ

Барлығы-? S= V х t .S=900 км /сағх 2сағ + 200 км /сағ х3 сағ=780 км.

Сабақты бекіту.Логикалық тапсырмалар орындату.

Сабақты қорыту. Таратылған сиқырлы қалпақтар иесі болған оқушылар сабақты қорытады.

Эдвард де Боно "6 ойлау қалпағы”

Мақсаты: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің "ойларын жеткізу"

Ақ (ақ бұлттар) –жаңа ақпарат.

Қызыл (от) – сабақ уақытындағы ішкі сезімін білдіру

Қара (тұман) – қиындық келтірген тұстар

Сары (күн) – қуанышты тұстар

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру №9 76-бет.

Бағалау.

 

 

 

Автор: dauke | 28-01-2016, 21:35
Қарау саны: 15280
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :